Ауылға барып жұмыс істейтін мамандарды әлеуметтік қолдау күшейеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Ол үшін Үкімет арнайы бұйрық әзірледі.
Құжатқа сәйкес, оларға берілетін көтерме жәрдемақы 345 мың теңге болады.
Одан өзге, биыл тұрғын үй сатып алуға берілетін кредит 5 млн теңге болса, енді оның сомасы 8 млн 600 мың теңгеге дейін өседі.
Бұл өзгерістер келер жылдың қаңтарынан күшіне енеді.