Әлемдегі ең мықты жел-электр стансысы – Қазақстандікі

бірақ ол еліміздегі энергияның балама көздері бағдарламасына енбей тұр

Әлемде жаңартылған энергия көздерінің ішінде ең серпінді дамып келе жатқан коммерциялық түрінің бірі жел энергетикасы болып табылады. Сондықтан оның болашағы зор екені анықталып отыр. Бізде Майлыбаев, Баялиев, Бүктіков секілді ғалымдар батыстың жел энергетикасы қондырғысына бәсекелесе алатын, сапасы жағынан екі есе мықтысын, құны да екі есе арзанын жасап шыққан. Алайда олар еліміздегі жел энергетикасы бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаға енбеген. Есесіне жекеменшік арасында бұл ғалымдардың дүниесіне деген сұраныс жоғары көрінеді. Дегенмен мамандар «бір данадан гөрі ол қондырғыны сериялап шығарсақ, мемлекет үшін де, ғалымдар үшін де тиімді болар еді» дейді.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ-тың Қазақ­стан энергетикасындағы бала­ма қуат көздері бойынша зерт­теуі­не сүйен­сек, еліміздің қазіргі эн­ер­гети­калық потен­циалын­да жылу эл­ектр орта­лық­тары­ның өндіретін элек­тр энер­гиясының үлесі – 88%, гид­ро­электрстансыларының үлесі – 12%, бала­ма энергетикалық қуат көз­де­рінен алынатын электр энергиясы 0,02%-ды құрайды екен. Осындай болмашы көр­сеткішке қарамастан, елімізде жел, күн және су секілді балама қуат көздері энергетикалық ресурстардың едәуір бөлігін бере алатындығы ғылы­ми тұрғыда дәлелденіп отыр.
Осыны негізге алған мемлекетіміз 2030 жылға қарай еліміздің 46 ауданында қуаты 1 миллион кВт болатын жел-электр стансыларын салуды жоспарлап отыр екен. Мәселен, бүгіндері Оңтүстік Қазақстан облысының Кен­тау қаласында және Қарағанды облы­сы­ның Шет ауданында жел-электр стансылары орнатылған. Ал таяуда Үде­мелі индустриялық-иннова­ция­лық даму бағдарламасы аясында Маң­­ғыстау облысында да жел-электр стан­сылары­ның құрылысы бастал­ды. Бірақ бұған, негізінен, шетелдік қон­дырғылар тартылып жатыр, яғни кли­маты ұдайы құ­был­малы болып тұратын біздің өңір же­лі­не еш сәй­кес­тенді­ріл­меген. Отан­дық ғалым­дар дүниеге әкелген туын­ды­дан сапасы нашар, бағасы әлдеқай­­да қым­бат. Осы арасы шынымен де өзе­гіңіз­ді өртеп, өкінішке батырады...
Отандық қондырғыны мықты деген сөзіміз дәйекті болуы үшін салыстырмалы көрсеткіштерді бере кеткенді жөн көріп отырмыз.

Отандық жел-электр қондырғысының техникалық көрсеткіштері:
– Э/э құны – 4-6 теңге;
– желдің екпініне төзімділігі – 2-3-тен 50-60 м/с;
–1 кВт-тық біздің шағын қуатты жел-электр стансысының сериялап шығарудағы құны – 1500$;
– жылына орташа есеппен 6000-7000 сағат жұмыс істейді;
– формасы құбыр немесе дөңгелек сипатында бітеу келеді, желдің жылдам­дығына қарай қондырғының қалқаншасы автоматты түрде жабылып, ашылып отырады, сондықтан онда гуіл, діріл болмайды, құстарға да қауіпсіз.

Шетелдік жел-электр қондырғысының техникалық көрсеткіштері:
– Э/э құны – 15 евроцент, яғни 29 теңге;
– желдің екпініне төзімділігі – 3-тен 20 м/с, 4-тен 25 м/с;
– 1 кВт-тық еуропалық жел-электр стансысының серия­лап шығарудағы құны – 3000-6000$ (шағын қуатты жел-электр стансысы үшін);
– жылына орташа есеппен 2500-3000 сағат жұмыс істейді (10 пайыздайы жылына кейде 5000 сағат жұмыс істейді);
– үнемі гуілдеп дыбыс шығарып тұрады, әрі қатты жылдамдықтағы айналма қалақшалары құстарға қауіпті. Бастысы, формасы диірмен секілді жел-электр қондырғылары теңіздің бір бағытқа соғатын самалына шақтап жасалған, сондықтан ол біздің континенталдық ерекшелігімізге сай, аласапыран, құйынды желімізге көп шыдай бермейді, яғни бүліну қаупі жоғары.

Атын атамауды сұраған құзырлы ведомство қыз­мет­керінің айтуынша, отандық ғалымдар ойлап тапқан жел-электр қондырғыларының серти­фикаты жоқ. Сондықтан олардың мем­лекет­тік бағдарламада пайдалануына жол жабылып тұрған көрінеді. Мысалы, бұл көше­де иісі бұрқыраған нан сатылып тұр, бірақ оның сатушысы чек бере алмаған­дықтан, дүкенде тұрып қалған бөлкені сатып алуға тура келетін жағдайға ұқ­сайды. Қалай дегенмен де ғалымдар жеке­меншік­пен өзара келісіп, өз қондырғыларын 650-700 мың тең­геге орнатып беріп жатыр екен. Бүгіндері мұндай жаңа құрылғы Шу, Жоңғар қақпасы, Қаратау жиегінде бой көтер­ген. Осыдан-ақ нарықта аталған тауарға деген сұра­ныс барын пайымдауға болады. Демек, отандық жел-электр қондырғысын сериялап шығарсақ ұтыл­май­мыз. Мәселен, жоғарыда аты аталған ғалым­дар ішін­де Н.Бүктіков еліміздегі «Сентрас» венчурлық қоры­мен әріптестікте жұмыс істеп, өз қон­дыр­ғысына бір­неше дамыған мемлекеттен (Жапония, Германия, Оңтүстік Корея, Қытай, ТМД елдері және т.б.) патенттер алған. Бұл – нарыққа шыға­руға дайын дүние деген сөз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста