1.Харамнан тыйылған адам құлшылықтың ләззатын сезеді. Себебі, хадисте харамға қараудан өзін тыйған адамға Алла Тағала ғибадаттарының ләззатын сездіреді деген.
2. Харамнан бас тартқан адам өзінің жолын ашады. Берекет көздеріне есік пайда етеді. Өйткені, харам нәрселер адамның ризығын тарылтып, кедейлікке ұрындыратын басты әрекеттер.
3. Алладан қорқып харам нәрселерден бас тартқан адамның Алла Тағала тілегін қабыл етеді. Себебі, хадисте үңгірде қамалған үш жігіттің біреуі харамнан бас тартқан амалын алдыға тартып Алладан сұраған болатын. Алла оның тілегін қабыл етті.
4. Харамнан тыйылған адамның Алла Тағала пробемаларына міндетті түрде шешімін беріп, ол адамды күтпеген жерден молшылыққа, несібеге бөлейді. Аятта Алла Тағала «...Кім Алладан (Оның тыйғандарынан) қорқып, сақтанса, Ол оған шығатын жол жасайды» деген. («Талақ» сүресі, 2-аят).