Күні кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы COVID-19 вирусі кезінде жаназа және құдайы ас өткізуге қатысты мәлімдеме жасады.
Құдайы астарға (жетісі, қырқы, жүзі, жылы және тағы басқа) қатысты талаптар мынандай:
– Астарды өткізбеуге немесе отбасы мүшелері, жақын тумаларымен шектелу;
– Бір ғана діни қызметкердің қатысуы;
– Санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және арақашықтық) сақтау.
Ағабек – жаназа туралыҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайдың айтуынша, жоғарыда аталған талаптарды орындамаған жағдайда діни басқарма тарапынан ешқандай жаза, шара қолданылмайды. Бұл аталған талаптар ұсыныс ретінде қарастырылып отыр.
Бас мүфти Әбдіғаппар Смановтың отбасына көңіл айтты
«Мәйіттер күн астында шіріп жатыр» – Қазақстан шекарасында қалған тәжік азаматтары дабыл қақты
Жітіқарада зират ішінен шақалақтың денесі табылды
– Әр облыстағы мешіт жанында ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, белгілі тұлғалардан құралған арнайы Ақылдастар алқасы бар. Осы топтың мүшелері тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әрине, бірі батырып, бірі түсіндіріп, бірі жетеге жетерліктей етіп айтады. Қалай десек де, мұсылман қауымы болғаннан кейін көпшілік Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының талаптарына бағынады. Сонымен қатар, Құдайы астарға (жетісі, қырқы, жүзі, жылы және тағы басқа) аз құраммен өткізсе немесе карантиннен кейінгі уақытқа қалдырса деген ұсынысымыз бар, − дейді Ағабек Қонарбай.
Жаназа туралы
Өңірлердегі имамдар COVID-19 коронавирусі кезінде жаназа және құдайы ас өткізуге қатысты талаптарды қатаң сақтауға халықты жаппай шақыруда. Павлодар облысының Бас имамы Жолдас Бертымуратов қазіргі жағдайда жаназаға келмей-ақ, телефон арқылы көңіл айтуға кеңес береді.
– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәлімдемесінде бетперде тағу, арақашықтықты сақтау сынды талаптар айтылған. Осы ретте, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жасыратыны жоқ, бастапқы кезеңде халық аурудың барына сенбей, немқұрайлы қарады. Қазір, статистикалық мәліметтер жағдайдың қиын екенін көрсетіп отыр. Қай шаңыраққа барсаң да, ауырып жатқан ағайынды көреміз. Қазір көпшіліктің басына іс түскеннен кейін талаптарды орындауға көшті.
Жаназа
Жерлеу рәсімі қалай жүргізілуі керек?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен коронавирус ауруынан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін жуындыруға және жерлеуге қатысты шаралар мынандай:
Мәйітті жуындыру. Өте қауіпті жұқпалы дерттен қайтыс болған адамды жуындыру рәсімі арнайы мемлекеттік мекеменің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес жүзеге асуы тиіс. Мәйітханада (морг) жуындыру шарасы шариғат талабына қайшы келмесе, мәйітті қайта жуындыру шарт емес. Қайтыс болған ер кісіні ер кісі, әйелді әйел жуындыруы керек.
Мәйітті кебіндеу. Шариғат бойынша мәйіт кебінделуі міндет. Ер кісі үш қабат матамен, ал әйел бес қабат матамен кебінделеді. Алайда жұқпалы дерттен қайтқан кісіні кебіндеу ісінде санитарлық қағидалар сақталуы тиіс. Егер мәйітханада кебінделген мәйіт шариғатқа сай болса, қайта кебіндеу шарт емес. Қайтыс болған ер кісіні ер кісі, әйелді әйел кебіндеуі қажет.
Жаназа намазын оқу. Қауіпті індетке байланысты жарияланған төтенше жағдайда жаназа намазына марқұмның ең жақын туыстарының қатысуы жеткілікті. Сақтық шаралары үшін адам санын барынша азайту қажет.
Мәйітті жерлеу. Мәйіт зиратқа арнайы көлікпен жеткізілуі тиіс. Мәйітті жерлеу рәсімінде биоқауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс. Сондай-ақ мәйіт қайтыс болған мекенінде жерленуі тиіс. Санитариялық-эпидемиологиялық мекемесінің рұқсатынсыз мәйітті үйіне немесе басқа мекен-жайға (өзге қалаға, туған жеріне) апармаған дұрыс.
– Павлодар облысында COVID-19 анықталып, қайтыс болғандардың жаназасына біз араласқан жоқпыз. Санэпидемстанция мамандары өздері жуындырып, кебіндіріп бізге даярлап берді. Біз тек жаназасын шығардық. Мәйітті қай жерге жерлеу керегін үйдің иелері шешеді. Алғашқы уақытта, яғни, наурыз айында белгілі бір бекітілген жерде жерлеу туралы талап болды. Кейін бұл шектеу алынды, − дейді Павлодар облысының Бас имамы Жолдас Бертымуратов.
Еркежан Айтқазы