Бұл жерде сұрақты «жасөспірім» дегеннен гөрі жалпы «жастар» деген дұрыс болар.
Әлеуметтік желілерден қоғамдық көлікте жастардың ересек кісілерге орын беріп-бермеуіне қатысты түрлі оқиғаларды көріп келеміз.
Қазақстандағы заң жүйесі англо-саксондық, романо-германдық сияқты заңдардың негізінде қаланғандықтан көп жағдайда халықтың ұлттық менталитеті, рухани дәстүрі ескерілмеген. Сондықтан да «жас азаматтың ересек адамға орын беруі міндетті» деген заң нормасы жоқ, азаматтар тең құқылы.
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» ережесі мұсылман халықтарының дәстүріне тән діни-этикалық нормалардың бірі ғана. Мұның ешқандай құқықтық күші жоқ.
Дегенмен кез келген халық арасында «обал», «сауап», «жақсы», «жаман», «ұят», «ар», «намыс» т.б. моральдық нормалардың маңызы жоғары.
Бүгінде жастардың «моральдық нормаларды» сақтамайтынына өзіміз кінәліміз, яғни, бірінші ата-ана, екінші кезекте аға буын.
Ата-ана отбасында баласын ұлттық дәстүрге баулымайды, қазақ халқына тән моральдық құндылықтарды бермейді.
Ал аға буынның басым бөлігі КСРО-ның жемісі болғандықтан ұлттық және рухани құндылықтарды дұрыс білмейді, кейінгі ұрпақпен рухани-тәрбиелік сабақтастық үзіліп қалған.
Бала жастайынан мораль нормаларын біліп, көріп өсуі тиіс. Біз сол кезде ғана олардан моральдық ережелерді талап ете аламыз.
Ал баланың рухани тәрбиесі отбасынан басталады сосын барып, мектеп келмек.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz