"Жалғыз жүрек, сан сауал": Жас иісті құшақтап жатқанда өз қызыңды есіңе алып көрдің бе?

ЖАЛҒЫЗ ЖҮРЕК: – Екі аяқ­ты пенденің есін алып, ессіз табын­дырған нәпсіге адам баласын құ­лақ кесті құл қы­лып, мұрнынан тесіп жетектетіп қойған тағы бір қа­сиет­сіз қылық ол – зина­қорлық. Алла тағала бізге сынақ ретін­де ақыл мен нәп­сіні қатар берген екен. Бірақ пенделер ақылсыздыққа салып, зина­қор­лық­тың ауыр күнә екенін біле тұра күнаһар болуға асы­ғу­да. Қасиетті кітабымыздағы «Нұр» сүресінің 2-аятында: «Зина қылу­шы әйел және зина қылушы еркек – олар­дың әрбірін жүз дүреден ұрыңдар. Егер сен­дер Аллаға және ақырет күніне иман келтірген бол­саңдар, Алланың бұл үкі­міне яғни, зина қылушыларды дүрелеуде оларға рақым ету сезімдері ұстамасын! Олардың азапталуына бір топ мо­мындар куә болсын», де­лін­ген. Ендеше, Алланың азабынан неге қо­рық­паймыз? САН САУАЛ.

– Дәл осы «Нұр» сүресінің екін­ші аятына дін ғалымдары былай­ша түсінік берген екен. «Бұл үкім бойдақ немесе жесір әйел және ажырасқан, әйелі жоқ еркек зина қылса, олардың жазасы осы. Яғни, жүз дүре соғу. Егер жан­ұясы бар әйел мен еркек зина қылса, жазалары таспен ұрып өлтіру» дейді. Астафи­ралла, шариғат бойын­ша жазасы ауыр күнәні селт етпестен, серілік деп ұғып жүргендер қаншама?! Мұх­тар Әуезов «Абай жолын» жазған­да солақай сая­саттың салда­рынан Құнанбайды қан­шалықты сол қоғамға қарсы тұлға етіп көрсеткенімен, бір ғана көрі­нісінде Құнанбай қажының Алла­ның әміріне қарсы келмейтін тақуа екенін ашық суреттеген. Естері­ңізге түсіріңізші, жалғыз ұлы өлген Қодар ерегескенде Құдайдан қорық­пай келінімен жа­қын­дасады. Оны білген Құнан­бай екеуін де шариғат бойынша ауыр азаппен жаза­лап, тас-боран етіп өлтіреді. Сөйтіп, Құнан­байды қатыгез, жек­көрі­ніш­ті етіп көрсетті. Ал Алланы бір деп танып, бес парызының бірін де қаза қылмай өтеген Өскен­байдың баласы өз орта­сын осы­лайша ашық зинақор­лықтан тый­ды. Бүгінгі біздің қоғамда ше? Керісінше, зинақорлық ұлттық ойын­ға айналып бара жатыр. «Құна­жын көзін сүзбесе, бұқа бұйдасын үзбей­ді» деген қасиет­сіз мақал хадис­тен де құнды болып тұр. Бұл жерде еркек те, әйел де, ұл да, қыз да оңып тұрған жоқ. Қыз баланың арын са­тып, ақша табуға жеткіз­ген еркектер болса, еркектерге сайқал саудамен айна­лысып қана қоймай, оны тіпті, кәсіпке айнал­дыруға мүмкіндік бер­ген қыз­дар. Бірін даттап, бірін ақтауға хақы­мыз жоқ. Өйткені екеуі де Алла­ның ашуын тудыратын арсыз істі кәсіпке айналдыруда. Құдіреті шексіз Құдай тағала Адам атаны және қабырғасынан Хауа ананы жаратқанда шайтан мал­ғұнның арба­уына түсіп, нәпсісін тыя алмай рұқсат етілмеген жемісті жеймін деп екеуі бірдей жұмақ­тан қуылды емес пе? Әйелдің әлсіздігінен қуылға­нымен Жара­ту­шы иеміз қыз балаға Ана болу қасиетін сыйлады. Хақтың сөзін ақиқат деп білген Пайғам­бары­мыз (с.ғ.с): «Ең алдымен анаңды сыйла», – деп мәртебелі құрметті кімге көрсету керектігін айтып кетті. Оны ойлап жатқан еркек аз. Әйел – сенің анаң, әпкең, қарын­дасың, қызың. Шайтан­ның жете­гіне еріп, нәпсіге құл болып жүріп, құрдымға кетіп қалмаңыздар мырзалар! «Жас иіс», – деп құша­ғыңа қапсыра қысып, құмарыңды басып жатқанда өз қызың­ды есіңе алып көрдің бе? Сенің қызыңның қызығын сен сияқты біреу көріп жатса қайтесің? Әри­не, «Менің қызым ондай тексіз емес, тәрбиелі, ибалы қыз» дерсің. Ендеше, кешіріп қойыңыз, сіздің құша­ғыңызда жатқан қыздың да әкесі солай ойлайды. «Жел соқ­паса шөптің басы қимыл­да­майды». Мынан­дай бір әңгі­мені естіген едім. Лайым өтірік бол­сын. Біреудің ойлап тапқаны болса да үлгі аларлықтай ғибрат бар. Бір облыстағы қалталы азамат іссапар­мен Алматыға келіпті. Әдемі қонақүйден орын алғаннан кейін, шайтаны түртіп, нәпсісі қозып, қызға тапсырыс береді. Әрине, екі-үшеуіне. Та­уар­ды таңдау үшін. Шамалы уақыт өткенде есік қағылып, ішке еліктей (сұлу қыздар­ды әйтеуір, осы бір жануарға теңеп жатады ғой) үш қыз кіріп келеді. Құдай мұндай жағдайды ешбіріміздің басы­мызға бермесін. Жаңағы сұлу­лар­дың бірі қалада оқып жүр деген өзінің туған қызы болып шығады. Байқұс еркек ойланып та, өкініп те, ашуланып та үлгер­мейді. Мұндай сұмдыққа жүрек шіркін шыдасын ба? Тоқтады. Кім кінәлі, кімнен көреді? Бұл бір ғана мысал. Басымызға тиіп, көзімізге көрсетпесе көңіліміз сенбей­тін халықпыз ғой. Дәл осындай сұм­дық оқиғамен құлым деп Жарат­қан құдайым жолықтырмай-ақ қойсын. Ол үшін өзіміз ойланайық, ер-азамат­тар!

Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015 19.03.2015.

Жұматай Оспанұлының 

«Жалғыз жүрек, сан сауал»
кітабынан алынды

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста