"Жалғыз жүрек, сан сауал": Аталарымыз неліктен әр істі бисмилләмен бастаған?

ЫНТАЛЫ ЖҮРЕК, ШЫН КӨҢІЛ

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап түсті Алладан оның төрті,
Алланы танытуға сөз айырмас.

Кеше бала ең келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір орында тұра алмасқа.
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде одан басқа.
АБАЙ.


БІРІНШІ ТІЛЕК ТІЛЕҢІЗ

Аталарымыздан қалған «Сөздің басы биссмиллә, биссмилләсіз іс қылма» деген тәмсіл бар. Яғни, кез келген ісімізді Алланың атымен бастайтын болсақ, ақыры берекелі болатыны ақиқат. Қарапайым ғана мысал, қандай да бір жақсы істі қолға аларда немесе ас ішерде, сауда жасағанда міндетті түрде, тіпті әдетке айналдырып алған болсақ та, «біссмілдә» деп бастаймыз. Ал ашуланғанда, біреумен ренжіскенде және арақ-шарап ішетін адам стаканын қолына алып тұрғанда «біссмілдә» демейді. Неге десеңіз ашу – сабырдың жауы, реніш – татулықтың дұшпаны, арақ ішу – жүрек қалауы емес, нәпсінің жеңісі.Осыдан барып не үшін кез келген жақсы істің міндетті түрде Алланың атымен басталатынына көз жеткізуге болады.
Әңгімеміз дәлелді болуы үшін ақылы дария, асыл текті бабаларымыздан қалған жыр жауһарына зер салып көрейік. Атақты жырау, ел басына екі талай күн туып, соқыр тұманда адасқандай күйге түскенде бұлт артынан шыққан шұғылалы күндей, ұлт болашағына бағдаршам бола білген Бұқар жырау Қалқаманұлы:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Алладан жазбасқа,
– дейді. Сөздің басын Алланың атымен бастау керек екенін Бұқар айтса, қалың бұқара неге оған сенбеске, соңынан неге ермеске. Өйткені, Қалқаманның қаһарман ұлы көлденең көк аттының емес, көшпенді елдің көсемдерінің бірі болғанын қарт тарих әлдеқашан дәлелдеген.
Екінші тілек тілеңіз,
Әзәзіл, пасық, залымның,
Сөзіне еріп азбасқа,
– деп бір түйіндейді даланың дара ділмары. Екінші тілегін неге бұлай айтты екен Бұқар баба. Ой елегінен өткізіп, саралай келсем, әзәзіл, пасық, залым – лағнеті шайтанның сипаттарынан екен. Енді қараңыз, екі тілектің ара жігі өзінен өзі-ақ анықталып шыға келді. Бұқар жырау бірінші – Хақ тағаланың көрсеткен жолынан таймауды меңзесе, екінші – Жаратушы иемізге қарсы шығып, қаһарына ұшыраған ібіліске ілесіп кетуден сақтандырады. Ең алдымен кез келген пенде Алланың әміріне бойұсыну және жамандықтан тыйылу арқылы ғана «фәни» деп аталатын сынақ алаңынан сүрінбей өте алады. Ал жалғанға алданбай, көзді арбаған қызыл-жасыл дүниеге қызықпай, нәпсісін құрықтай білген адам әлбетте, мәңгілік өмірінде Алланың рахметі мен Пайғамбардың (с.ғ.с) шапағатында болмақ.
Алла деген ар болмас,
Ақтың жолы тар болмас,–
дейді жырау. «Құдайсыз қурайдың сынбайтынын» білген тегі асыл бабаларымыз ұрпағының тура жолдан таймауын ойлағандықтан артына осындай мұраларын қалдырды. Жасыратыны жоқ, құдайды құлап бара жатқанда, яғни басымызға іс түскенде еске алатын пенделігіміз басым екені рас. Әйтпесе, Бұқар айтқан:
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытты бес намаз,
Біреуі қаза қалмасқа, –
деген аманатына қиянат жасамай, тіршілігімізде құлшылығымызды түгендейтін едік. Бір шүкірлік қыларымыз сол – жетпіс жыл атеистік қоғам санамызды улап, болмысымызды шырмауықтай шырмап келсе де, құдайға деген сеніміміздің өшпегені. Қазіргі таңдағы асыл дініміздің салтанат құрып келе жатқандығы да жүрек түкпіріндегі Жаратушыға деген сенімнің сөнбегендігі екені рас. Тілін кәлимаға келтіріп, намазын оқып, оразасын ұстап, зекетін беріп, қажылыққа барып, бес парызын түгендеген мамыражай заманда өмір сүріп жатырмыз. Тәубе дейміз.
Жалпы адамның өмірі үміт пен күдіктен тұрады емес пе? Үмітіміз – тәуелсіздігіміз баянды болып, тіліміз шұбарланбайтын, дініміз тұманданбайтын шуақты ғұмыр кешсек екен. Күдігіміз – ішімізге іріткі салып, атадан келе жатқан асыл дінімізді бұрмалап, шариғатқа қайшы келмейтін салт-дәстүрімізге үрке қарап, әдет-ғұрпымыздан шошынатын, ұлттық болмысынан ажырап бара жатқан ағымдар. Бодандықтың бұғауынан шығып, асыл дініне енді ғана қолы жеткен елдің ішіне іріткі салатын арам пиғылды ағымдардың көздегені айтпаса да түсінікті. Әйтпесе, Ислам тыныштық үстінде құрылған дін. Ал діннің атын жамылып, түрлі қантөгіске жол ашып жатқан оқиғалар біреулердің жеке мүддесі үшін орындалуда. Яғни, қоғамда орын алған келеңсіз оқиғалар сол топтың қитұрқы саясатының жемісі екенін түсінгеніміз абзал. Ойымды Бұқар баба ізімен түйіндегенді жөн көрдім.
Бірінші тілек тілейін,
Бір Алладан жазбасқа.
Бұрмалаған дінімді,
Ағымға еріп, азбасқа.
Дәстүрімді жоғалтып,
Болмысымды тоналтып,
Ұлтыма ор қазбасқа.

Жұматай Оспанұлының 

«Жалғыз жүрек, сан сауал» 
кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015, 20.03.2015, 22.03.2015, 26.03.2015, 27.03.2015, 28.03.2015, 30.03.2015, 31.03.2015, 01.04.2015, 03.04.2015, 04.04.2015, 05.04.2015, 06.04.201507.04.2015).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста