Атырау мұнай өңдеу зауытында параксилолдың алғашқы топтамасы алынды

Атырау мұнай өндеу зауытында хош иісті көмірсутегі кешені жобасы мәресіне жетті.  Елімізде алғаш рет өндіріліп отырған  параксилол өнімінің бірінші партиясы резервуарға жіберілді. Бұл құрылыс материалдарын шығару, ауыл шаруашылығы тіпті фармацевтика саласында қолданылатын универсалды сұйықтыққа сұраныс жоғары. Жалпы, құны 1млрд 130 млн долларды құрайтын жоба Байтерек холдингінің еңшілес ұйымы Қазақстаның Даму банкінің қаржылай  қолдауымен іске асырылып отыр.


     Атырау МӨЗ хош иісті көмірсутектер өндіру кешеніндегі іске қосу мен жөндеу жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында іске қосылғанын естеріңізге салып өтейік.
     «Қазақстан Даму банкі»АҚ-ың төрағасының орынбасары Елена Когайдың  айтуынша, Атырау МӨЗ жетілдіру 45%-ын ҚДБ қаржыландырған жалпы құны 2,9 млрд АҚШ долларынан астам екі инвестициялық жоба – хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені мен мұнайды терең қайта өңдеу кешені жобаларын жүзеге асыруды көздейді. Жалпы, мұнай өңдеу және мұнай-химиясы ҚДБ қарыз қоржынының шамамен 45%-ын құрайды. «Қазақстанның даму банкі» бұдан өзге Павлодар мұнай-химия зауытын қайта жаңғыртуға және «Конденсат» зауытының экологиялық санаты К5 АИ-92, АИ-95 маркалы бензин өндіру жобасына қаржылай қолдау көрсеткен болатын.
      Ағымдағы жылдың шілде айында зауыт бензолдың бірінші топтамасын шығарды. Ақиқатында параксилол - бензолдан да бағалы, қымбат өнім. Бұл хош иісті қоспалар полиэтилен мен полипропилен шығаруды жоспарлап отырған Атырау облысындағы газ химиясы кешеніне қажетті шикізат. Сөйтіп, бұл өнімдер мұнай-химия саласының болашақ ішкі қажетін, ішкі  нарық сұранысын қамтитын болады. Мұнай өңдеу зауытындағылар бастапқы көрсеткішке риза. 
  «Қазақстанның Даму банкі – бұл біздің банк. Өзара әріптестік нәтижесінде екі жақ та бірдей пайда көреді. Қаражат  жеңілдетілген үстеме ақы бойынша беріліп отыр. Бұл өз кезегінде біздің зауыт үшін үлкен көмек деп есептеймін», -  деп атап өтті Атырау мұнай өңдеу зауытының басқарушы директоры Нұрлан Кейкин. 
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы айтулы шараның тұтас еліміз үшін маңыздылығы айтылған жиында сөз алған ҚР энергетика министрінің орынбасары Мағзом Мырзағалиев:      
      -Атырау мұнай өндеу зауытына биыл 70 жыл. Осыншама жылдар табысты істер атқарудың негізі басшылық тобы, өндіріс шеберлерінің, турасын айтқанда өз кәсібінің шеберлерінің еңбегімен бағаланады. Бүгін АМӨЗ үшін тарихи оқиға болды. Жуырда ғана елімізде жоқ бензолды өндірген зауыт, бүгін әлемдік нарықтағы құны жоғары параксилол өнімін өндіруді бастады. Осылайша біз Елбасының мұнай өнімдерін көбейту,оны ұтымды игеру тапсырмасын орындап отырмыз. Хош иісті көмірсутегі жобасының сәтті аяқталуы,елімізде болашақта жүзеге асатын мұнай-химия саласы үшін маңызды-деген М. Мырзағалиев осы жобаны жүзеге асырған компаниялар мен еңбек ұжымын құттықтады.   
      Жобалық қуаттылыққа шыққаннан кейін өнімнің жоспарланатын жылдық көлемі 133 мың тонна бензол, 496 мың тонна параксилолды құрайтын болады. Жоба Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химиялық кешендерді құрастыру іс-шаралар жоспарының шеңберінде жүзеге асырылуда.  

Нарғыз Ғабдуллина
Атырау облысы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста