Алыпсатар ол кім?

Елбасы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деп аталатын мақаласында адам бойындағы ең мерез мінез – масылдықты сын садағына алғаны есімізде. Президент ел ішінде жаңа білімді, жаңа мамандықты меңгеруден гөрі «такси» қызметін атқаруды артық санайтын санадағы пасықтық болашақта ел дамуына тежеу боларын айтқан болатын.Иә, айтатындай бар, қазірде жұрттың үстінен күн көріп, оңай олжаға кенеліп отырған «кәсіп» көзінің бірі – делдалдық немесе алыпсатарлық.
Мамандар Қазақстан нарығындағы соқталы әлеуметтік-экономикалық салаларды шырмауықша шырмаған осынау алыпсатарлықтан ел экономикасына әжептәуір зиян келіп отырғанын айтады. Әлеуметтік маңызы жоғары салаларға дендеп енген делдалдың бағаны жүз құбылтып, білгенін істеуі, әсіресе, қарапайым халыққа ауыр соғып отырғаны жасырын емес.
Негізінде, тауар өндіруші мен тұтынушының арасында өздерінше «алтын көпір» орнатып жатырмыз дейтін делдалдар, бағаны тізгіндеуге ұмтылып отырған Үкіметке де кесірін тигізіп отыр. Жалпы «қымбатшылықтың себебі неде?» деген сұраққа жауап іздегенде, таяқтың бір ұшы алыпсатарлыққа келіп тірелетіні де содан. Қазір халық арасын «ертең азық-түліктің бағасы ұшынып шыға келмей ме?» деген күдік кезіп жүр. Жыл басынан бері төлемі біршама көтерілген коммуналдық қызметтің құнына қарап-ақ азық-түлік нарығындағы қымбатшылықтың ауылы алыс емес екенін бажайлаған бұқараның болжамы шындыққа жанасымды десе болғандай.
Егер біріне-бірі тәуелді, байлаулы салаларда алыпсатарлықтың шекарасы кеңейіп отыр десек, осынау ауадан ақша жасайтын «кәсіптің» қанат жаюына жағдай туғызып отырған себептер де бар деген сөз. Олар қандай? Экономикалық даму және сауда министрлігінің дерегіне қарағанда, қазіргі таңда елімізде 1 миллионға тарта азамат сауда саласында жүр. Осының арқасында соңғы жылдары бөлшек және көтерме тауар айналымының тамырына әжептәуір қан жүгірген. Дегенмен, бұл мәселенің тағы қыры бар. Мамандардың пікірінше, Қазақстандағы сауда саясаты «өндіруші – делдал – бөлшек сауда» жүйесі бойынша, яғни «сатып алу – сату» принципі негізінде жүргізіледі. Бұдан сатып алынған тауардың үстінен шамамен 25-30 пайыз үстеме баға қосатын делдал ғана мол пайда көрмесе, тауар өндірушінің табысы молайып отырған жоқ. Бұдан сырт олардың алшаң басуына еліміздегі қара базардың көптігі де себеп болып отыр. Ресми дерекке қарағанда, Қазақстандағы тауар айналымының тең жартысы осы базарларға тиесілі. Ал жаңа үлгідегі әмбебап дүкендердің үлесі әзіргі күні шамамен 4-5 пайыздан аспайды. Сондай-ақ сауда саласындағы қарабайырлық, яғни жаңа, заманауи байланыстың жоқтығы өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдарға тиімді болуда.
Бұл ретте біз айтылған жайтқа нақты, яғни көзімізбен көз жеткізбек болып, Алматыдағы «Алтын Орда» базарына ат басын бұрдық. Мұндағы мақсатымыз Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін аталған алып базардағы көкөніс бағасы қанша, оларды делдалдар қаншаға сатып алады, базарға қарапайым ауыл еңбеккерлері кіргізіле ме?» дегенді білу. Ашығын айтайық, өз өнімін өзі саудалап тұрған ауыл тұрғынын ара-тұра ғана кездестірдік. Ал базардағы саудагер сөзіне қарағанда, арбасына көкөніс, жеміс-жидек тиеп базарға шыққан шаруаны жол ортада біз айтқан делдардар тоқтатып, қолайына көндіріп, бар тауарын көтерме бағамен сатып алады… «Мұның себебі неде?» деген сауалға жауап ала алмадық. Есесіне, мұндағы баға қолжетімді…
Картоптың келісі – 50, пияз – 50, сәбіз – 60, қызанақ – 70-90, қырыққабат пен қызылша – 60, жүзім – 250, алма – 170-180 теңгенің төңірегінде тұр. Базардағы көкөніс бағасына қарап-ақ базар саудагерлерінің ауыл шаруасынан өнімнің дерлігін су тегінге сатып алатындығын әбден аңғаруға болады. Демек, қарапайым ауыл еңбеккерін аумағы атшаптырым алып базарға кіргізбей отырған сол жердегі саудагерлердің өзі десек, қисынға келетіндей. Ал мұндағы делдалдар кімдер? Бұлар негізінен қаланың өз ішіндегі дүкен иелері мен базар саудагерлері. Олар мұндағы көкөніс өнімдерін қалаға кіргізгенде (маусымына және сапасына қарай) картопты – 100-120, қызанақты – 130-200, сәбізді – 90, сапалысын – 140, жүзімді – 380, алманы – 250-320 теңгеден сатады. Жалпы мұндағы баға «кейде көл, кейде шөл». Алыпсатар аларын алып, түс ауа тарқап кетеді екен де, сағат түскі екіден кейін қалған өнімнің бағасы 10-15 теңгеге қымбаттап шыға келетінге ұқсайды.
Ал азық-түлік бағасына келсек, базардан тауар алатын делдалдар әрбір өнімнің үстінен 25-30 пайыз үстеме қосаты екен. Атап айтар болсақ, кәмпит, прәндік, ішімдік өнімдеріне 25-30 пайыз, сүттен жасалатын өнімдерге – 20-25 пайыз, сарымайға – 30 па¬йыз қосылады. Мәселен, сарымай 122 теңгеден саудаланса, қалаға кірерде 170-180 теңгеге шарықтайды, күнбағыс майы бөлшек саудада – 250 теңгеге сатылса, қала ішіндегі дүкендерге бағасы 300-320 теңгемен түседі.
Ендігі кезекті ет өнімдеріне берелік. Елімізде еттің бағасы қымбат. Қазақсандағы базарларда еттің келісі – 1200 теңгеден жоғары. Тауар өндіруші еттің орташа бағасын келісіне 550 теңгеден сатса, ортадағы алыпсатарлар мұның үстіне тағы 250-300 теңге қосып, содан тауар тұтынушыға жеткенше 1 мың теңгеден жоғарғы бағаға шарықтап кетеді екен. Айталық, жылқының етін сатушылар – 1300 теңгеден, сиыр етін – 900-1050 теңгеден сатып алады. Білгеніміздей, алыпсатар базардағы етті таңғы сағат 4-тен бастап талан-таражға түсіреді. Алайда, бұл бір ғана базардағы емес, еліміздегі сауда нысанының көпшілігіне тән ортақ баға екендігінде дауымыз жоқ.
Делдал дендеп кірген саланың келесі бір түрі – тұрғын үй нарығы. Аталған нарықты басыбайлы иемденіп алған алыпсатардың оңай олжаға кенеліп отырғаны бұқараға белгілі болғанмен, бұл араны да бір сүзіп өткенді құп көрдік. Қазақстандағы делдалдар қауымдастығының дерегіне қарағанда, елімізде осы қызметпен айналысатын 1500-ден астам агенттік бар. Бізбен пікірлескен Жарас есімді делдал бір Алматының өзінде «риэлторлық бизнестің» айналымы 20-25 млн. долларды құрайтынын айтты. Жарастың айтуынша қалада күніне шамамен алғанда 7-8 мың пәтер сатылымға қойылады. Бұл өз алдына, жалға үй іздеудің машақаты да жетіп артылады. Алыпсатарға жалға алатын баспанаңды тауып бергені үшін 20 мың теңгені (өзге өңірлерде 10-15 мың) шытырлатып санап бересің. Бір ғана үйді көргізгенге 500-1000 теңгеңді қағып алады. Сонда, ойлап қарасақ үйді-үйді аралай отырып-ақ әжептәуір шығындалады екенсің. Үйді сатуға келгенде де делдалдың «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ». Үйді қымбатқа сатқан риэлтор 5 пайыз үлес алады. Мысалға, арзан деген баспана бағасының өзі шамалап алғанда 15 млн. теңге тұрады десек, одан 5 пайыз үлес алатын алыпсатар 750 мың теңгені санап алады деген сөз.
Сауда-саттық нарығын тізгіндеп алған алыпсатардың қызмет аясы біз әңгіме еткен салалармен шектелмейді. Халыққа қызмет көрсету түрлерінің барлығында болмаса да, көпшілігінде, атап айтқанда: валюта айырбастау, жанармай бағасы, тіпті жол жүру билеттері мен концерттік қойылымдардың билет бағасын қалай көтерем десе де делдалдың қолында тұр. Сайып келгенде, алыпсатардың саудасы қызып тұр қазір.
Көзқарас
Ілияс Исаев экономист:
– Иә, қайда барсаң қаптаған делдал. Бір ғана жанармай нарығын алалықшы. Мұнай өңдеу кәсіпорындары шикі мұнай өңдеп, кейіннен оны отынға айналдырады. Өз кезегінде осынау дайын өнімді көтерме саудамен айналысатын алыпсатар арзан бағамен молынан сатып алады. Бұл бір делдал. Кейіннен осы өнім жанармай бекетіне үлестіріледі. Білсеңіз, жанармайды сатып алған алыпсатар мен оны тасымалдаумен айналысатын тағы да екі делдал бар. Осылайша, шикі мұнай өндіріс орнында өңделіп, жанармай бекетіне түскенге дейінгі аралықта бақандай бірнеше делдалдың қолынан өтеді екен.
Ал азық-түлік нарығындағы ауыл шаруасының тауарын қалың тұтынушыға делдалсыз жеткізу керек. Иә, айтылып жүр. Бірақ, өнімін ауылдан қалаға жеткізуге шаруаның жағдайы жете бермейтіні, яғни, бұған жағдай жасалмағаны, ақыр аяғында ауыл еңбеккерінің өз өнімін делдал ұсынған бағаға сатуға мәжбүр болатыны айтылмайды. Маман ретінде азық-түлік нарығындағы бағаны Үкіметтің бақылауын дұрыс деп есептеймін. Егер азық-түлік нарығындағы бағаның сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде әділ қалыптасуын қаласақ, ең алдымен сауда саласындағы заңнаманы жетілдіру керек. Аталған заңды жетілдіріп, Қазақстанда сауданың озық үлгісін дамытқанда ғана қара базардағы алыпсатарлық бизнестің аяғына тұсау саламыз.
erkindik.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста