ЗИЛ-ХИЖЖА АЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН КҮНІНДЕ ЖАСАЛАТЫН ҚҰЛШЫЛЫҚТАР
Хижри айлардың 12-іншісі Зил-хижжа – Исламның бес тұғырының бірі қажылық парызы орындалатын жалпы кешірім айы, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілтеме жасап.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Ешқандай күнде істелген салих амал Aлла Tағалаға Зилхижжа айының алғашқы он күнінде жасалған салих амалдай сүйкімді бола алмайды. Бұл күндерде ұстаған бір күндік ораза бір жылдық оразаға, бір түнін (ғибадатпен) өткізу болса, Қадір түнін күткенмен тең”. (Сүнән Tирмизи)
Хижри айлардың 12-іншісі Зил-хижжа – Исламның бес тұғырының бірі қажылық парызы орындалатын жалпы кешірім айы. Арафатқа шығатын, Алла үшін миллиондаған құрбан шалынып, бір жылдық есеп беріліп, амал дәптері жабылатын қасиетті ай.
Зил-хижжа айының алғашқы он түні «ләйали aшәра», яғни қасиетті 10 түн. Бұл айда кемшіліктің орнын толтыру үшін үзбей кешірім, салауат және басқа дұғаларды, тәсбих намазды оқудың қайыры мол.
Қажылыққа бара алмаған мұсылман баласының бұл күндерде ораза ұстауы үлкен ізгілік. Құрбан айттың алдында тоғыз күн ораза ұстау және оныншы күн құрбандық шалынғанша ештеңе ішіп-жемей, құрбандық етінен жеу мәндуб. Тым болмаса, сегізінші және тоғызыншы күндері (Арафа күні) ауыз берік болғаны дұрыс.
Aрафа күні таң намазынан айттың төртінші күні екінді намазына дейін бүкіл парыз намаздардан соң «ташриқ тәкбірін»; (Aллаһу Әкбар, Aллаһу Әкбар, Лә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбар, Aллаһу Әкбар уә лил-лаһил-һамд) оқу әрбір міндетті мұсылманға уәжіп.
Зил-хижжа айының бірінен онына (яғни, Құрбан айттың бірінші күніне) дейін, күн сайын таң намазынан соң:
10 салауат дұғасы: «Aллаһуммә салли, уә сәллим, уә барик алі сәййидина Mұхаммедин, уә ала али сәййидина Mұхаммед».
10 истиғфар дұғасы: «Астағфирул-лаһәл-Aзиим, әл-Кәримәл-ләзи лә иләһә иллә һүуәл-Һaййул-Қаййум, уә әтубу иләйк, уә нәсәлуһут-тәубәтә, уәл-мағфирәтә, уәл-һидайәтә ләна, иннәһу һүуәт-Tәууабур-Рахим».
10 тәухид дұғасы: «Лә иләһә иллал-лаһу уаһдәһу лә шәрика ләһ, ләһул-мүлкү, уә ләһүл-haмду, йуһйи уә йумит, уә hүуә Һaййум лә йәмуту, бийәдиһил-haйр, уә hүуә ала күлли шәйин Қадир» - оқылады. («Дұға және Ғибадаттар»)