Атыраудағы жүн өңдеу фабрикасына жергілікті қой жүндері сәйкес келмей тұр

Атыраудағы жүн өңдеу фабрикасына жергілікті қой жүндері сәйкес келмейді. Былтыр «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында іске қосылған «Caspiy Lana Atyrau» серіктестігі шикізатты басқа өңірлерден әкелуге мәжбүр.

Енді атыраулық атқамінерлер шаруаларға төлдің еті мен жүнін бірдей пайдаға жарату үшін биязы жүнді қой өсіруді ұсынып отыр. Базаргүл Нәдірқызы тарқатады. Бұл кәсіпорында жүнді тазалайды, өңдеу арқылы дайын өнімге жеткізетін ел аумағындағы жалғыз, бірегей орын. Мұнда жылына 350 тонна қой және 150 тонна түйе жүні өңделеді. 400 мың метр дайын түрлі жамылғылар шығаруға қауқарлы. Болашақта табиғи таза жүннен тоқылған маталардан киім тігу де жоспарланып отыр. Мынадан көп қалдық шықпайды мұнда. Біз тек мынаны бірден жуамыз да, өңделуін қазір көрсетем. Ал, мынау қойдың биязы жүні. Фабрикаға нағыз қажетті шикізат. Ол Ақтөбе, Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарынан әкелінген. Ал атыраулық қойдың жүні жарамай тұр, дейді фабрика бастығы. Жүні қатты, әрі түбіті аз, сорттаған кезде қалдығы көп, өңдеуге келмейді. Бірақ оған көрші елдерде сұраныс бар. Сондықтан жуып, экспорттайды. Назгүл Есмаханова, фабрика директоры: Жуылған жүн де шикізат болып саналады, оған да сұраныс бар. Ресей, Беларусь халықтарында сұраныс бар. Болашақта жүндерді қырықтық басталғанда, бір жерден жиналатын қылып, әр ауданда жүн жинау пунктін ашуға жұмыс жасап жатырмыз. Атырауда қара қойдың 438 мың басы бар. Оның әр қайсысынан 2 келі жүн қырқылса, жылына 1 мың тоннадан астам жүн жиналады. Ал бұған дейін шаруалар жүнді қайда жіберерін білмей дал болды. Қызылқоға ауданына барар жолдың бірнеше шақырымына батпақты болмас үшін де төселіп келді. Серік Сәрсекенов, Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: Қылшықты, ірі қылшықты жүндерге де сұраныс көп артпағандықтан, кейбір түрлерін шаруашылықтардың өз мұқтажына пайдаланбай, лақтырып та тастады. Кәсіпкерлерге 25-30 теңгеге сатып отырды. Оның 25 теңге 1 келі жүнін сатқаннан гөрі, қойдың жүнін қырқудың өзі 100-200 теңге шығады. Тиімсіз болып тұр. Базаргүл Нәдірқызы, тілші: Енді жергілікті билік шаруаларға нарық сұранысына сай ақ түсті биязы жүнді қой өсіруге кеңес беріп отыр. Ал үкімет жартылай биязы жүннің келісіне 100 теңге көлемінде субсидия бөлмек. Қазір фабрика қой жүнінің келісін сапасына қарай 80-250 теңге аралығында, түйе жүнін 300-500 теңге аралығында сатып алып отыр. Ал шетелде таза жүннен жасаған өнімге сұраныс жоғары. Мысалы, түйе жүнінен тоқылған жамылғы Италияда 1 мың еуроға бағаланса, Маңғолияда - 60, Ресейде 40 мың теңгеден кем емес.

astanatv.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста