Жер қабылдамаған бейбақтар

 Ауылымызда Мәлікқазы деген ақсақал болып еді. Бірде, ауызашарда, қазақтың «жер қабылдамады» деген сөзі жайлы әңгіме өрбіді.

Мен сенімді жолмен жеткен мына бір хадисті айтып бердім: «Нәжжар ұлдарынан бір христиан бар еді. Алғашында мұсылмандықты қабылдап, «Бақара» және «Әли Имран» сүрелерін оқып жүреді. Пайғамбарға (с.ғ.с.) уаһи жазып беретін.

Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзіне түскен аяттарды кейбір сауатты кісілерге жазғызатын. Жалпы саны қырық шақты сондай кісілер пайғамбарға түскен уахиларды жазу арқылы аяттардың сақталуына атсалысқан. Сол кісі кейіннен қайтадан христиандыққа қайтып:

«Мұхаммед ештеңе білмейді. Тек менің жазып бергендерімді ғана біледі» деген сөзді тарата бастайды. Ол өлген соң христиандар оны жерлейді. Алайда, жұрт ертеңіне оның денесін қабірдің сыртқа шығарып тастағанын көреді.

Сонда христиандар: «Бұл – Мұхаммед пен сахабаларының ісі. Өздерінен кеткен соң бұл бауырымыздың кебінін шешіп, денесін далаға тастап кетті», - деп жала жабады. Терең шұңқыр қазып, оны сол жерге көмеді. Бірақ, ертеңіне оны жердің тағы да сыртқа шығарып тастағанын көреді.

Христиандар бұған тағы да мұсылмандарды айыптайды. Бір жерден тағы да шұңқыр қазады. Бар күштерін салып тереңдетіп қазады. Бірақ, ертеңіне дененің тағы да сыртта жатқанын көреді.

Сонда христиандар бұл істі адамдардың жасамағанын түсініп, мәйітті көмбей қалдырады. Хазірет Пайғамбар бұл кісі өлген кезде «Жер оны қабылдамайды» деп ескерткен екен».

Айтылған насихатты аса бір ыждаһаттылықпен тыңдаған Мәлікқазы ата күрсініп қойып, былай деген-ді: «Е-е, балам, Мейірімі шексіз Жаратқанның ашуы да сұрапыл қой... Бұндай бейбақтар біздің қазақтың да арасында ара-тұра кездесіп қалады.

Ондайларды жұрт «Құдайдың қарғысы тиген» дейді... Мен сендерге бала кезімде көрген бір уақиғаны айтып берейін. Ол кезде арғы бетте, Қытай жеріндеміз. Бала болсақ та, ес тоқтатып қалған кезіміз.

Бір күні ауылдың іші дүрлігіп кетті. «Кешегі қайтыс болған Бәленбайдың мәйітін далаға шығарып тастапты» деген сөз желден де жылдам тарады. Содан жаңағы кісіні қайта жерледі.

Сұмдығы: ертесі оның денесі тағы да далада жатты. «А, Құдай, кешіре гөр! Я, Алла!» деп шулап жүріп, көрді тереңірек қаздырып, төрт бұрышына төрт қазық қақтырып, әлгі бейбақтың мәйітін сол қазықтарға шандырлап байлап, қайта көмді.

Бірақ, (О Құдірет!) ертесі қазық-мазығымен қосып, тағы да жер бетінде жатты! Елде де, туыстарында да түс жоқ! Өйтіп тастап қоюға кім қисын? Ит те болса адам ғой! (Астапыралла! Я, Алла Өзің кешір).

Олай деп отырғаным: қаны бұзық адам еді. Қызыл белсенді болып алып, талайларды зар жылатқан! Соңғы рет бір жесірдің күн көріп отырған жалғыз биесін тартып алып кетіп, әлгі әйелдің оны сұмдық қарғағанын айтушы еді жұрт...

Содан үлкендер ақылдаса келіп: «Бұны жер қабылдамады; енді суға тастағаннан басқа амал жоқ» деп шешті. Сөйтіп, Іленің бір жарлау жеріне апарып, үлкен бір тасқа шандып байланған мәйітті суға лақтырды.

Бірақ, тағы да (О Құдірет!) ертесі оның тас-масымен қоса сол лақтырған жағалауда жатқанына куә болдық... Ешкім жанына бара алмады.

Баласы да, бауыры да бармады. Қорықты. Сірә, ақсақалдар: «Енді жоласақ, бұның бәлесі бізге де тиеді» деген-ау... Ақыры сол жерде ит-құсқа жем болып, іріп-шіріп жоғалды... Иә-ә, шектен шығуға болмайды ғой. Алла сақтасын...»

Осы әңгімені бажама айтып бердім бірде. Басын шайқап қойып, жүзі күреңіте түсіп:
- Бұндай жағдай біздің жақта да болған, - деп бастады ол әңгімесін. – Үлкендерден естігем.

Жаңа сен айтқандай, ырым-сырымын жасап үш мәрте жерлесе де, жер қабылдамай, мәйітті сыртқа шығарып тастапты. Ауылдың молдасы: «Бұл жерде Алла Тағаланың үлкен ескертуі бар... Ренжімеңіздер, енді бара алмаймын...» деп бас тартқан соң: «Енді не істейміз?

Мұндай жағдайда не істеу керек?» - деп жанұшырған туыстары жөн білетін адам іздеп кетті. Ақыры көрші ауданнан діни сауаты бар, көргені көп бір ақсақалды тауып, алып келіпті ауылға. Әрине, онсыз да құлағы түрік жүрген жұрт ол кісінің келгенін естіген соң тұтас жиналыпты.

Сонда жаңағы қария айтты дейді: «Бауырларым! Балаларым! Өздерің білесіңдер, қайтқан адамның сыртынан жаман сөз айтуға болмайды. Пайғамбарымыз тыйым салған!

Алайда, осындай жағдайда бұл адамның істеген күнәсін білетін адам айтуы керек. Ғибрат үшін. Қайталамау үшін! Өйткені сол жаман істерінің бірі немесе бәрінің жиынтығы бұл бейбақты осындай күйге түсіріп отыр!.. Ал, айтыңыздар».

Басында үндемей тұрғандарымен, біраздан соң үлкен кісілер бастап, басқа да куә болғандар қоштап, әлгі кісінің қателік-күнәлары ортаға салыныпты.

Біреуі оның арақ-шарапқа әуес болғанын (Ол заманда көбі ішті ғой, Құдай Өзі кешірсін), біреуі өсек-ғайбат, боқтық сөзді сапырғанын, келесі біреуі суық жүрісті болғанын, енді біреуі кісі ақысын жегенін, біреуі Құдайға тіл тигізгенін, қысқасы бар білгендерін айтыпты.

Сонда қабағы түсіп, жүзі қабарып кеткен қария: «Уа, ағайын! Осы айтылғандардың барлығының жаман істер екенін, бұларға шариғатымызда тыйым салынғанын білесіздер.

Менің айтарым: егер өздеріңе жандарыңыз ашыса, бұлардың бірде-бірін істемеңіздер! Өйткені: бұл өмір – сынақ, ал біз қонақпыз. Тұрақтайтын жеріміз – не Жұмақ, не тозақ (Алла сақтасын одан!).

Бұл бейбақтың қай ісі үшін бұндай сұмдыққа ұшырағанын білмейміз. Оны Алла біледі... «Сақтансаң – сақтаймын» деген Жаратушы Иеміз. Сақтану керек, бауырларым, сақтану керек! Өйткені бұл – үлкен ескерту! Сіз бен бізге ескерту!

Өмірдің ойыншық емес екенін, күнәнің апат екенін ескерту!.. Жалпы, қайтыс болған мұсылман баласын тазалап жуып, аққа орап арулап көмеді. Бірақ бұндай жер қабылдамаған жағдайда, қайта шықпауы үшін, басқаша жасалады...» - депті де, малдың жас тезегін алып келуді бұйырыпты.

Әкелінген қиды мәйіттің үстіне жақтырып, шұңқырға итертіп түсіртіпті де көмдіріпті. Содан қайтып шықпапты. Осы оқиғадан кейін: «Ол жаққа кім барып келіпті дейсің? Ертегіңді айтпа» деп жүргендердің ауызына құм құйылыпты... Біздің жақта бұл оқиға көп айтыла бермейді...

- Түсініп отырмын. «Асылып өлген кiсiсi бар үйде арқан туралы әңгiме айтпа» деген қазағымның әдебі ғой...

- Иә, солай. Е-е бажеке, «Алла сақтасын мұндайдан!» деп тілейік.
- Дұрыс айтасың, Алла Өзі сақтасын! Адасудан, күнә мен қарғыстан сақтасын!..
- Әумин.

- «Алла-ай» десеңші... Шынымен ойланған адамға ғибрат деген жетеді ғой өмірде. Көре білген адамға бүкіл Тіршілік Ұлы Жаратушының бар екенін, Құранның хақ екенін жар салып тұр ғой... Естіп пе едің?
- Нені?

- Мавзолейде жатқан «Күн көсемнің» жайын.
- Иә?

- Мысалы: бір кісілердің көзқарасында сол Ленин керемет құрметке бөленген адам сияқты; ал шындығына келгенде оны жер қабылдамай отыр...

- Астапыралла!.. Расында, қылмағаны жоқ қой бәленің... Алла Тағала бұндай бәледен бізді де, бала-шағамызды да сақтасын!
- Әмиин...

Алғадай Әбілғазыұлы.

Maksat Skakov facebook.com парақшаынан алынды 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста