Зекет бермеу-ауыр күнә

 Өзара бауырмалдық пен жанашырлыққа, адамгершілікке негізделген салауатты қоғам құруды мақсат ететін Ислам дінінде әр мұсылманға бес парыздың жүктелетіні белгілі. Парыз дегеніміз, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Парыз деп білінген істерді қандай да бір себеппен орындамау адамды жауапкершіліктен босатпайды. Осы себепті зекет туралы сөз қозғағанда, оның парыздығын жете түсіну маңызды. Құранда: «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер» («Бақара» сүресі, 4-аят), – деген әмір осы сөзіміздің айғағы бола алады.

Алланың елшісі (с.ғ.с) өзінің хадистерінде зекеттің Ислам дінінің ең басты парыздарының бірі екендігін баса айтып өткен. Мысалы, аса танымал хадисінде ол (с.ғ.с) былай дейді: «Ислам бес нәрседен: Алладан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік беруден, намаз оқудан, зекет беруден, қажылықтан және рамазан айында ораза тұтудан құралған», – деген. (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен).

Дәулетті мұсылмандардың жылына бір рет малының, дүние-мүлкінің, дәулетінің қырықтан бір бөлігін зекет ретінде беруінің астарында ұлкен мән жатыр. Тарқатып айтар болсақ, ол қоғамға қарасуға, қайырымдылық жасауға, жанашырлыққа жатады. Берілген зекеттер сол қоғамдағы мұқтаж жандарға, басқа да игілікті істерге жаратылатындықтан, бұл сол қоғамның қайырымды бола түсуіне жол ашады.

Зекет беру, Алла жолына қайыр садақа жұмсау, қоғамдағы мұқтаж жандарға қарасу адамның шынайы мұсылмандығын, жомарттығын әрі дүниеге тым құмартпағандығын білдіреді. Өйткені «Пенденің көзі жалғанда» демекші, дүние тіршілігіндегі үлкен сынақтың бірі — дүниеқұмарлық. Мұсылмандар әрдайым бұл дүниенің сынақ, сәл күндік алданыш екенін қаперде ұстайды. Бұл шындық Құран Кәрімде былай бейнеленген:

 

اعْلَمُواأَنَّمَاالْحَيَاةُالدُّنْيَالَعِبٌوَلَهْوٌوَزِينَةٌوَتَفَاخُرٌبَيْنَكُمْوَتَكَاثُرٌفِيالْأَمْوَالِوَالْأَوْلَادِۖكَمَثَلِغَيْثٍأَعْجَبَالْكُفَّارَنَبَاتُهُثُمَّيَهِيجُفَتَرَاهُمُصْفَرًّاثُمَّيَكُونُحُطَامًاۖوَفِيالْآخِرَةِعَذَابٌشَدِيدٌوَمَغْفِرَةٌمِّنَاللَّهِوَرِضْوَانٌۚوَمَاالْحَيَاةُالدُّنْيَاإِلَّامَتَاعُالْغُرُورِ

 

«Біліп қойыңдар! Шын мәнінде, дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән ғана. Өзара мақтанысу, сондай-ақ мал-дүние мен балаларды көбейтудің жарысы. Бейне бір өсірген өсімдігімен егіншілерді таң қалдыратын жаңбыр сияқты. Сосын қурап, сап-сары болғанын көресің. Содан кейін үгінді болады. Дүние тіршілігі де сол сияқты. Ал ақыретте (кәпірлер үшін) қатты азап, (мүминдар үшін) Алладан жарылқау, ризалық бар. Негізінде, дүние тіршілігі алданыштан басқа ештеңе де емес» (Хадид сүресі, 20-аят).

Алланың елшісі (с.ғ.с) екі дүниенің парқын мынадай бір мысалмен түсіндірді:

مَا الدُّنْيَا فِي الآخِرَةِ إِلاَّ مِثْلَ مَا يَجْعَلُ أَحَدُكُمْ أُصْبُعَهُ فِي الْيَمِّ فَلْيَنْظُرْ بِمَ يَرْجِعُ؟

«Бұл дүние мен мәңгілік дүниенің айырмашылығын білу үшін, араларыңнан біреуің саусағын теңізге салсын да, одан не ілгеніне қарасын».(Муслим хадистер жинағы)

Бір күні Мейірім жаршысы болған Алла Елшісі (с.ғ.с) Әбу Һурайраға: «Әй, Әбу Һурайра, саған дүниені шын бет-бейнесімен көрсетейін бе?», — деп сұрады.

— Иә, көрсетіңіз, — дегенде, Алла елшісі оны Мәдинаның қоқыстары төгілетін жерге ертіп барды. Онда жыртық киімдер, адамның түрлі ластықтары, тіпті адам сүйектері де шашылып жатыр еді. Соларды нұсқады да, «Сен көріп тұрған мына сүйектер де бір кезде сендер сияқты дүниені пайда қылумен шұғылданып жүрген еді. Міне, қазір еттерінен ажырап, саудырап сүйектері ғана қалды. Бірте-бірте әбден шіріп, топыраққа айналады. Ал мына нәжістер адамдар бұрын жеген жылы-жұмсақ тағамдар еді. Қайдан болса, әйтеуір тауып, ауызға тоғытушы еді. Қазір қарашы, жұрттың бәрі бұлардан аулақ қашады. Ал мынау тозығы жеткен маталар бір кездерде әдемі, әсем киімдер еді. Қазір ше? Жел олардың тоз-тозын шығарған. Мына сүйектер олар мініп алып, жер-жерді шарлап, шапқылап жүрген көліктері. Міне, дүниенің жағдайы мен ақыры осы. Енді дүние тірлігі үшін жылағысы келгендер жыласын»,-деді.

Ислам діні «Мен тоқ болайын, басқасы не болса сол болсын» дейтін қара басын ғана ойлайтын өзімшілдік түсініктерге қарсы шығу арқылы қоғамның байлары мен кедейлері арасында от тұтанатын болымсыздықтарға іс насырға шаппас бұрын бөгет жасайды.

Өйткені зекет есесі – кедейлерге иелендіру арқылы берілген жағдайда ғана зекет ретінде қабылданады. Зекет – Исламның адамзатқа сыйлаған маңызды негіздерінің бірі. Зекет арқылы қоғамдағы кедей-кепшік пен жетім-жесірдің, пақыр мен мүсәпірдің қиыншылықтары белгілі мөлшерде жеңілдейді. Кәміл иман иелері жомарт болып, дәулеттерінен зекет беріп, садақа тарату және басқа да қайырымдылық амалдарымен қиналып жүрген мұқтаждардың сауабын алып, Алла Тағала разылығынан үміт етеді.

Алла Тағала берген мал-мүліктің зекетін, садақасын беру әрбір мұсылман үшін міндетті іс болып саналады. Сондықтан да Алла Тағала : «Жақсылықтың сыйы тек жақсылық қана емес пе?» («Рахман» сүресі, 60-аят), – деген аяты арқылы зекет пен қайырымдылық істер адамдарға көптеген рахмет пен мейірім есіктерін ашып, жаманшылықтың есіктерін жабатынын білдіреді.

Даңқты әрі ұлы Алла мұсылман қоғамын ізгі іс пен намаз оқуға, зекет беруге ынтымақтаса кірісетін береке тұнған, бақ қонған қайырлы қоғам ретінде сипаттаған. Алла Тағала былай дейді: «Олар (иман келтіргендер) сондай: егер Біз оларға жер бетінде бір билік берсек, олар намаз оқып, зекет беріп, жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыяды. Ал барлық істердің соңы Аллаға тән» («Хаж» сүресі, 41-аят);

Пайғамбар (с.ғ.с) хадистерінде зекет бермеудің үлкен күнә екендігін баса айтып, одан өзінің үмбетін қатаң сақтандырған. Зекеті берілмеген мал-мүлік Қиямет күні өзінің иесін азаптап, қинайды екен. Мына хадиске назар аударыңыз.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Тозаққа бірінші түсетін үш адам: шектен шыққан қатыгез әмірші, малынан Алланың хағын – зекетті өтемейтін мал-мүлік иесі және мақтаншақ, кердең кедей».

Зекеттің адамдардың жанын тазартуда, мінез-құлықтарын жақсартуда ерекше бір әсері бар. Ол қоғамдағы түрлі дерттерге, қарым-қатынастардағы салқын қабақтылыққа қарсы таптырмас дауа. Ол үмбеттің ішкі байланыстарын нығайта түсетін берік жіптей жалғау. Адамдарды біріктіреді, қажеттіліктерін өтейді, олардың арасындағы пақырлық пен мұқтаждықтың тауқыметін сыртқа тықсырып шығарады. Қоғамдық таптардың арасындағы тартыстарды тоқтатады.

Зекет сонымен бірге жылылық пен мейірімнің, ынтымақ пен ақ ниеттіліктің, жандарды жадыратып, жүректерді біріктірудің, жасақтарды жарақтандырып, кіріптарлықты жоюдың және жалпы үмбеттің мүдделерін өтеудің бір көркем мысалы.

Осындай себептерге байланысты бұл парыз әрбір діннің рәмізіне айналды. Қандай пайғамбар болмасын адамдарды дәл намаз оқуға шақырғанындай нақ осы парызды орындауға да үндеген.

Мұсылманның түсінігінде бұл өмір ақыретке дайындық жасау үшін берілген. Адам ақыретке өзімен дүниесін ала бармайды, тек жақсылықты істердегі сауаптарын ғана өзімен ала барады.

Зекет беру үлкен сауапты іс болса, зекетін бермеу ақыретте азапқа себеп болады. Әбу Һурайра, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) былай деп айтқанын риуаят етеді:

«Зекетін бермеген адамның байлығы ақырет күні ірі жылан пішініне кіреді. Екі көзінің үстінде (қорқыныштылығының белгісі ретінде) қап-қара екі домалақ дағы бар. Осы жылан қиямет күнінде иесінің мойнына оралады. Сосын аузымен иесінің екі жағынан ұстап: «Мен сенің дүниедегі (қатты жақсы көрген) байлығыңмын, мен сенің (жинаған) қазынаңмын», – дейді. Сосын Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мына аятты оқыды:

«Алланың кеңшілігінен өздеріне берілген нәрселерін (басқаларға бермей) сараңдық істегендер бұл істерін өздеріне қайырлы деп ойламасын. Жоқ, тіпті (бұл істері) өздері үшін ең үлкен жамандық. Ақырет күні сараңдық жасаған дүниелері мойындарына оралады» («Әли Имран» сүресі, 180-аят) десе «Тәубе» сүресі, 34-35-аяттарында Алла Тағала сараңдарды ақыреттің күйзелтуші азабынан былай деп ескертеді:

 

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّ كَثِيرًا مِّنَ الْأَحْبَارِ وَالرُّهْبَانِ لَيَأْكُلُونَ أَمْوَالَ النَّاسِ بِالْبَاطِلِ وَيَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ اللَّهِ ۗ وَالَّذِينَ يَكْنِزُونَ الذَّهَبَ وَالْفِضَّةَ وَلَا يُنفِقُونَهَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَبَشِّرْهُم بِعَذَابٍ أَلِيمٍ (34) يَوْمَ يُحْمَىٰ عَلَيْهَا فِي نَارِ جَهَنَّمَ فَتُكْوَىٰ بِهَا جِبَاهُهُمْ وَجُنُوبُهُمْ وَظُهُورُهُمْ ۖ هَٰذَا مَا كَنَزْتُمْ لِأَنفُسِكُمْ فَذُوقُوا مَا كُنتُمْ تَكْنِزُونَ

 

«Алтын, күмісті жинап, оны Алланың жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. Жиналған алтын мен күміс тозақ отында қыздырылып, онымен маңдайлары, қабырғалары және арқалары таңбаланатын қиямет күні оларға: «Міне, мынау – өздерің үшін жиған дүниелерің. Ал енді қанеки, жинағандарыңның дәмін татыңдар!»

Әйгілі табиғиндік ғалым Хасан Басри осы аятты оқығаннан кейін былай деген: «Дүние күйбеңі сендерді алдаусыратпасын» дегенді кім айтып тұр? Сол дүниені Жаратушының өзі айтып отыр. Дүние тіршілігін оны жаратушыдан артық кім білмек? Сақтаныңдар, ей адамдар, дүние тіршілігінің алдамшылығынан сақтаныңдар! Дүниенің жас баладай алдандыратын ойындары өте көп. Біреуі бітсе, екіншісі басталады. Не деген әурешілік! Адал табысының есебін беретінін, арам жолмен табылған табыстар үшін азапталатынын біліп тұрып, осынау қым-қуыт тірлікті таңдайды. Ақырет қиындықтарын еш уайымдамайды. Есеп күнін де ойламайды. Әрбір ісін тек Алла разылығы үшін жасамайды. Дініне зиян келіп жатса, мән бермей қоя салады да, дүниелік пайдаларына зиян келсе, жылап-сықтай жөнеледі».

Бүгінде халықтың имандылыққа бетбұрысы қарқынды. Ел ішінде Алла разылығын бәрінен жоғары қоя білетін тақуа, адал табысынан мұқтаждарға бөліп беріп, елдің ықыласына бөленіп жүрген азаматтар аз емес. Қазақ «Қол ашықтың жолы ашық» дейді. Қайырымды жандарды халық әрдайым ерекше сыйлап, қайырымды істерін өзгелерге үлгі етіп келген. Ендеше, дәстүрлі дініміздің бес парыздың бірі – зекетті өз талаптарына сай беру арқылы қоғамда ізгіліктің молаюына қызмет етейік, жетімдер мен жесірлерге көмек беріп, көңілі жабырқау жандарға қуаныш сыйлайық.

Зекет қоғамның бірлігін, тұтастығын сақтайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Зекет – Исламның көпірі» дейді.

Алла Тағаладан алдымен ең басты байлық – айнымас иманды тілейміз. Жаратқан Ие екі дүниенің жақсылығын берсін. Мал-мүліктерінің хағын, кедейлердің несібесін – зекеттерін бермей жүрген мұсылман бауырларымызға һидаят, тауфиқ бергей!

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста