АИ-95-ке сұраныс артты: Қазақстан Ресейден бензин импорттамақ

АИ-95-ке сұраныс артты: Қазақстан Ресейден бензин импорттамақ

Қазақстанның ірі жанар-жағармай құю бекеттері Ресейден бензин импорттау мәселесін пысықтап жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Энергетика министрлігіне сілтеме жасап жазды.

«Жазғы демалыс кезеңін және АИ-95-ке сұраныстың артуын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Энергетика министрліктері арасындағы индикативтік жоспар шеңберінде ірі жанар-жағармай құю стансалары - «PetroRetail», «Sinooil», «Helios» және «Газпромнефть» АИ-95 автобензинін импорттау мәселелерін пысықтап жатыр», - делінген мәліметте.

 

Қазіргі уақытта елдегі жанар-жағармайдың (мұнай базаларында, МӨЗ жолдарында және резервуарларында) жиынтық қоры:

 

- автобензин АИ-92 – 357 мың тонна. Бұл елдің 23 тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті;

 

- АИ-95 – 50 мың тонна (15 тәулік);

 

- дизель отыны – 518 мың тонна (28 тәулік).

 

«Бұдан басқа облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жанар-жағармай жөніндегі өңірлік комиссияларының Бәсекелестікті қорғау және дамыту және қаржы мониторингі агенттіктерінің, мемлекеттік кірістер және Табиғи монополияларды реттеу комитеттерінің өкілдерімен бірлесіп, мұнай базаларында ЖЖМ қорларын өткізу мен мониторингілеуде ЖЖМ шектеулеріне, ЖЖМ бағаларының негізсіз өсуі мен тасымалдануына жол бермеу жөніндегі қызметі жалғасуда», - делінген министрлік хабарламасында.

 

Бұған дейін Энергетика министрлігі Шымкент мұнай өңдеу зауыты ішінара жөндеуге жабылатынын хабарлаған болатын.

 

Осыған орай, шілде айына автобензиннің қажетті мөлшерін сақтау үшін өндірістік жоспарлар келесідей түзіліп отыр:

 

- Атырау МӨЗ-де – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 20-дан 45 мың тоннаға дейін ұлғайтылды, АИ-92 – 100 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.- Шымкент МӨЗ-де – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 29 мың тоннаға төмендеді, АИ-92 – 140 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста