Ислам діні адамның еркіндігін, таңдау құқын жоғары бағалайды. Себебі Алла Тағала адамға ерік, ақыл және барлық сезім мүшелелерін берді. Сол себепті адамдар халифа, яғни жер бетіне орынбасар болуға лайықты. Адам барлық мүмкіндіктерге ие, ол жақсылық немесе жамандық істеуге де дайын. Себебі онда ерік бар. Сол үшін адам, осы дүниеде адамдардың алдында, ана дүниеде Алла Тағаланың алдындаөз істеген амалдарына жауапты.
Ислам діні құндылыққа өте бай және терең. Адамның барлық құқұқтарын тең қорғайды. Құндылықтар мен құқұқтар жайлы том том кітаптар жазсақ та шегіне жетіп, тереңіне бойлай алмаймыз. Сондықтан кейбіріне ғана тоқталып, адам құқықтарына қарсы келетін радикализм және терроризм туралықысқаша айтып өтейін.
Исламның негізгі қағидасы Алла Тағала айтқандай, дінде зорлық жоқ («Бақара» сүресі, 256-аят), яғни адам өз еркімен қай дінді ұстанса да ерікті, ешкім оны басқа дінге күштеп кіргізуге қақысы жоқ. Егер кімде кім оны күштеп зорлықпен құқұғын таптап басқа дінге кіргізсе онда ол адам Алланың алдында күнәлі, яғни, Алланың сөзіне қарсы келген болып есептеледі. Себебі адам басқа дінді өз еркімен толық ниетімен қабылдауы керек. Ол дағуат, яғни шақыру жолымен болады. Басқа адамды дінге шақыру дегеніміз, көркем мінез және діннің айқын дәлелдерін келтіру арқылы болады. Ал радикалды террористік топтар бұл қағиданы көбінесе ұстанбайды. Олардын ұстанымына кім қарсы келсе, немесе мойындамаса өзге дін өкілдері тұрмақ тіпті өз мұсылман бауырларында діннен шығарып кәпір санап олармен соғысуға дайын тұрады. Әрине бұл үлкен қатер, өйткені біріншіден олар Алланың әміріне қарсы келді, екіншіден адам құқұқтарын бұзды.
Жалпы ислам әлеміндегі қазіргі жағдай көніл толарлықтай емес. Мәдениеттің, өркениеттің төмен болуы, бір біріне қарсы әртүрлі дұшпани пиғылдағы топтардын пайда болуы, ол топтарды кей жағдайда саяси мақсаттарда пайдалануы көңілдерге үлкен алаң туғызады. Өкінішке орай қазір Араб елдеріндегі жағдай өте қауіпті. Бүгінде онда әр түрлі радикалды топтар, секталар өте көп. Атап айтар болсақ , уаһабизм немесе салафизм, ихуан муслим, хабашизм, хизбуттахрир және кейбір адасқан сопы жамағаттар және оданда басқа әр түрлі тәкфирші, яғни діннен шығарушы топтар бар. Әрине бұл топтардың мемлекімізге ешқандай пайдасы жоқ. Өйткені біз және біздің ата бабаларымыз бұрыннан мұсылмандықтын ең таза орта жолын ұстанып келгенбіз. Бұл жолды бізден басқа 95 пайыз ислам әлемі ұстанады.
Радикалды топтар ислами құқұқтарын дұрыс ұстанбағандықтан мемлекетіміздін конституциясына да қарсы келуі әбден мүмкін. Себебі біздін конституциямыз олардың ұстанымына сай келе бермейді.Алла Тағала бізге 1991 жылы тәуелсіздікті сыйға берді, бұл біздін елімізге берілген ұлкен бақыт қуаныш болды, өз тілімізге, дәстүрімізге, тарихымызға қайтудамыз. Ислам дінімен де қауыштық. Әлемге есігімізді айқара аштық. Қазақ халқының ақжарма-ақпейілі, ақкөңілін пайдаланған әр түрлі топтар мен секталар елімізге келіп өз мақсаттары мен ұстанымдарын тарата бастады. Әрине, біз мұндай жағдайларға дайын емес болатынбыз. Бізде білікті мамандар болмады, керісінше кейбір бауырларымызбен отандастарымыз сол топтардың жетегіне еріп олардан білім алды. Кейбірі уаһабистерден, кеибірі нұршылардан,сұлеименшілерден, кеибірі хабашиттерден,таблиғ жамағатынан, хизбуттахрирдан және одан да басқа топтардан дәрістер алды. Әрине бұл топтардын ұстанымдары бірегей емес, кейбірі өте қатаң радикалды ұстанымда болса, кейбірі өзара бір-бірін мойындамайды, яғни бір-бірін күпірлікте деп айыптайды.Алғашқы кездерде отандастарымыз бұл топтарға діни білімі тайыздықтан, ақиқатты көздеп нағыз ислам діні осы деп кірді. Одан соң оны жан тәнімен қабылдады. Олардың ұстанымдарды өзіне сіңірді. Ол ұстанымдар олардың рухына тәніне тастай батып, судай сіңді десе де болады. Сондықтан бүгінгі таңда теологтар үшін өте терең білім, ақиданың нағыз маманы болуы заман талабы.Дінтанушы-теологтар адамдарды ақиқат жолына бастау үшін өзі ақиқат жолында болу керек және топтар секталарды біртіндеп егжей-тегжейлі зеріттеп, олардың қателескен жерлерін анық біліп алуы қажет.
Данияр Байдуллатегі
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы
mazhab.kz/kk/maqalalar/gibratnama/zaman-talaby-nemese-toptar-men-agymdar-turaly-1151/