«Жалғыз жүрек, сан сауал»: Қағаз қазақша сөйлегенімен, адам қазақша сөйлемесе бәрі бекер...

ЖАЛҒЫЗ ЖҮРЕК:
Тістей, тістей тілімді,
Қан шығатын күн жетті.
Қалай жоям бүгінгі,
Тілімдегі індетті?
САН САУАЛ

– Тән жарасы жазылар, жан жарасын емдеу қиын-ау! Егер ол індетке айналып кетсе. Ақ патшаның алдына бас ұрғаннан бастап, ең басты мақсаттары көшпенділер елін тарих бетінен көшіріп жіберу болды. Бірақ олардың түлкі қулық, мысық тілеуі қырандай қырағы қазақты алдай алмады. Десек те, тойғанына мәз болып, айтағына ерген ит мінезді қайбір қандастарымыз туған жерім, елім деген тұлғаларды оққа байлап берді. Бүгінгі қазақ тілінің қадірін қашырып жүрген тумай кеткір, қансыздардың кесірінен тіліміздің керуені тұралап тұр. Неге десеңіз, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған жиырма жылдан бері республикамыздың түкпір-түкпірінде сан түрлі шаралар қолға алынып, іске асып жатса да әуеніміз өзгере қойған жоқ. Тіпті, қазіргі таңда теледидар, дыбыстық-бейнелік техникалар, кітаптар арқылы және арнайы ашылған тіл оқыту орталықтарында заман талабына сай оқыту жүріп жатыр. Бірақ сол орталықта білім алып, сертификатқа ие болып жатқан мемлекеттік қызметкерлердің қылығы «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегенге ұқсайды да тұрады. Неге десеңіз, оқыды деген қағаз алғанымен ортасына барғанда бәрібір орысша сөйлейді. Бұдан қазақ тілінің көсегесі көгереді дегенге күмәнім бар. Іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу әлі де жүріп жатыр. Қағаз қазақша сөйлегенімен, адам қазақша сөйлемесе атқарған жұмыс, еткен еңбек құмға сіңген судай ізім-қайым жоғалары сөзсіз. Жыл сайын тіл айлығы аясында өтіп жатқан мемлекеттік қызметкерлер арасындағы шараның қаншалықты мәні бар екен деген ойға қаламын кейде. «Жас күніңде жаттасаң, тасқа түскен таңбадай, есейгенде жаттасаң, суға сіңген құмдай» деген ойлы тұжырымды зерделейтін болсақ, ана тілін үйренуді сонау балабақшадан бастағанымыз дұрыс болар еді. Неге десеңіз, қазірдің өзінде қанша қазақтың баласы орыс бала-бақшасы мен мектептеріне барып жатыр. Себебін сұрап, сергелдеңге түсіп жүргеніміз шамалы. Бұл қазақ балаларына ғана қатысты ойым. Ал біздің Отанда мемлекеттік тілдің қазақ тілі екенін және бұл жерде орыс та, кәріс те, неміс те, т.б. тұратынын ескерсек, балабақшадан бастап барлығына бірдей қазақ тілі жүруі керек. Айтқан соң өткіздік (для галочки) дейтін емес, түбегейлі міндеттегенде ғана бір нәтижеге қол жеткізеріміз шындық. Бақ-шадан, мектептен, жоғары оқу орнынан білім алып, мемлекеттік қызметке, билік басына келген адамға қазақша сөйле деу, көзін байлап қойып, бізге жол көрсет дегенмен бірдей емес пе?! «Ауырдым деп ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз текке айтылмаған. Тіліміздің ауруына асқынғанда ем іздемей, тілі шыққан күннен бастап алдын алып, жол іздегеніміз әлдеқайда ұтымды болар еді. Арнайы алып отырған айлығы бар, аузы майлы мемлекеттік қызметкерлер арасында байқау өткізіп, соншама қаржыға соларға жүлде алғанша, сол жарысты санасы тұнық, жады мықты балабақшадан бастаған абзал сияқты маған. Неге десеңіз, журналист болған соң, жиналыстарына және түрлі мерекелік шараларына қатысып жатамыз. Сценарий бойынша ел алдында қазақша сөйлегенімен, айнала бере орысша орып тұрғанын көргенде ішің ашиды. Мыналардың тіл айлығы аясындағы жан-таласы, таза қазақша айтқанда «Көпірден өткенше қызыңды алайын, көпірден өткен соң қызыңды ұрайын» екен ғой деп, Абайша түйіндесем: «Қайнайды қаным, ашиды жаным, қылықтарын көргенде».


Жұматай Оспанұлының
«Жалғыз жүрек, сан сауал»
кітабынан алынды
(Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.201520.03.2015, 22.03.201526.03.201527.03.2015)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста