Алматыда жол жүру ақысы қымбаттайды

Алматыда жол жүру ақысы қымбаттайды

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы көтерілуі мүмкін. "Ашық НҚА" сайтында Алматы әкімдігінің қаулысының жобасы жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында қоғамдық көлікте жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде 80 теңге болып белгіленген. Бұл мөлшерлеме 2012 жылы белгіленді және бүгінге дейін өзгеріссіз қалды. 2017 жылдан бастап қолма-қол төлем үшін жол жүру ақысы 150 теңге болып бекітілді.

 

"Соңғы 11 жылда тасымалдаушылар көтерген барлық шығын баптарының құны айтарлықтай өсті. Мәселен, дизель отынының құны 90 теңге болса, бүгінде ол 295 теңге (+328 пайыз) болды, газдың құны 2007 жылы 33 теңге, ал бүгінгі күні 108 теңге (+327 пайыз) болып белгіленді. Сонымен қатар, автобустардың құнын қоса алғанда, басқа да шығындар бойынша да жағдай осындай", - деді Алматы қаласы әкімдігі.

 

Әкімдіктің мәліметінше, бұл шығындар тасымалдаушылардың шығынын субсидиялау көлемінен тікелей көрінеді. Мәселен, 2017-2022 жылдар аралығында субсидиялау көлемі 13,8 есеге, яғни 6,9 миллиард теңгеден 50 миллиард теңгеге дейін өсті. Осы жылы субсидиялардың болжамды көлемі бекітілген тариф бойынша шамамен 85,5 миллиард теңге болып, белгілі бір "бюджетке ауыртпалық" туғызып отыр.

 

"Осы жылы тарифтерді есептеу әдістемесі бойынша тарифтің орташа құны 425 теңге болды. Осыған байланысты 2023 жылы тарифтің құнын қайта қарап, қолма-қол ақшасыз төлеу 100 теңге, қолма-қол төлем үшін жол жүру ақысы 200 теңге болып бекітілді", - делінген жазабада.

 

Еске сала кетейік, Астанада тариф құны 90 теңгеден 180 теңгеге дейін, Шығыс Қазақстан облысында 90 теңгеден 130 теңгеге дейін, Жамбыл облысында 85 теңгеден 130 теңгеге дейін, Қостанай облысында 100 теңгеден 170 теңгеге дейін көтерілген.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста