Ауылға несие несібе енгізе алды ма?

Ауылға несие несібе енгізе алды ма?

Қай кезеңде болса да ауыл еңбеккерлері қаржылай қолдауға зәру. Дүниежүзі елдерінің бәрі ауыл шаруашылығын жеңілдетілген несиелер мен қайтарымсыз субсидиялармен қамтамасыз етіп келе жатқанын аңғаруға болады. Бүгінде ел үкіметі аталған салға барынша қолдау көрсетуде. Енді солардың біразын саралап көрсек.
Субсидия алу – оңтайланып келеді
Қазақстан Кедендік одаққа мүше болғаннан кейін еліміздің ет экспортын арттыру міндеті бірінші орынға шыққаны белгілі. Қазір бұл бағытта мал өсіруге бет бұрған шаруаларға мемлекет бірқатар көмек ұсынуда. Таяуда ауыл шаруашылығы саласына қатысты жауапты тұлғалардың бас қосуында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өндеу департаментінің директорының міндетін атқарушы Еркебұлан Ахметов елімізде құс пен мал басының өсімі бойынша оң өгерістер орын алып жатқанын қуана жеткізгенді. Біз бұл ретте Ахметов мырзаға тікелей хабарластық.
– Бүгінде мемлекеттің ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін қолдау шаралары мен арнайы салалық бағдарламалар ауылдың ажарын кіргізіп келеді. Министрлік мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға мемлекеттік қолдаудың бағыттарын жыл өткен сайын кеңейтуде. Мәселен, қазір шаруалар техника мен құрылғыларды сатып алуға, бордақылау алаңдарын, құс фабрикаларын, ет комбинаттарын, құрамаазық өндіру зауыттарын салуға жұмсаған инвестициялық шығындарын 50 пайызға субсидия алатын мүмкіндікке ие. Жыл сайын субсидиялау көлемі артып, оны алу механизмдері жетіліп келеді, – деді ол.
Бұдан басқа қой мен жылқы шаруашылығымен және сүт өндіру ісімен айналысуға ден қойған шаруаларға жаңа несиелік өнімдер ұсынылғанын да айта кетуіміз керек. 2014 жылдан бастап «Аграр несие корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне «Алтын асық» бағдарламасы бойынша қойларды сатып алуды, «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы шаруашылығын дамытуды және жайылымдарды суландырудың инфрақұрылымы құрылысын несиелендіру бойынша жаңа үш бағытты жүзеге асыра бастады. Несиенің жылдық пайыздық үстемесі 14 пайызды құрайды. Корпорация шаруалардың несиені мақсатты түрле жаратуын басшылаққа ала отырып, оның 4-7 пайызын субсидиялауды көздеп те отыр. Бұл шаруалар үшін қолайлы несие болмақ.
Елбасы ескертуі назарға алынды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, таяуда Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агробизнес – 2020» бағдарламасына бірқатар түзетулер енгізді. Өзгертулер негізінен аймақтардың мамандандыру схемасын енгізу, суармалы су және тұқым субсидиялаудың механизмдерін қамтыды. Үстіміздегі жылдан бастап ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологиясын енгізуді ынталандыру үшін су беру бойынша қызмет құнын дотациялау механизмін жетілдіру ұсынылып отыр.
Атап айтқанда, суармалы судың текше метріне берілетін субсидия мөлшерін есептеу әдісі қайта қарастырылып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді сумен қамтамасыз ететін су берушілерге қызмет құнын субсидиялауы ұсынбақшы. Субсидиялау үшін басымды инвестициялық бағыттар анықталды. Олардың қатарын: интенсивті және отбасылық бау-бақшалар, машина-тракторлық қор, астық сақтау қоймалардың құрылысы, жеміс-көкөніс сақтау қоймалары мен жылыжай, қайта өңдеу кәсіпорындарын реконструкциялау және кеңейту істері еніп отыр.
Несие түрін арттыру қажет
Бүгінде ауылдағы шаруаларға несие беруде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жұмыс істеп келеді. Қор Қазақстандағы ислам қаржыландыруы бойынша шағын несие бере бастаған бірден-бір ұйым екенін айта кетуіміз керек. Бүгінде қор ауыл тұрғындары мен шағын ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің несие ресурстарына қолжетімділігін арттыруды, шағын несие инфрақұрылымы мен кәсіпкерлікті дамытуды басты мақсаттарына айналдырған.
Қаржы институтының несие қоржыны 2014 жылғы 1 қаңтарда 37,8 млрд. теңгені құрап, белсенді қарыз алушылардың саны – 19 395 адам жеткенінен ауыл шаруашылығын несиелендіру ісінің қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады. Ендігі кезекте «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» ауыл халқына ұсынып келе жатқан несиелеріне аз-кем тоқталсақ. Қор 2013 жылдан бастап «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 2 бағытына аймақтық уәкілетті ұйым ретінде қатысуда. Несиелерді сауда саласындағы қызметін жүзеге асырудан басқа, өз ісін ұйымдастыру және ұлғайту, айналым капиталын арттыруды көздеген ауылдық еңбеккерге өз өнімдерін ұсынып келеді. Қарыздар 4,5 жылға дейін мерзімге, 6 пайыздық жылдық үстемемен беріліп жатыр екен. Ал несие сомасы – 3 млн. теңгені құрайды. Несие алушының жылжитын және жылжымайтын мүлік болса болғаны.
Қордың табысты өнімдері ретінде 2005 жылдан бері қолға алынған «Ауылдық шағын несие» бағдарламасын атап айтуға болады. Шағын несие тұрмыс деңгейін жақсартуға тырысқан ауыл тұрғындарына берілді. Шағын несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру кезеңі бойынша ауыл тұрғындарына 18,1 млрд. теңгеге 66 868 шағын несие бөлінген. Оның ішінде өткен жылы жалпы құны 189 млн. теңге болатын 206 шағын несие өз иесін тапты. Қор үстіміздегі жылы бағдарлама бойынша шағын несиелеуді тоқтатқанын айта кетуіміз керек.
Ауыл кәсіпкері тұрмысың түзу ме?
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікті дамыту – өзекті мәселелердің бірі. Ауылдық жерлерде осы салаға қатысты шағын несиелеу жұмыстары жыл сайын жаңаша сипат алып келеді. Тәжірибе көрсеткендей, шағын несие экономикалық жағынан өте тиімді. Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде шағын шаруа қожалықтары 80 пайыздан асады. Малдың да 80 пайызға жуығы жеке шаруалардың меншігінде. Шағын кәсіппен айналысатын шаруалардың саны, қаладан гөрі ауылдық жерлерде көп.
Бұл ретте біз «Кенжебай» шаруа қожалығының басшысы Кенжебай Нұрғалиевтің пікірін білген болатынбыз:
– Банктер ауыл тұрғындарын қаржыландыруға аса құлықты емес. Сондықтан шағын несиеге ауыл тұрғындары көбірек мұқтаж. Әдетте ауыл тұрғындары қолға алған кәсіптің басым көпшілігі әр аймақтың климаттық ерекшеліктеріне байланысты болады. Мәселен, оңтүстік өңірлерде жылыжай салу қарқынды дамуда. Жалпы, несиенің 80 пайызы мал шаруашылығына – мал сатып алуға, оны өсіруге, бордақылауға жұмсалады. Соған қарамастан, ауыл шаруашылығын әртараптандыру мақсатында кәсіпкерлерге басқа салаларды да дамытудың маңызы зор. Атап айтсақ, балық өнеркәсібі, құс шаруашылығы, жылыжайларды дамыту, қызмет көрсету, шаштараз, тамақ өнімдерін дайындау секілді бизнесті қолға алдық. Осындай жайттарды ескере отырып атқарушы билік ауыл еңбеккерлерін қолдау шараларын мейлінше күшейте түсуі керек деп есептеймін, – дейді кәсіпкер.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында: «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады», – деген болатын. Сондай-ақ, Елбасы шенеуніктерге ауылшаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлерге жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жоюды тапсырған болатын. Расында да, ауылшаруашылық саласын несие алып, дамытуда болсын, ешқандай кедергі болмауы тиіс.
erkindik.kz сайтынан алынған
(Түпұсқадағы тақырып: Ауыл адамы: несие несібе бола ма?)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста