Ақшатаудың ақыры осы ма?

Ақшатаудың ақыры осы ма?

«Халық – Құдайдан бір ғана жас кіші» дейді дана халқымыз. Ендеше, халықтың мұң-зарына құлақ түрмеу – күпірлік болар. Ол мұң- құсаға айналмасын деген ниетпен, қолға қалам алған жайымыз бар. Әйтпесе, құса түбі алып тынады. Жасыратыны жоқ, кезінде өндірісі дүркіреген кенттердің бүгінгі сықпыты – келешекке үміт емес күдік сыйлайды. Өндірісі тоқтап, тоқыраған қазақ даласындағы көп кен орындарының бірі, мүмкін бірегейі - Қарағанды облысы Шет ауданындағы Ақшатау кенті еді.
Комбинаттан кезінде вольфрам мен молибденнің шикізаты алынатын. Ұлы Отан соғысы кезінде елімізге 75-80 процент вольфрам мен молибден берген де Ақшатау. Шаһар болмаса да, соған жетеғабыл кенттің басынан бағы сол тоқсаныншы жылдары ұшып тынған. Содан қайтып қонбады. Өндіріс тоқтаған бетте, өмір де тоқтады Ақшатау үшін. Жұмыссыздық белең алды. Карьерлер ашық-шашық қалды. Одан радиация тарала бастады. Оны да қойшы, ақшатаулықтар бір жұтым тұщы суға зар болды. Комбинаттың арқасында 35 шақырым жерден құбыр арқылы су беріліп келген. 2005 жылы аудан әкімдігі жергілікті қазынадан 25 миллион теңге бөліп, алақандай ауылдың ішіне жаз бойы 23 шүмек орнатқан. Ол шүмектер бар-жоғы үш-ақ ай істеп, айдың-күннің аманында саудасы біткен. Содан бері су - тасымалы. Құдайдың қара суын да адам басына сатып ішетін болғанбыз. Халық - дімкәс. Қатерлі ісік дейтін обыры ел ішін кезіп жүр. Кейінгі жылдары экономикалық дамуы жоқ кенттер қатарына ілігіп, кент тұрғындары Ақадыр секілді өзге де болашағы бар деген кенттерге көшіп жатыр. Ал, қимаған жұрт әлі отыр.
Cонау жылдары 9 мыңға жуық халқы бар Ақшатау кентінде бүгінде мыңға тарта адам ғана түтін түтеді. Басқалары фабриканың үні өшкенде үдере көшкен. Сол жұртта қалғандар радиацияның қақ ортасында. Кеніштер ашық жатыр. Одан радиациялық фон тарауда. Радиациялық фон 16 рентгеннен аспауы қажет, ал бұл аймақта 45 рентгеннен жоғары екенін мәлімдеген еді мамандар. Құзырлы орындардың қорытындысына жүгінсек, Ақшатау кенті геологиялық зерттеулер бойынша радон жағынан қауіпті аймақ. Сөйте тұра, ондағы азын-аулақ жұрт көшіп кетпей отыр. Себеп – Ақшатау кенті қайтып іске қосыла ма деген дәме. Олай деуге негіз жоқ емес.
Деректерге сүйенсек, әлем бойынша вольфрам қорынан Қазақстан бірінші орында тұр екен. Сол вольфрамның 25 млрд.долларды құрайтын кен қоры Ақшатаудағы өндірістік қалдықтардың өзінде жатыр деседі. Дегенмен, оны игеруге еліміздің мүмкіндігі шектелулі. Есесіне, темірден түйін түйген әлем елдері көз алартып отыр. Жаңа комбинаттың қабырғасын қалауға 2 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция қажет деген тағы бір дәйек бар. Украина мен Ресей бұл жобаға қаржы салуға дайын дейді тағы бір ұзынқұлақ. Оның өзіндік себебі де бар көрінеді. Түптеп келгенде, молибден шыққан жерден осмий металы шығатынын ғалымдардың іші сезіп отырса керек. Ғарыш саласына пайдаланатын осмийдың бір грамы 300 мың долларға бағаланады дейді мәліметтер. Ақшатаудың осындай бірқатар басымдықтарын үміттеріне үзеңгі қылған жұрт кенді өлкені қиып тастап кете алмай отырған сыңайлы. Осы үміт ақтала ма? Әлде кешегі гүлдей жайнаған кенттің орнында қаңбақ ұшқан жұрт қала ма? Егер ғаламторда Ақшатауға қатысты келтірілген деректер рас болса, бұл комбинаттың қайта іске қосылуына не кедергі? Олай болмаған күнде, Ақшатаудың тұрғындары көшіп тынды делік. Сонда ашық-шашық шахталар сол баз-баяғы қалпында қалмақ па? Кенді өңірлердің байлығы алынып, радиациясы бұрқырап, осылай үнемі үдере көше бермек пе? Ақшатаудың ақыры осы ма? Бүгін Ақшатау. Ертең ше? Облыс әкімінің тарапына бұған қандай жауап болмақ екен? Менің осыны білгім келеді. Рас, Ақшатаудың «жыры» аз айтылған жоқ. Жылдар бойы ондағы тұрғындар шағымданып-шағымданып, ештеме өндіре алмады. Қайда барса да, «жартасқа бардым, онда айғай салдым, одан да шықты жаңғырық» кебін киді. Сондықтан бүтін бір кенттің, өндірісті өңірдің келешегіне көз жұмбайлықпен қарай алмайтын адамның бірі ретінде датымызды айтып отырмыз. Датымызды тыңдар құлақ керек. Жазғырар жұрт онсыз да бұл күні жыртылып айырылады...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста