Күн сайын көлік прокуратурасы органдарының мобильдік топтары кәсіпкерлердің өтінішін қарайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Атырау көлік прокуратурасы осындай хабарламалардың бірін қараған кезде кәсіпкердің артық төленген кедендік және салық сомасын қайтару туралы өтініштерін қанағаттандырудан негізсіз бас тарту фактісін анықтаған. Осылайша, кәсіпкер бірнеше ай бойы фискалды органнан, екі жыл бұрын күшін жойған нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасалған, қанағаттандырудан бас тартылған жауап алған.
Прокуратураның араласуынан кейін ғана мемлекеттік орган өз әрекетінің заңсыздығын мойындаған және тарифтік мөлшерлеменің төмендеуін ескертіп бұрын төленген соманы қайтарған.
Нәтижесінде, кәсіпкердің шотына 82 млн теңге түсті. Ал кінәлі лауазымды тұлға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz