Жұма намазы алдында құран оқудың үкімі қандай?

Әссәламу уалейкум! менің сұрағым мынадай: Жұма күні уағыздың алдында мешіттерде имамдар Құран оқып жатады. Сол дұрыс па?
Уа алейкум ассалам! Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала:
فَاقْرَءُوا مَا تَيَسَّرَ مِنَ الْقُرْآنِ

«Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар», – дейді[1].

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Құран сүрелерінің артықшылығы жайында айтқан көп хадистері бар. Мысалға, «Бақара» және «Әли Имран» сүрелері туралы: «Құран оқыңдар! Расында, Қиямет күні Құран өзін оқушыға шапағат етеді. Екі нұрды оқыңдар: «Бақара» және «Әли Имран». Расында, Қиямет күні олар екі бұлт күйінде келеді... және өзін оқушыларды қорғайды»[2] делінсе, «Мүлк» сүресі турасында: «Құранда отыз аяттан тұратын сүре бар. Кім оны оқыса, Қияметте оның күнәсі кешірілмейінше шапағат етуін тоқтатпайды. Ол – Мүлк сүресі»[3] – деп айтылады.
Тағы бір риуаятта:

من قرأ سورة الكهف في يوم الجمعة أضاء له من النور ما بين الجمعتين

«Кім жұма күні «Кәһф» сүресін оқыса, оған екі жұма арасында жарық ететін нұр болады»[4].

Бұл хадистер Құранды оқуға қатысты айтылған еді. Ал, енді оны тыңдау хақысында ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
مَن اسْتَمَعَ إِلَى آيَةٍ مِن كِتَابِ اللهِ كُتبَت لَهُ حَسَنةٌ مُضَاعَفَةٌ، وَمَن تَلَا آيَةً مِن كِتَابِ اللهِ كَانَت لَهُ نُورًا يَومَ الْقِيامَةِ

«Кімде-кім Алланың кітабы Құраннан бір аят тыңдаса, оған еселеп сауап жазылады. Кімде-кім Құраннан бір аят оқыса, қиямет күні өзіне нұр болады», – дейді.

Келесі бір хадисте:

زينوا القرآن بأصواتكم فإن الصوت الحسن يزيد القرآن حسنًا

«Дауыстарыңызбен Құранды көркем етіңіздер, себебі әдемі дауыс Құранның әсемдігін арттыра түседі», – деген[5].

 

Міне, жоғарыдағы аят-хадистерде Құранды әдемі дауыспен оқудың және оны тыңдаудың, сондай-ақ жұма күні «Кәһф» сүресін оқудың артықшылығы баяндалған. Осы орайда, жұма күні уағыз алдында Құран оқу және оны тыңдау – жамағатты Алланың кітабына жинап, намазға деген әзірлікті арттыра түсуіне өз септігін тигізетін сауапты іс болып табылады. +

 

Нұрлан Рамазанов
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің найб имамы

 muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста