"Аяқтың" құны 350 мың теңге

ampgirl.su фото

Тағдыр тәлкегіне тап болып, аяқ астынан жол апатына не болмаса басқа да бақытсыз жағдайларға ұшырап, мүгедек болып қалған жандардың протезге күні түсері белгілі. Аяқ-қолынан айырылған мүмкіндігі шектеулі жандардың әсіресе протезге деген мұқтаждықтары орасан. Оған жыл сайын қазына қоржынынан миллиардтаған қаржы бөлініп те жатыр. Дегенмен олқы түсер жағымыз да жоқ емес. Протез бұйымдарына қажетті шикізат әлі де шетелден тасымалданады. «Кісідегінің кілті аспанда» демекші шеттен тасылған соң бағасы да қымбат. Кей бұйымдар елімізде жасал-ғанымен, қажетті өнімдер мен қосалқы бөлшектер сырттан әкелінеді. Аяққа арналған протездік-ортопедиялық бұйым 300-350 мың теңге тұрады. Протез жайын «Алаш айнасы» тілшісі мәселе етіп көтеріп отыр.
Егер бұйымға қажетті материалдар өзімізде өндірілсе, әлдеқайда арзанға түсер еді. Әрі мүмкіндігі шектеулі жандардың қалтасына да ауырлық түспес еді. Кеңес кезеңінде үшінші топтағы мүгедектерге ортопедиялық аяқ-киім тегін беріліп келсе, енді олар жарты бағасын төлеп алуға мәжбүр. Соның салдарынан соңғы кездері протез бұйымдарын жасайтын орталықтарда аяқ-киімге тапсырыс азайған. Жеңілдіктер қалпына келтірілсе үлкен әлеуметтік көмек болар еді. Ең бастысы – маман тапшылығы. Протез-ортопед мамандары елімізде дайындалмайды. Қазір осы салада нанын айырып жүргендердің басым бөлігі Ресейде білім алғандар. Тіпті, білімін жетілдіру үшін шетелдерге баруға тура келеді. Мұның бәрі де қаржыға келіп тіреледі. Сондықтан осы салаға аса қажетті мамандарды елімізде дайындаудың мезгілі әлдеқашан жеткен секілді. Бүгінде елімізде ірі деген бірді-екілі протездік-ортопедиялық орталықтар жұмыс істейді. Бірі «Алматыдағы протез-ортопедия орталығы» АҚ. Оның әр облыстарда шеберханалары бар. «Алматы протезді-ортопедиялық орталығы» АҚ протез жасап шығарып қана қоймай, медициналық стационарда мүгедектерге көмек те көрсетеді. Өндірісінде полиамидті және ортокрильді смола пайдаланылады. Сондай-ақ балалардың майтабан ауруынан айығуына да көмек береді. Орталықтың өнімі ҚР стандарттарына сәйкес келеді. Протезді-ортопедиялық аяқ-киім де шығарады. Оның ішінде спорттық, биге, жұмысқа арналған, емдік өнімдер бар. Ал, Петропавл протездік-ортопедия орталығының жұмыс атқарып келе жатқанына да ширек ғасырдан асыпты. Мұнда жылына 3 500-3 700-дей тапсырыс қабылдайды. Протездік-ортопедиялық көмек беру, тірек-қозғалыс аппараттарымен қамтамасыз ету, медициналық-әлеуметтік сауықтыру секілді негізгі қызмет түрлерін ұсынады. Еліміздегі протездік орталықтар бүгінге дейін протездерді ескі әдіспен дайындап келсе, енді заманауи технологиялармен жұмыс атқаруда. Осы салада тәжірибесі мол Германияның “ОТТО БОКК”, Ресейдің “Антарес” секілді танымал фирмаларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарады...
2001 жылы «Протез-ортопедия саласын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы шықты. Аты айтып тұрғандай осы саланың дөңгелегінің өрге өрлеуіне дем беретін қаулының арқасында мүгедектерге жағдай жасалуда. Дегенмен әттеген-айлар да жоқ емес. Мәселен, көзінен айырылып, протезге күні түскен жандар оны жылына екі рет ауыстыруы қажет. Бір жасанды көз 25 мың теңге тұрады. Бірақ көз протездерінің сапасына сын айтатындар баршылық. Аяқ протезі де арзан емес. Егер квотамен бір аяғына протез салдырса, екінші аяғына да эндопротез жасау үшін 4 мың АҚШ доллары қажет. Әлеуметтік аз-маз көмекке ғана қарап отырған жандардың қалтасына қиындық түсірері сөзсіз. Сондай-ақ, осы саладағы басты ауыртар басты мәселенің бірі тендердің таусылмас «жыры». Мемлекеттік тапсырыстар облыстардағы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ-дарламалар басқармаларымен жасалған келісімшарт бойынша атқа-рылады. Тендер тым ұзаққа созылып, соның салдарынан қаражат уақы-тылы түспейді. Тендердің тағы бір тиімсіз жағы келісімшарт жасалғаннан кейін протез орталықтарына тапсырыс алуға рұқсат етілмейді. Мұндайда ойламаған жерден мүгедектікке ұшырап, көмекке зәру болған жандарға қиын соғары анық. Осы жағына көңіл бөлу кемшін. Зәру жандар осы жағы да ескерілсе деген үмітте...Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары «Облыс орталығында протез жасайтын орталық бар. Көбісі сонда жасалады. Ал, егер аса күрделі протездер болса онда Алматыға жіберіледі. Мемлекеттік тапсырысты Алматыдағы орталық ұтып алған. Сонда жасалады. Протез бұйымдарын алуға бюджеттен 72 миллион теңге бөлінген. Көбіне аяқ, қол, жамбас, құлақ протездеріне тапсырыс түседі. Жыл сайын 1 600-ден астам адамнан тапсырыс қабылданады. Адам санына қарай емес, бұйым бойынша есептеледі. Кейде бір адамға екі бұйымнан керек болып жатады. Әзірге протездік бұйымдарға сын айтып келгендер жоқ. Бәрінің сұранысын толық қанағаттандыру мүмкін емес. Көбіне 80-85 пайызға орындалады. Елімізде жасауға мүмкіндік жоқ аса қымбат протездерді Германиядан, тағы да басқа дамыған елдерден 1 миллионнан аса ақшаға алдыратындар бар. Олар біздің есебімізге кірмейді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың сұранысын 100 пайызға орындауға күш салып жатырмыз. Облыс әкімінің алдында есеп береміз. Оны бюджеттік комиссия қарайды. Біздің есеп тек болжаммен жасалады. Протезге сұраныс беретіндердің біреуі қайтыс болуы мүмкін, біреуі басқа өңірге көшіп кетуі мүмкін. Сондықтан да біздің мамандар болжаммен жасайды. Ертеңгі күні ол ақшаның да сұрауы бар. Сұранысты қанағаттандырсақ жақсы, ал егер қаражат игерілмей қалып кетсе, таяқ болып тиюі мүмкін. Осындай мәселелерге қарамастан үкімет тарапынан мүгедек жандарға барынша қолдау жасалып жатыр. Жылдан-жылға қаражат көлемі де артып келеді» дейді.
Саладағы жетістік
«Шапағат» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің ІІІ Республикалық байқауында «Тұтынушы секторы мен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы үздік өнертабыс» номинациясы бойынша № 15668 алдын ала патентімен қорғалған «Сан протезінің тізе түйіні» өнертабысын ұсынған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі «Республикалық эксперименталды протездеу орталығы» РМҚК марапатталды. Әзірленген құрылым мүгедектерге протез қолдануды жеңілдетеді. Ұсынылған 6М 004-00-00 түйін«ОТТО-БОКК неміс фирмасы бұйымдарының стандартына сәйкес келеді және Киров атындағы Алматы зауытында шығарылады. Бұйым басқа елдерде жасалған нұсқаларынан 5 есе арзан тұрады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста