Африканың мәдени күндері жалғасады

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі басталғалы түрлі мәдени іс-шаралар өтуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме аясындағы мәдени іс шаралар әлі де жалғасын таба бермек. Осындай мәдени шаралардың бір парасына «Жас алаш» газеті тоқталып өтті.
Мәселен, Оңтүстік Африка республикасының Қазақстандағы елшілігінің ұйымдастыруымен көптеген шаралардың жоспары жасалып отыр.Солардың бірі деп «Бостандыққа дейінгі ұзақ жол» және оңтүстік африкалық «Больше, чем просто игра» атты деректі фильмін айтуға болады. Алғашқысында ұлы күрескердің балалық шағы, күрескерлігі мен Оңтүстік Африка республикасының демократиялық жолмен келген алғашқы президенті ретінде таққа отырғанға дейінгі өмірі қамтылған. Екінші фильмде Макана футбол қауымдастығының тарихы сөз болады. Аталмыш фильмдер KINOPARK желісі арқылы көрсетіледі. Көрсетілімге аталмыш фильмдердің режисері Анант Сингх келеді деп күтіліп отыр.
Айтпақшы, осы жылы Оңтүстік Африка республикасының Қазақстандағы елшілігінің ұйымдастыруымен Манделаның қанатты сөздері жинақталған кітаптың қазақша аудармасының тұсауы кесіледі. Аударма авторы жазушы Бақытқожа Рүстемов.
2009 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ассамблеясы оның бейбітшілік пен бостандық ісіне қосқан үлесі үшін 18 шілдені Халықаралық Н. Мандела күні деп белгіледі. Бұл 1918 жылы дәл осы күні ұлы күрескердің өзі дүниеге келген күні. Оңтүстік Африка республикасында осы күні әркім 67 минут уақытын қоғамға қызмет етуге арнауы тиіс деген бұлжымас қағида орнаған. Әрі көптеген елдерде маусым-шілде айларында Мандела айлығы өткізіледі.
Сонымен қатар, 18 шілде күні Манделаның туған күні қарсаңында Оңтүстік Африканың ұлттық күнін өткізілетін болады. Шараға аталмыш елдің жетекші әртістері мен музыканттары келіп өнер көрсетеді. Елшіліктің арнайы шақыртуымен келгелі отырған әкелі балалы дауылпазшылар Данниэля мен Дэнни Петерсеннің өнерін тамашалауға болады. Даниэль Петерсен 14 жастағы жеткіншек. АҚШ тың бұрынғы президенті Барак Обаманың арнайы жүлдесіне ие болған өнерпаз. ЭКСПО көрмесі аясындағы Африка плазасында өтетін естен кетпес бұл ерекше кеш 20 шілдеге дейін созылады.


Соңғы деректерге сүйенсек, әлем көз тіккен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін ашылған күннен бері 1 000 000 миллион астам адам келіп тамашалап үлгерген. Келушілердің 130 мыңға жуығы яғни 14 пайызы алыс –жақын шетелден келген азаматтар. «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаментінің директоры Ілия Оразақовтың айтуынша келушілердің назарын ең көп аударған нысан «Нұр-Әлем» павильоны болып отыр. Ал Халықаралық павильондардың ішінде Ресей, Өзбекстан, Германия, Үндістан және Оңтүстік Корея елдері көш бастап тұр. Ал бұдан кейінгі орында біз сөз еткен Африка плазасы келеді. 

Жас алаш

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста