Алматы қаласы Наурызбай ауданының прокуратурасы кәсіпкерлер құқығының бұзылғанын анықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Қадағалау органының мәліметінше, Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері азаматша Д.-ның арызы бойынша сауда дүкенінде тексеру жүргізіген. Салық қызметкерлері жеке кәсіпкерге алдын ала тексеру жүргізу туралы хабарлама жібермегені және арызданушының ешқандай дәлелдер ұсынбағаны анықталды.
Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 5-бөлігі 3-тармағына сәйкес, бақылау мен қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексеруге сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары негіз бола алады.
«Осылайша, салық органдарының қызметкерлері ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» жарлығының және ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын бұзды», - деп хабарлады прокуратурадан. Аудан прокуратурасының қаулысымен Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 175-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапққа тартылып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz