ЗЕКЕТ ПЕН САДАҚАНЫҢ ПАРҚЫ

Көп кісілер әлі күнге дейін зекет пен садақаның ара-жігін ажырата алмай жүр. Аптасына бір күн, жұма намазына барып, садақа жәшігіне тиын-тебен тастап, не болмаса көшедегі қайыр-садақа сұрап тұрғандарға бергенін ескеріп, мен де зекет беріп жүрмін деп ойлайды. Әрине, берген қайыр-садақалары қабыл болсын! Бірақ қанша дегенмен де, мойнымыздан парыздың түсуі үшін, зекетті жетік білгеніміз абзал болады.

Ең алдымен зекеттің бай-дәулетті мұсылмандарға Алла Тағала тарапынан жүктелген міндет, қасиетті борыш екенін білуіміз керек. Оған дәлел қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)хадистерінде келтірілген. Ал шариғат бойынша кімде-кімнің 85 гр. алтыны немесе 595 гр. күмісі болса, не осы екеуінің біреуінің құнына жететін қаражаты болса, ол кісі бай-дәулетті адам деп есептелінеді. Яғни ақшасы нисабқа жеткен болады. Нисаб деп алтын-күмістің, ақшаның, мал-дүниенің белгілі бір дәрежеге жетуін айтамыз. Мысал үшін алтын-күмістің, ақшаның нисабын білдік. Малдың нисабы қой мен ешкі саны 40-қа жеткенде, сиыр 30-ға жеткенде, түйе 5-ке жеткенде, жылқылардың орта есебі 85 гр алтынның құнына жеткенде, егіншілік пен диқаншылық-тың, бау-бақшаның нисабы 632 кг 800 грамға жеткенде, әрбір иманды, бай-дәулетті мұсылман ер мен әйел үшін жылына бір рет зекет беру парыз болады.

Нисабқа жеткен байлығының, мал-дүниесінің қырықтан бірін, яғни 2,5 пайызын тиісті орындарға беру арқылы, мал-дүниесін тіл-көзден, табиғи апаттардан, ұры-қарыдан, босқа төгіліп-шашылудан, арам өліп қалудан, ысырап болудан, қор болып қалудан Алла Тағала сақтап, берекесін береді. Әрине, зекет беру кезінде, ниетіміз бір Алланың разылығы үшін болуы керек, себебі ниет ету шарт. Зекетте көлемі шарт, ал садақада көлемі шарт емес, шамаңызға қарай бересіз.

Зекеттің тағы бір шарты – Құранда айтылған 8 топтағы мұсылман адамдарға ғана беріледі, («Тәубе» сүресінің 60-аятын қараңыз), ал садақа кез келген кісіге, тіпті мұсылман еместерге де беріле береді. Жоғарыдағы аятта айтылған 8 топтан басқа бір жерге берілген зекет дұрыс деп есептелінбейді және зекетін қайта беру керек болады.

Зекеттің тағы бір шарты – тамлик. Тамлик дегеніміз – бір заттың басқа бір адамға беріліп, ол зат, ақша, мал-дүние сол кісінің иелігіне өтуі, яғни иелендіру сипаты болуы. Мысал үшін бір жерде жол салынып жатса, жолға қосқан үлесім деп зекет беру дұрыс емес. Сол секілді мектеп, медресе, мешіт, көпір құрылыстарына зекет берілмейді. Әрине, бұлар өте үлкен сауапты істер, бірақ бұлар тек бай-дәулетті кісілердің ғана атқаратын істері емес, ол әрбір сауап іздеген мұсылманның атсалысуы керек болған қайырлы істер болып саналады. Мысалы, бір кісі өзінің қара күші арқылы немесе ақыл-ойы арқылы, техникасы арқылы, жұмысшылары арқылы, өзінің құрал-саймандары арқылы жәрдемдессе, қажет болса шелекпен су тасыса да, ол үлкен сауапты іс болып саналады. Бірақ, бұл істеп жатқан істері, бір кісінің жеке басының мүлкі бола алмайды, яғни бұл жерде тамлик жоқ. Демек бір зат, бір кісінің иелігінен, басқа бір мұқтаж кісінің (жоғарыда айтылған 8-топ) иелігіне өткенде ғана тамлик шарты орындалып, зекеті дұрыс болып саналады.


Ержан Саматбекұлы
mazhab.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста