26 мамырдан бастап көлік салығын төлемегендердің есепшоты бұғатталады

Төрт күн ішінде көлік салығын төлеу керек. Мемлекеттік кірістер департаменті осылай ескерту жасады. Ескертуді елемеген тұрғындардың көлігі тәркіленіп, есепшоты бұғатталады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысында 12 мыңнан астам адам борышкерлер тізімінде тұр. Тұрғындардың қордаланған қарызы 190 миллион теңгеге жеткен.

Ал өзге өңірлерде жағдай қалай?

 

Қостанай мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің айтуынша, он жылдан бері көлік салығын төлемей жүрген тұрғындар бар. Кейбірінің қордаланған қарызы 5 миллион теңгеден асқан. Жылдар бойы бой жасырып жүрген борышкердің бесеуі 3 тәулікке қамауға алынды.

 

Шынар МҰҚАНОВА,ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

- Салық уақытында төленбеген жағдайда әр кешіккен күнге өсімпұл жазылады. Борышкерлерге берешегі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама отыз күнде орындалмаса салық бұйрығы жолданады. 26 мамырдан бастап орындалмаған салық бұйрықтарымен берешекеті мәжбүрлі өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға беріледі.

 

Төрт күннен кейін 12 мың борышкердің тізімі жеке сот орындаушыларға жіберіледі. Өңірлік палата өкілдері бұған дейін мәжбүрлі орындауға жолданған мың екі жүз материалмен жұмыс істеп, 60 миллионнан астам теңге өндірілгенін айтып отыр.

 

Әділхан СҮЙІНБЕКОВ, ӨҢІРЛІК ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ПАЛАТАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

- Осыған дейін салық төлемей жүрген он адамның көлік құралы тәркіленді. Олар дереу қарызын өтеді. Кейбір борышкер көлігінен айрылғанда немесе есеп-шоты бұғатталған кезде ғана салық төлеуге жүгіре бастайды.

 

Қалың қарызды өндіру үшін сот орындаушылар борышкерді шетел асырмауға, көлігін айыппұл тұрағына апаруға құқылы. Банктегі есеп-шоттарын бұғаттап, басқа да мүлкіне тыйым салады.Тіпті әлгі қарыз көп адамның жүргізуші куәлігіне шейін шектеу қойылып, қамауға алуға қақы бар.

 

Сот орындаушыларды сарсаңға салған көлік салығының түйткілі мәжбүрлі түрде ғана шешілмек. Ал Атырау жақта қандай шара қолданып жатыр? 

 

Атырау облысында биылғыны былай қойғанда, былтырғы көлік салығынан жалтарып жүргендер бар. Салыққа салғырт қараған төрт мың жарымнан астам көлік жүргізуші 244 миллион теңгеге берешек.

 

Биыл бес айдағы статистикада да көңіл көншітпейді. 14 мыңға жуық көлік иесі салық төлемеген. Олардың борышы 500 млн теңгеге жетіп жығылады. Көп балалы ана Жайнагүлдің көлік тізгіндегеніне бес жылдан асқан. Биыл алғаш рет салықты уақытылы төлемедім дейді ол.

 

Бірнеше жылдан бері өзімнің жеке көлігімді жүргізіп келемін. Осы жылдың басында балалардың қамымен жүріп салық төлеуді ұмытып кеткенмен. Енді осы жылы айыппұлмен төлеуге тура келіп тұр. Бұрын-соңды ондай қайталанып көрмеген.

 

Жайнагүл сияқты түрлі сылтауды алға тартып созбаққа салатындар көп. Салықшылар берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлерді бірден жеке сот орындаушыларға жібереді. Заңнамаға сәйкес олар банк шоты мен мүлікке тыйым салуға құқылы.

 

Нұрмира ОРЫНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 

- 1-тоқсанда 28 рейд жүргізген болатынбыз. 163 жеке тұлғадан 4 млн теңге бюджетке өндірілді. Және рейд барысына жүргізгенде жеке тұлғалардың қаражаттарының болмауына байланысты сылтаулар айтады. Одан басқа қымбат машиналар мысалға автокөлік құралының көлемінің көп болуына байланысты салық сомалары да көп болады. Сондай жағдайларда көлік салықтарын төлемей қалады.

 

Бір ескеретін жайт сот орындаушылары көлік иесінен салыққа берешегімен бірге сол соманың 25 пайызы көлемінде қосымша ақы өндіріп алады. Сондықтан мамандар өсімпұлсыз уақытылы төлеуге кеңес береді. Айтуларынша, міндетті төлемнен қашқандар қатарында қозғалтқыш көлемі үлкен, қымбат көліктер де баршылық.

 

Рейдтік шаралар кезінде салығы төленбеген көлік айыппұл тұрағына қойылады. Ондайда иесі қарызын бірден төлеп, темір тұлпарын алуға асығады екен.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста