Бiр жiгiт жұмысынан кеш шығып, үйiне қайтып бара жатқан жолда алдынан бiрнеше жігіттер шығады. Жақындай бергенде, арасынандағы біреуінің қолында пышақтың жалт-жұлт етіп тұрғанын көреді. Әлгілер жігіттке кеп былай дейді:
– Қалтаңда не бар, барын шығар!
Сонда жiгiт аспай-саспай:
– Тоқтай тұр. Иә, шығармасам оңбай таяқ жейтін түрім бар, мүмкін реанимациядан бірақ шығам, тіпті осы жерде жан тапсыратын да шығармын. Бiрақ, саған үш қана сұрақ қояйыншы. Егер жауабыңа көңілім толса, қалтамдағы "айфон" мен ақшаға толы әмиянды еш өкiнбестен саған сыйлаймын - дейді ортаға қоршалған жалғыз жігіт.
Бұндай сөзді күтпеген әлгі бұзақы:
– Қандай сұрақ? - дейдi таңырқай.
– Шыныңды айтшы, жiгiтсiң ба?
– Иә, жiгiтпiн.
– Қазақсың ба?
– Қазақпын.
– Мұсылмансың ба?
– Иә, мұсылманмын. Не бопты?
– Бауырым, егер шынымен жiгiт болсаң, әлсiздерге көмектесiп, осындай гоп-стопты неге тоқтатпайсың? Топ құрып, жалғыз-жарым жүргендерді түндегенің жiгiттiкке жатады ма? Қазақпын дедің. Бір атадан туған өз қазағыңа зұлымдық еткенің қалай? Ата-бабамыз осы жерді аманат қып қан төккен, бірақ пышақпен бір-бірін сойсын депті ма? Қазағыңды тонап күн көрiп, қазақпын деуге ұялмайсың ба? Мұсылманмын дейсiң, онда мұсылманға тән сипатың қане? Өз бауырына қауіп төндіру, біреудің денсаулығына зиян келтiру мұсылмандыққа жата ма? Мен де өзің сияқты адаммын ғой, болашағым үшін түн-жарымға дейін еңбек етіп жүрмін емес пе? - деп қатты ашумен дауыс көтерiп жiбередi. Осы сөздерден кейін жігіттер тым-тырыс... Қолдағы пышақ жерге «тырс» етіп түседі...
Сүйектен өткен ыза сөздер бұзық жігіттің көзіне жас салады. Сол жерде бауырын құшақтап, "кешірші, бауырым... кешір" - деп жылап жібереді.
Айналасындағы топ боп жиналған жігіттердің бәрі көзіне жас алып, әлгі жігітті кезек-кезек кеп құшақтай берді.
«Қоянды қамыс, жігітті намыс өлтіреді». Біреудің ризығын тартып жеу - батырлық емес, азғындық!