«Ақылды ойын» ойнайық!

«Ақылды ойын» телевизиялық ойынының электронды нұсқасы жарық көрді. Бұл – Алматы аймақтық қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі агенттіктің 2007-2011 жылдарға арналған халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасы шеңберіндегі жобасы.
Бұл ойыннан бейхабарларға аз ғана мағ­лұмат. «Ақылды ойын» – биржалық опе­­ра­цияларды, құнды қағаздармен жұ­мыс іс­теуді үйрететін бірнеше кезеңдік ойын. Оған қатысушылар қаржылық бі­лім­­­де­рін үш деңгей бойынша сынайды. Әр деңгей 15 сауалдан тұрады. Алғашқы ке­зең «Мил­лионды кім ұтады?» ойыны тә­різ­ді бол­са, келесі кезеңдерде ойын­шы­лар «на­рық пен экономика са­ла­ларын да­­мы­туды» өз қолымен іске асы­ра­ды. Дұ­рыс жауаптар ар­қылы жиналған ұпай­лар­дың жалпы са­ны кімнің жеңімпаз еке­­нін анық­тайды. Те­­ле­­ар­на­лар­да көр­се­ті­ліп кел­ген осы зият­керлік ойын енді елі­міз­де ком­пью­тер­лік бағдарлама тү­рін­де шы­ғып отыр. Оның теленұсқадан айыр­ма­­шы­лы­ғы, мұнда іріктеу кезеңі деген бол­майды. Қор нарығының қыр-сырын мең­геремін деу­шілер ойын туралы толық ақ­па­ратты www.fingramota.kz сайтынан ала алады. «Ақылды ойынды» ұялы теле­фон­ға көшіріп алуға да болады.
Дәурен Тұрысбеков, Алматы ай­мақ­тық қаржы орталығының тіркеу де­пар­та­мен­тінің директоры:
– Бұл ойын көп сұранысқа ие бо­­ла­ды және қаржы саласында бі­лі­мін мо­лай­тқысы келетіндерге ай­тар­лықтай мүмкіндік бе­реді деп ой­лай­мыз. Ол біреуге – тест, бі­реу­ге – жат­тығу, ал кейбіреулерге жай ғана са­­уық болуы мүмкін. Қалай десек те, бұл – жағымды мен пайдалыны үй­лес­ті­руг­е бо­ла­тын ойын.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста