Қоғам үшін “ақша үнемдеу” деген тіркес өзіңнің қажеттіліктеріңнен бас тарту деген түсінікпен бірдей. Алайда бұл қате ұғым. Үнемдеу - барлық шығындарды жоспарлау мен жұмсалған әрбір тиынды есептеп отыру. Бірақ қылдай қымбатшылық заманда, тапқырлықтың нәтижесінде аз жалақымен де жақсы өмір сүруге болады. “Адырна” ұлттық порталы оқырманға ақшаны үнемдеу мен оны жинаудың жолдарымен бөліседі.
Ақша үнемдеу қабілеті - бұл адамның өзі қалыптастыратын немесе бала кезінен отбасында үйрететін дағды. Сонымен қатар, бұл қабілетке мінез бен темперамент те әсер етеді. Ақшаны үнемдеу үшін:
Әр айдағы кірісіңіз бен шығысыңызды бақылауда ұстауды әдетке айналдырыңыз;
Қолыңызға еңбекақыңыз түске соң сатып алу керек заттардың тізімін жасаңыз;
Жеңілдіктер кезінде сауда жасаңыз;
Қымбат заттарды сатып алатын кезде өзіңізге жиі тоқтау салыңыз;
Бөліп төлеу картасын пайдаланыңыз;
Үнемдеу процесіне жүйелі түрде келіңіз, бірден бар қажеттіліктен бас тартуға болмайды;
Қарызға ақша алмаңыз;
Сатып алу поцесі кезінде ақшаны банк карталарымен және мобильді қосымшалармен төлеңіз.
Соңғысы, банк карталары мен мобильді қосымшалармен сауда жасау - ақша үнемдеудің ең маңызды нұсқасы. Кез-келген карта бұл белгілі бір жоғары деңгейдегі қызметке кепілдік береді. Карталар сауда нүктелерінде эквайринг және ли арқылы төлемдерді жылдам әрі ыңғайлы ете отырып, интернет арқылы төлеуді жүзеге асыруға оңай мүмкіндік береді. Мәселен, “Халық банк” қолжетімді мүмкіндіктері мен артықшылықтары бар карталық өнімдердің бірнеше деңгейін әзірледі. Яғни, банк карталары үнемі оң өзгеріске ұшырап, қызметтерін жетілдіріп отырады.
Мысалы, “HALYK BANK” карталарында уақытыңызды және жол шығыныңызды қысқартатын бірнеше қызмет түрі бар:
- Онлайн кредит;
- Онлайн бөліп төлеуге зат алу;
- Кез келген төлем жасау;
- Ақша аудару;
- Әуе және ТЖ билеттерін онлайн алу;
- Автосақтандыру рәсімдеу;
- Банк картасына үйге дейін жеткізу қызметімен тапсырыс беру;
- Ақша айырбастау.
Күнделікті өміріміз ақша аударымдары процесімен тығыз байланысты. Кейде қолымыздағы карталардың бірінен екіншісіне аударым жасағанда, қызмет көрсеткені үшін банктер шотымыздағы қаржының көп бөлігін алып қалатынын аңғарамыз. Ал “HALYK BANK” карталары арасындағы аударымдардың басты артықшылығы:
Ішкі аударымдар, яғни Халық банктің картасынан екінші Халық банктің картасына тегін аударым жасай алады. Ол үшін комиссия жоқ. Телефон нөмірі бойынша немесе карта нөмірі бойынша аударуға да болады. Кімге қалай ыңғайлы өз еркінде.
Ал өзге банкке ақша аударса ше? Халық банктің картасынан өзге банк картасына аударса бар болғаны 150 теңге. Он мың аударсаңыз да, жүз мың аударсаңыз да 150 теңге. Мысалы, өзге банктердің тарифы қандай? Егер үлкен сома аударса, онда сәйкесінше, комиссия құны оларда артады. Халық банкте мұндай жоқ. Нақты тұрақты тариф. Оның үстіне қазіргі уақытта бұл еліміздегі барлық банктердің арасындағы ең аз комиссия болып саналады. Яғни Халық банк арқылы өзге банкке ақша аударса ақшасын үнемдейді. Үнемделген ақшаны өзге мақсатқа жұмсауға болады.
Ақша үнемдеу процесі кезінде қолыңыздағы карта арқылы сізге бонустың берілуі шотыңыздағы қаражаттың көбеюіне мүмкіндік береді. Себебі тиыннан теңге құралады. Егер бірнеше бонус жинақталатын болса, көлемді қаржыға ие боласыз. Оны да пайдамызға жаратуға әбден болады. Мысалы,
“HALYK BANK” қосымшасы арқылы немесе банктің картасы арқылы кез келген жерде төлем жасаса белгілі бір мөлшерде бонус береді. Егер банктің серіктестері желісінде сауда жасаса, онда 25%-ға дейін бонус алу мүмкіндігі бар. Бонустарды жинақтап, серіктестер дүкенінде есеп айырысуға және айыппұл, салық, байланыс үшін ақы, коммуналдық төлем сынды басқа да төлемдер жасауға болады.
“HALYK BANK” былтырдан бастап 100% онлайн қызмет көрсетуге көшті. Яғни бұрынғыдай банк бөлімшесіне бармай-ақ кез келген қызметті қолдануға болады. Бұл уақытты ғана үнемдеуді емес, сонымен қатар жолақыға кететін шығынды да қысқартады.
Карталарды қолма-қол ақшадан артық көретін заман туды. Алайда кейде ата-аналардың балаларына қалта шығынына ақша беру үшін белгілі бір қиындықтар туындауы мүмкін. Бірақ “HALYK BANK” әлдеқашан бұл мәселенің де шешімін тапқан.
Halyk Easy - ата-аналар мен балаларға арналған карта. Бұл арқылы ересектер балаларының шығындарын бақылауда ұстап, онлайн режимде картаны ақшаға толтырады және әр саудадан кейін бонус алады. Карта 6 мен 18 жас аралығыныдағы балаларға арналған. Олар ата-анасымен небәрі 5 минутта кез келген "Халық банк" орналасқан ғимаратқа барып, шот аштыра алады.
Айта кетейік, балалар картасы тиімді сауда жасаумен шектелмейді. Сондықтан балалар мен жасөспірімдер жақсы көретін сауда нүктелері - фастфудтар, кинотеатрлар, балалар киімі мен ойыншықтар дүкендері, ойын-сауық орталықтарында Halyk Bank POS - терминалдарында картамен төлеген кезде кепілдендірілген 1% бонус пен Halyk Club серіктестерінің желісінде 25% – ға дейін бонустар беріледі.
Американдық бизнесмен Роберт Кийосаки “Ақша — биліктің бір түрі, бірақ қаржы сауаты одан да құдіретті күш” деген екен. Ақшаны табу оңайға түспейді, ал оны үнемдеп жұмсау - кез келгеннің қолынан келе бермейтін үлкен ерлік.