Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық өнерінің бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.

Сыбаға – құрметті қонаққа немесе жақын-жуыққа арнап сақтал­ған кәделі мал етінің мүшелері. Мәсе­лен, ақсақалдарға, құдаларға, т.б. жолы үлкен адамдарға бас, жамбас, жая мен ірі малдың омыртқалары сияқты мүше­лері тартылса, ал құдағилардың жам­бас, қыздар мен күйеу балалардың төс, балалардың құлақ, бүйрек пен жүрек сияқты сыбағалары болады. Өзі келе алмайтын қарт адамдардың сыбағасы беріп жіберіледі. Үлкен адам­дарға ірі мал жамбасының шұқыр­шағын, жауырыны мен кәрі жілігі асыл­майды. Қыздарға кәрі жілік, өкпе берілмейді. Қолдың жіліктері құрметті адамдарға тартылмайды.
Сыңсу – қыз ұзату дәстүріне бай­ланысты туған тұрмыс-салт жыр­ларының бірі. Бұл – қыздың ұзатылар алдындағы ел-жұртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастары, туып-өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын қыз тетелес сіңлілері немесе жас жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. Сыңсу өлеңдерін ақындар немесе қыздардың өздері шығарады. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа естірте өзінің мұңын, қайғы-қасі­ре­тін шағады. Сыңсуда қыздың жеке басының мұңы әлеуметтік мәсе­ле­ле­рімен ұштасып, ескі әдет-ғұрыпты әш­ке­релеумен қатар қоғамдық ортаның, азаттық аңсаған әйелдердің көзқарасы білдірілген. Сыңсу өлеңдері құры­лы­сына қарай 7, 8,11 буынды болып келеді.
Сірге жияр – күзге қарай шөп буыны қатқан кезде, бие ағытылып, бұзаудан сірге алынар шақта жайылар дастарқан дәмін сірге салып, енесімен бірге өріске жібереді. Сіргелі бұзау оты қанып жайылғанымен, енесін еме алмайды. Дәлірек айтсақ, бұзау сіргесі шабына тиген сиыр емізбейді. Сірге бұзаудың да, сиырдың да еркін жайылып, семіруі үшін пайдаланылады.
Күзде ауыл балалары семіз бұзауға шалма тастап, сіргесін алады. Бұл күнге арнайы ет асылып, бірнеше күн бойы жиналған сірге жияр қымыз ішіліп, үлкен адамдар мал басының аман­ды­ғы­на бата беріп, игі тілектер айтысады.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің алдағы бірнеше санында қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!

Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста