Ауыл экономикасы: «Тәтті» – тоғыз жолдың торабы

Қазақстан 2009 жылы ұзындығы 2787 км болатын Қорғас, Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда және Ақтөбе арқылы өтетін «Батыс Европа - Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылысын бастады. Жалпы құны 800 млрд. теңге тұратын жобаның негізгі мақсаты Қазақстан арқылы өтетін транзиттік автомобиль коридорын салып, оны 2016 жылы аяқтау. Мемлекеттік бағдарламаларда магистраль бойында орналасқан елді мекендерде қосымша жұмыс орындарын ашу қарастырылан. Сонымен қатар осы магистраль бойына жатпайтын, бірақ аймақтық маңызы зор, жол торабында орналасқан ауылдар бар. Соның бірі Жамбыл облысы, Мерке ауданы, «Тәтті» ауылы.


«Батыс Европа – Батыс Қытай» автомобиль транзиті «Тәтті» ауылы арқылы өтпейді және Оңтүстіктен Солтүстікке баратын тікелей жол торабы бола алмайды. «Тәтті» ауылы арқылы өтетін тас және темір жолдары өзінің аймақтық маңыздылығын жоймайды. «Тәтті» ауылынан 50 шақырым жерде аса ірі Шу жол торабы бар. Ауыл – Шу жол торабына ең жақын тас және темір жол, газ тасымалдайтын құбыр өтетін, ауыз су ресурсы бар бірден бір елді мекен.
Тәтті арқылы Түрксіб темір жолы және Тараз – Алматы, Тараз – Қарағанды автомагистралі өтеді. Ауыл Луговой-Шу темір жолы және Меркі-Шу тас жолы бойында орналасқан. Ауыл арқылы Орта құм және Сарғобы мал жайылымына өтетін тас жол бар.


1930 жылдары осы «Тәтті» колхозы орналасқан тұстан Луговой-Шу темір жолы салынып, пайдалануға берілді. Темір жолды салған жылдары скважина арқылы ауыз су шығарылған. Бұрын қолмен қазылған құдықтардағы суды пайдаланып келген жергілікті халық скважина суын тәтті екен деп атап кеткен. Осы сөзден «Тәтті» ауылының атауы пайда болған.
«Тәтті» – Жамбыл облысы Меркі ауданының орталығынан солтүстікке қарай 41 шақырым жерде, Қызтоғансай өзенінің Қорағатыға құйылар сағасында шөптесін өскен шалғынды сұр топырақты қуаң далада орналасқан ауыл, темір жол стансасы. Ауылдың табиғаты ерекше. Суы тәтті. Жазы бас айналдырар аптап ыстық. Қысы қатты, азынаған суық. Мойынқұм құмдарымен шекаралас.

1962 жылы алты колхоз бірігіп, «Тәтті» қой совхозы құрылған. Оның директоры болып Ыдырысов Қайсарбай бекітілді. Ауыл 1962-1997 жылдары өзімен аттас қой өсіретін кеңшардың орталығы болып келді. Қой шаруашылығы болғандықтан қысы құмда, жазы тауда тауқыметі көп жұмыстар істелінді. Аудан орталығынан ауылға байланыс жүйелері, радио, телефон тораптары бірден жеткізілген. 70-80-жылдары ауыл құлпырып, гүлденді. 700 балаға арналған үш қабатты мектеп, зәулім мәдениет үйі, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 110 орындық машина алаңы, 150 автокөлікке арналған автотұрақ, машина-трактор жөндейтін шеберхана, байланыс бөлімшесі, мекемелер, жас отауларға арналған үйлер, шопандарға, жұмысшыларға өкімет тарапынан баспаналар салынған. Ешкім баспана сатып алу дегенді білмейтін. Тіпті жас мамандар да жаңа үйге ие болып жататын. 1970 жылдары «Жамбылводстрой» трестінің ұжымы ауылда су қоймасын салды. Сонымен жем-шөп мәселесі едәуір алға басты. Тасөткел су қоймасы құрылысы қолға алынып, шаруашалықтың 650 га егістік жері суландырылды. Көшеге жүргізетін 16 км су құбырының жобасы іске асқан.
«Тәтті» ауылын 30-жылдан астам абыроймен басқарған, ел құрметіне бөленген, «Қазақ ССР ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер», Октябрь революциясы, екі Еңбек, Қызыл Ту, Құрмет белгісі, Қызыл жұлдыз ордендерінің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері Қайсарбай Ыдырысұлы.


1970-80 жылдары шаруашылықта 40 мыңдай қой, 2500 бастай ірі қара малы, 500 бастай жылқы, 70 бастай түйе малы болған. 1980 жылдардың ортасында ауылға бұрынғы Орал, қазіргі Батыс Қазақстан облысына «Анкета» асыл тұқымды мал зауытынан 320 бас ет бағытындағы Қазақтың ақ бас ірі қара құнажыны, Қызылорда облысынан асыл тұқымды қос өркешті 60 бас түйе, Шымкент облысы, Созақ ауданы, «Тасты» асыл тұқымды мал зауытынан 100 жылқы іріктеп әкелінген. Осының барлығы сол кездегі басшы мамандардың істің байыбы, шаруаның бағытын жетік білгендігінде. 1978 жылы ауылда тамаша өнім, әр гектардан 22 центнер астық алынған. Совхоз бойынша астықтың жалпы өнімі 20 мың тонна құрады. Беларық бөлімшесінде 1000 бастық сауын сиыр фермасы ашылып және кейін Ленин жолы ауылынан ірі қараға арналған мал қоралар салынған. Ауылдың әлеуметтік жағдайы, экономикасы күрт жоғарылай бастаған. Осы жерде салыстырып, айта кететін жай 2012 жылдың қорытындысы бойынша бүкіл Мерке ауданы көлемінде 26-ақ мың тонна астық жиналған.
Аталған артықшылықтар осындай маңызды жол торабында орналасқан ауылда қосымша жұмыс орындарын ашуға толық мүмкіндік береді. Бұған «Тәтті» ауылының инфрақұрылымдық дайындығы бар және барлық елдерде кездесетін жағдай, ауыл экономикасы әлеуметті жәрдемге, мемлекет қолдауына зәру.

Ләззат Сейтқазықызы СПАНКУЛОВА,
экономика ғылымдарының докторы, профессор
Нархоз Университеті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста