Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздейміз. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (әсіресе орыс, парсы және араб тілінен енген) сөзден көп нәрсе жоқ. Бүгінгі санда біз «ысырап» және «әлқисса» сөзін алып отырмыз.

ЫСЫРАП. Қазақта «ысырап сараң­дық­тан да жаман» деген сөз бар. Ысы­рап мал-мүлікті жою, зая кетіру, мүшкіл халге түсіру, рәсуа ету, дінге де, дүниеге де пайдасыз етіп жұмсау дегенді білді­реді. Ысырап жайында хадистерде де өте көп айтылған. Мәселен, Хадис шә­риф­те: «Үнемдеген адам қиыншылық көрмейді» (Табарани), «Үнемдеу тірші­ліктің жартысы» (Хатиб), «Күн көрісте үнемдеу, пайғамбарлықтың жиырмадан бірі» (Әбу Дауд), «Қияметте барлық адам­дар мына төрт сұраққа жауап бер­мейінше, есептен құтыла алмайды:
1) Өмірін қалай өткізді?
2) Ілімімен қалай амал етті?
3) Мал-мүлкін қайдан қалай тапты және қайда жұмсады?
4) Денесін қайда шаршатты, қайда тоздырды?» (Тирмизи)
Ысыраптың көлемі қаншалықты көп болса, адамның көрер жаманшылығы, шегер зардабы да соншалықты көп бо­ла­ды екен. Сондықтан кіші деп саналған нәрселерді біріктіргенде үлкен сандар шығатынын естен шығармаған абзал. Оған дәлел ретінде минутына он тамшы су жіберетін краннан айына 170 литр су далаға кететінін айтсақ та жеткілікті. Жыл он екі ай құрғақшылықтың зарда­бын тартатын елдерде мұнша су бір күнде 70-80 адамның қажеттілігін өтеу­ге жетеді екен.
ӘЛҚИССА. Қазақтың көне сөзі болғанымен, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін сөздер қатарына жатады. Қазақтар «әлқисса» деп әр істің, әр әңгі­менің бастауын, негізін, діңгегін айтқан. Мысалы, арада жылдар өтсе де, іс оңал­маса, әр жасаған жұмыс зейнетке емес, керісінше бейнетке әкеп соқтырса, ада­м­дар жаңаны енгіземіз деп, ескіге зар болып қалған жағдайда «әңгіменің әл­қиссасы» деп бастаған. Қазақтың дәу­лескер күйшісі, композиторы Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» деген күйі бар.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің келесі санында «тәңір» және «күпірлік» сөздерінің мағынасын ашып беруге тырысамыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!

Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста