Ахтановтың «Анты» сахналанды

Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер акаде­мия­сында жазушы Тахауи Ахтановтың шығар­масының желісі бойын­ша Тұң­ғышбай әл-Таразидың режис­сер­лігімен студенттер «Ант» тарихи-дра­ма­лық қойылымын сахналады.
Екі бөлімді тарихи қойылым Әбіл­хайыр хан мен оның қайраткерлік қы­рын ашып көрсетуге бағытталған. Әбіл­­­хайыр ханның айналасындағы айтыс-тартыс, билікке талас, отаршыл Ақ патшаның сұмпайы саясаты қойы­лым­нан көрініс табады. Әбілхайырдың таққа отыруына елеулі үлес қосқан қос тұлға: Сауран сұлтан мен Бәтима ха­нымды сомда­ған Әсет Есжан мен Ди­нара Шымырбаеваның әр­тістік ше­берліктері үлкен үміт күттіреді. Со­нымен бірге Әбілхайыр хан, Төле би, Қайып хан, Сәмеке хан, Барақ сұл­тан, Мыртық би, Жа­нарыс, Қоңтәжі рөл­деріндегі Мұрат Рыс­бек, Ерғали Спатаев, Еламан Құмарбек, Мақ­сат Рах­мет, Дастан Қасымшал, Мақсат Сахи­­ұлы, Медет Дүйсенбеков, Ұшқын Жа­­ма­бек сияқ­ты жас әртістер көпші­ліктің сүйіс­пенші­лігі­не бөлене білді.      
Аман ҚҰЛБАЕВ, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы­ның проректоры, профессор, академик:
– Әртіс болу – оңай емес. Әртіске та­ри­хи кейіп­керді сомдау үшін сол заман­ның көзімен қа­рай алатын терең білім, рухани байлық керек екені өз-өзі­нен түсінікті. Бүгінгі әртістер­дің  ішін­де өзі ойнайтын кейіпкерін танып-біл­­­мей жатып-ақ сөздерін жаттап алып сах­­наға шығатындары жеткілікті. Де­ген­мен бү­­гін­гі қойылымда әртістердің өз кейіпкер­ле­­рінің ішкі жан-дүниесін беруге деген ұмты­лы­сы байқалады. Әсіресе Бәтима ханымды сом­­даған Динара Шымырбекованың шы­на­йы­лы­ғы ұнады. Бұл жастардың болашақта та­­лай белесті бағындырарына сене­мін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста