Жамандық жеңе бере ме?

Сәлеметсіз бе! Менің сұрағым келгені: Жамандық жеңе бермек пе? Аноним.
Құрметті сауал жолдаушы, Құранның бірнеше жерінде «Уәл-Аақибәту лилмүттәқин – Түбінде табыс тақуаларға тән» делінген[1]. Аумалы-төкпелі мына дүниеде әртүрлі жағдай болады: Бірде жақсы, бірде жаман. Бірде мұңаясыз, бірде қуанасыз. Кейде айналадағы адамдардың жасаған жақсылықтарына қарық болсаңыз, кейде қиянат ететіндер де кездесіп жатады. Әйткенмен, «жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші, Жаратушыдан жақсылық күткен адам одан бұрын келуі ықтимал жамандыққа да дайын болуы тиіс деп ойлаймын. Өйткені, Құран Кәрімде: «Шынында бір ауырлыққа, екі есе жеңілдік бар», - делінген[2].

Құрметті сауал жолдаушы, Исламның алғашқы жылдары сахабалардың көрген азабы бәрімізге белгілі. Мүшріктер Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) соңынан ергендіктері үшін сахабаларға күн көрсетпеді: Ыстық күнге қақтады, таспен бастырды, тас боран етті. Осылайша қатты күйзеліске түскен сахабаларға Жаратушымыз: «Сендер бұрынғылар кездескен тауқыметке ұшырамай-ақ пейішке кіріп кетеміз деп ойлатын шығарсыңдар? Сендерден бұрынғылар қиындық көрді, қасіретке ұшырады, зілзәләны бастан кешті. Тіпті (қатты күйзелгендіктен) пайғамбар мен оған сенгендер: «Алланың жәрдемі қашан болар екен?», - десті. Біліп қойыңдар, шынында Алланың жәрдемі жақын», - деп басу айтты.

Шынында да, түрлі шешуші сәттерде сахабаларға Жаббар Иеміз өз қолдауын көрсетіп отырды. Мысалы, Хандақ* соғысында Мединедегі мұсылмандарды түп-тамырымен жою мақсатында Яхудилер мен Мекке мүшріктері одақтасып, он мың (10 000) әскермен соғысуға келеді. Сонда мұсылман әскерінің қатары бар болғаны үш мың (3000) ғана-тын. Жүрек қаймықпады емес, қаймықты. Алайда, Мұхаммед пайғамбар мен оның із басарлары Алланың мына сөзіне нық сенетін: «Айт: Ақиқат келіп, жалған жойылды. Шынында жалған нәрселер түбі жойылады»[3].

Мұсылман әскерлері аштыққа, әлсіздікке қарамай Алла үшін және Оның пайғамбары үшін өздерінен үш есе көп жауға қасқая қарсы тұрып, қайсарлық танытты. Соңында, Алла тағала ызғарлы қатты дауыл жіберіп, мүшріктердің әскерлерін тым-тырақай етті. Мүшріктер артқа қайтуға мәжбүр болды. Осылайша жамандық жеңіліп, жақсылық үстем болды.

Сол сәттердегі сахабалардың күйін Алла тағала Құранда былай баяндаған:

«Ей, мүміндер! Алланың сендерге берген нығметін еске алыңдар. Кезінде сендерді кәпірлердің әскері тарпа бас салды. Біз оларға қарсы боран соқтырып, сендерге көрінбейтін әскер жібердік. Алла сендердің не істегендеріңді көріп тұрады. Жау сендерге жоғарғы жақтан да, төменгі жақтан да тап берді. Сендердің көздерің шараларыңнан шығып, жүректерің ауыздарыңа тығылды. Алла жайында түрлі ойлар ойладыңдар. Мұсылмандық осы жерде сынға түсіп, сендер (жер сілкінгендей) тербеліске (толқуға) ұшырадыңдар»[4].

Құрметті сауал жолдаушы, қанша бұ дүниеде жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қайғы қатар жүреді десек те, жамандығынан қарағанда жақсылығы көп, қайғысынан қарағанда қуанышы мол. Неге десеңіз, қиындық пен пәле-жала бірден байқалады. Себебі, ол оқта-текте болып тұратын құбылыс. Ал, жақсы күндеріміз, бақытты сәттеріміз әрдайым қасымызда жүргендіктен оның парқына бара бермейміз. Осыған орай, қайғылы күндерімізден гөрі қуанышты сәттерімізді жиі еске алып тұрсақ басқа түскен қиындықтың әсері байқалмас па еді.

Ендеше, жамандықтың ғұмыры қысқа, жақсылықтың ғұмыры ұзын. Маңыздысы басқа түскен қайғыны сынақ ретінде біліп, дер кезінде сабырлық танытып, табандылық көрсете білу керек.

ӘлхамдулиЛләһи раббил ааләмиин!

*Хандақ соғысы. Пайғамбарымызбен жасасқан достық келісім шартын бұзғандары үшін Медине қаласынан қуылған Бәни Надир яһудилері мүшриктермен бірлесіп, мұсылмандарға қарсы жасақ құрады. Он мың әскерден құралған қалың қолдың дұшпандығынан қорғану мақсатында сахабалармен кеңесе отырып, Пайғамбарымыз Мәдина сыртына ор қазуға шешім қабылдайды. Хандақ (ор) соғысы деп аталуының себебі де осы.

[1] Ағраф сүресі, 128 аят; Қасас сүресі, 83 аят; Тоһа сүресі, 132 аят.
[2] Инширах сүресі.
[3] Исра сүресі, 81 аят.
[4] Ахзаб сүресі – 9-11 аяттар.

Абдусамат Қасым 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста