Әкімқараларды энергияны үнемдеуге күштей аламыз ба?

Ел экономикасының дамуы үшін өндіріс ошақтарымыз дамылсыз жұмыс істеп, толыққанды қуатымен қызып жатуы тиіс. Ал ондай жағдай электр қуатынсыз мүмкін емес. Сол себепті елімізде энергияны үнемдеу және осы ресурсты сақтау, токпен ұдайы қамтамасыз ететін кәсіпорындарды жаңарту туралы бірнеше бағдарлама қабылданды. Елбасымыз да өз Жолдауында «энергетика бойынша біз ешкімге тәуелді болмауымыз тиіс» деп қадап айтты. Сондықтан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Үкімет 2010-2014 жылдардағы еліміздің электр энергетикасын дамыту бойынша шаралар жоспарын бекітті. Оның ішінде серпінді жобалардан бастап электр қуатының есебін жүргізетін автоматтандырылған жүйені енгізуге дейінгі сынамалы тәжірибе де қамтылған. Таяуда осы сала істерін реттейтін «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заң жаңадан қабылданды. Құқықтық құжаттың ішінде электрді үнемдеу және электр тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жыл сайын жергілікті әкімшіліктердің қызметін бағалау шарасы енгізілген екен. Отандық мамандардың бірі «бұл шара шенді-шекпенділердің қағазбастылығын үдетіп, бармақ басты, көз қыстыға жол ашады» десе, бірі «бас ал десе, шаш алатын белсенділерді жұмыс істету үшін мұндай шыбық салар шара өз тиімділігін танытады» деген пікірде...

                     Абай ОМАРОВ (коллаж)

Ресми деректерге сүйенсек, еліміздің облыстары бойынша электр желілерінің тозуы 70 пайызды қамтиды, ал ауылдағы жағ­дайы тіптен мүшкіл халде. Осы себепті 2008 жылы энергия өндіруші ұйымдар үшін шекті, есептік және жеке тарифтерді қамтитын баға белгілеудің жаңа тетігі енгізілген-тұғын. Яғни Үкімет қаулысымен жеті жылға бекітілген шекті тариф негізінде электр өндіруші компаниялар қаржы жи­нап, оны кәсіпорынды жаңарту жұмысына жұмсауы керек деп жоспарланған. Өйткені мамандар жаңа электр стансысын салған­нан гөрі, ескісін жаңалау әлдеқайда үнемді болады деп отыр. Қазірдің өзінде әр өңір бо­йынша, әсіресе өндіріс ошақтары орна­лас­қан аймақтардың электр желілерін мо­дер­низациялау жұмыстары қауырт жүріп жатыр.
Үдемелі индустриялық-инновация­лық даму бағдарламасы бойынша қолға алынған серпінді жобалар да бар. Олардың басым бөлігі мемлекет және жекеменшік әріптестігі негізінде қолға алынғанын баса айта кетелік. Яғни бұл жобалардың жарты құнын жекеменшік тарап төлейді. Ондай ірі жобаларға былтыр Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығы қарсаңында іске қосылған Мой­нақ СЭС құрылысы (300 мВт), Екібастұз СЭС-2-ні кеңейту мақсатында өндіріс қуаты 525-630 мегаватты құрайтын үшінші энер­гетикалық блогы, Шардара СЭС-ін қайта құры­лымдау, жаңарту жұмыстары, Қапша­ғай СЭС жұмысын бүтіндей бақы­лау­ға ала­тын өндіріс қуаты 33 мВт-ты құрайтын Кер­бұ­лақ СЭС, Балқаш жылу электр стансысының құ­ры­лысы жатады. Мәселен, осы аталған жобалардың басым бөлігінің 50 пайыз пакет акциясына ие «Самұрық-Энерго» АҚ қалтасынан өздері ақша шығарып отыр­ғанын айтады.
Ірі жобалардан тыс, ел өңірлерінде авто­мат­тандырылған электр энергиясын бақылау және есептеу жүйесі енгізілген болатын. Осыған байланысты әр үй мен кәсіпорындарда деректері қашықтан берілетін электр есептегіш құралдары орнатылды. Нәтижесі көрсетіп отырғандай, Жамбыл облысында сыналған бұл жоба өз-өзін ақтап, электр ысырапшылдығын 15 пайызға қысқартуға мүмкіндік туында­ға­нын көрсетті. Бұл құралдың басты артық­шылығы – тұтынушылар қуат ұрлай алмай­ды. Вице-премьер Қайрат Келімбетов көк­темдегі Жамбыл облысына барған сапа­рын­да бұл тәжірибеге оң баға беріп, оны республика көлемінде қолдану қажеттігін айтты. Демек, келесі жылдан бастап авто­маттандырылған электр энергиясын бақы­лау және есептеу жүйесін бүкіл ел өңіріне енгізу міндеттелуі әбден мүмкін.
Сол секілді соңғы кездері жеке және заңды тұлғаларға құқықтық тұрғыда энер­­гияны үнемдейтін шамдар орнату міндетте­лінуде. Осыған байланысты Үде­мелі ин­дус­трия­лық-инновациялық даму бағдар­ламасы шеңберінде жалпы құны 129,6 млн теңге, жылдық өндіріс қуаты
5 мың электр үнемдегіш шам шығаратын жо­ба жүзеге асырылды. Өткен жылдың жазында іске қосылған «Энерджи Тараз» ЖШС-дан өндірілген шамдар қазір рес­публика көлеміне сатылымға шығарылып жатыр.
Бүгіндері дамыған елдер жаңартылған энергия көздерін дамыту туралы бағдар­лама қабылдаған. Жалпы, жаңартылған энер­гия көздерінің ішінде ең серпінді да­мып келе жатқан коммерциялық түрінің бірі жел энергетикасы болып табылады. Жылына энергияның бұл түрін тұтыну 20-30 пайызға тұрақты артып келеді. Сол се­кіл­ді әлемде күн технологияларын пайда­лану үрдісі де байқалады. Отандық ға­лым­дар ғылыми тұрғыда бұл ретте өзіндік жаңалық ашып, дамыған елдер сүйенген технологиядан мықтысын жасап шығуға тырысып бағуда. Нәтиже де бар­шылық. Сол себепті Үдемелі индустриялық-ин­нова­ция­лық даму бағдарламасы аясында мұндай жобалардың тыс қалуы мүмкін емес екені айқын. Елімізде күннен қуат жинайтын батарея шығаратын зауыт құры­лысы салынып, жел электр энергия­сын қай аймақтарда орналастыру жайы зер­деленіп, мұндай құрылғыларды орнату жайы да талқылануда.
Міне, энергетика саласында жүзеге асы­рылуы кезең-кезеңге белгіленген, ин­вес­тициялық аясы ауқымды мұндай істер­ді қадағалап реттейтін, әрине, заң қажет. Сол себепті биыл «Энергияны үнем­деу және энергия тиімділігін артты­ру туралы» Заң жаңартылып, қолданысқа берілген-тұғын. Осы жағынан алғанда, аталған заңның алдына қойылған мін­дет­тер де стратегиялық маңызды болып табылады. Сондай-ақ осы заң аясында электрді үнемдеу және электр тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жыл сайын жергілікті әкімшіліктердің қызметін бағалау шарасы енгізілгенін баса айта кетелік. Бұл жаңа талап келесі айда, яғни 1 шілдеден бастап өз күшіне енеді екен. Бұл шараға келгенде, отандық маман­дардың пікірі екіге жарылады.
Экономика ғылымының докторы, про­фессор Тоқтар Есіркеповтің айтуынша, электр энергиясы секілді стратегиялық саладағы жобалардың жүзеге асырылу процесіне деген қадағалау мен бақылауды күшейту қажет.
Тоқтар ЕСІРКЕПОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:
– Ел экономикасын әртараптандыру үшін елімізде өндіріс ошақтары толыққанды қуатымен жұмыс істеуі керек. Ондай жағ­дай­да табысы тиімді өндірісті аймақтар да бойын түзеп, дамуға аяқ басар еді. Алайда тозығы жеткен инфрақұрылымдар жер­гілік­ті кәсіпорындардың адымын аштырмай отыр. Әрине, еліміздің стратегиялық даму бағ­дар­ла­масы аясында электр желілерін жа­ңарту, жаңадан электр стансысын салу бо­йын­ша жобалар қолға алынған. Бұл істің тиім­ді жүзеге асырылуы – тек кәсіпорын емес, бүтін аймақтың еңсесін тіктеуге тіке­лей әсер ететін фактор. Сондықтан билік та­ра­пынан қадағалау мен бақылау қажет-ақ. Түрлі деңгейде. Осы жағынан алғанда, заң­да электрді үнемдеу және электр тиім­ді­лігін арттыру мәселелері бойынша жыл сайын жергілікті әкімшіліктердің қызметін бағалау шарасын енгізуді дұрыс деп біле­мін. Мұндай өзара бәсеке жарыс өңір ше­неу­ніктерінің мазасыздануына түрткі бола ала­ды деп ойлаймын.

Ал саясаттанушы Уәлихан Төлешовтің пікірінше, бұл шара популизмнен ары аса алмайды.
Уәлихан ТӨЛЕШОВ, саясаттанушы:
– «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңда ендігіден бастап осы мәселе шешімі бойынша жер­гі­лікті әкімшілік қызметін бағалау жөніндегі әкім­шілік шараны популистік деп атар едім. Шы­нымен де, әсіресе ел өңірлерінде энер­ге­тика инфрақұрылымдарының ахуалы – адам төзгісіз жағдайда. Сондықтан осы сала мәселесін шешу бойынша арнайы заң­ның қабылданғаны жақсы-ақ. Алайда тех­нологиялық жағына басымдық берген­нен гөрі, адам факторын алға тартқандары жарамаған. Бұл шара қағазбастылықты үдете түсері анық. Яғни аймақ әкімдері қа­ғаз жүзінде есеп беріп, жағдайды «қаты­рып» қояды. Негізінде, еліміздің энергет­и­ка­лық ахуалын жақсарту үшін, ең алдымен, сол өңірлерге мықты инженерлер баруы керек. Өйткені электр қуатын үнемдейтін озық технологияны енгізу білікті мамансыз жүзеге асырылмайды. Өкінішке қарай, бұл мамандық иесі бізде тапшы. Бұл – бірін­шіден. Екіншіден, адамгершілік, ұят пен ар ілімі секілді, үнем, қамқорлық мәдениеті– адам бойына ғасырлап сіңірілетін дүние. Кеңес заманында үкімет затын өзінікіндей талан-таражға салып үйренген халықтың, расында, ниеті ақырындап бұзылды. Бірақ бүгінгі нарықтық қарым-қатынас құндылы­ғының бастысы үнемшілдік, қанағатшыл­д­ық екенін халық түсінгенде, энергия тиім­ділігін арттыру саясаты да өздігінен орын­далатын болады. Сондықтан билік осы ба­­ғыттағы насихатқа басымдық беруі ке­рек.

Қалай дегенмен де біз еліміздегі энергетика саласында белгіленген жоспар кедергіге тап болмаса екен дейміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста