Хадистердегі жас ұрпақ тәрбиесі

Халық мәдениетi жөнiнде толық түсiнiк алуда дiни дәстүрлердi ғылыми түрде ой елегiнен өткiзудiң маңызы зор. Оның үстiне қазақ отбасының көптеген дiни дәстүрлерi этникалық педагогиканың элементтермен тығыз астаса келе халықтың тұрмыс-тiршiлiгiне терең бойлап, оның ажырамас бөлiгiне айналып кеткен.
Егер археологиялық және өзге де ескерткiштер мәлiметтерiнiң негiзiнде қазақтардың дiни наным-сенiмдерiнiң генезисiне тарихи тұрғыда ой жүгiртсек, мәдениет сияқты, оның да қат-қабат қыр-сыры бар.
Ислам дiнiнiң қазақ жерiнде таралуы жөнiндегі әдебиеттерде, зерттеулерде әртүрлі пiкiрлер айтылады. Тарихи деректер ХIХ ғасырдың басына дейін Ислам идеологиясын көшпендi қазақтар санасына сіңіру әрекеттерi болғанына куә. Қалай дегенмен де, қазақтардың көшпендi тұрмыс-тiршiлiгi Исламның кеш таралуына негiзгi себеп болғаны анық. Себебi, көшпелi халықтың тыныс-тiршiлiгi, дүниеге көзқарасы олардың өмiр сүру тәсiлiне байланысты қалыптасты. Бұл қазақтардың арасында мұсылман дiнiне дейiнгi дiни нанымдардың берiк орын алуына жағдай туғызған едi. Осы себептi де көшпелi шаруашылық шаман дiнiн де ұстауға негiз болып, кейiннен ол ислам дiнiмен қатар араласып кеттi.
Қазақ отбасындағы діни дәстүрлердің, ырымдар мен тыйымдардың қалыптасуына аса көп ықпал еткен хадистер.
Хадистердiң жас ұрпаққа берер тәлiм-тәрбиесi аса мол. Олардың жаны таза, салауатты адам болып қалыптасуына, жүректерiнде мейiрiм-шапағат нұрының ұялауына тигiзер ықпал-күшi орасан зор. Айталық, ата-ананы құрметтеу, бағып-қағу әрбiр перзенттiң парызы. Қасиеттi Құранда (Әл-Исра сүресi 23-25 аяттарда): «Жаратқан иелерiн өзiне ғана құлшылық етудi, әке-шешелерiңе жақсылық етулерiңдi шешiп бердi. Егер екеуiнiң бiрi немесе екеуi де кәрiлiкке жетсе, оларға тұр деп кетiс бiлдiрме, сол секiлдi екеуiне зекiме, сыпайы сөйле. Екеуiне де кешiрiммен қарап, құшағыңды жай да: Жаратушы ием! Бұл екеуi менi кiшкентайымнан мәпелегендей, ол екеуiн де есiркей гөр! – де. Жаратушы иелерiң iштегiлерiңдi жақсы бiледi, салиқалы болыңдар. Шынында да Ол тiлек тiлеушiлерге кешiрiмдi» делiнген. Сөйтiп, Алла тағала әуелi өзiне ғана құлшылық етудi, содан соң әке-шешеге қызмет етудi бұйырады.
Иә, ата-ана «Перзентiмнiң табанына кiрген тiкен маңдайыма кiрсiн» деп, бала-шағасына өбектеп отырады, «Балам адам болсын» деп тiлейдi. Хадистердегi ата-ана ақысын ақтау жөнiндегi өсиет-мiндеттердiң мән-маңызы айрықша жарқырай көрiнедi.
1. Алла тағала ахирет күнi адамдардың үш түріне мейiрiм-шапағатпен қарамайды:
- ата-анасын ренжiткендерге;
- iшiмдiкке салынғандарға;
- iстеген жақсылығын айтып, басқаны табалайтындарға.
2. Ата-анасы тiрi кезiнде жұмаққа кiре алмаған баланың соры қайнасын, соры қайнасын және соры қайнасын.
3. Ата-анасына тiл тигiзген, сондай-ақ Алланы ауызға алмай құрбандық шалған адам Тәңiрi қарғысына ұшырасын!
4. Алланың ризалығы – әке-шешенiң ризалығында, Алланың ашуы – әке-шешенiң ашуында.
5. Ата-ана – сенiң жәннатың не тозағың. Олардың ықыласын алсаң – жәннатқа, қарғысын алсаң- тозаққа енесiң.
6. Ата-ана ризалығын ала алмағандар қор болсын, қор болсын және қор болсын!
7. Үш дұға мiндеттi түрде қабылданады: зұлымдыққа ұшырағандардың, мүсәпiр жолаушының және ата-ананың дұғасы.
8. Күнәнiң ең үлкенi: Тәңiрге серiк жасау, ата-ана қарғысына қалу, нахақтан қан төгу және өтiрiк куәлiк беру.
9. Ата-анаға бағыну – Тәңiрге бағыну, қарсы шығу – Тәңiрге қарсы шығумен бiрдей.
10. Ата-ананы қорғағанды Тәңiр де қорғайды.
11. Хаттаб ұлы Омар айтыпты: «Бiр күнi Мұхаммедке бiреу келiп, «Мен бiр зор күнә iстедiм, ендi мен үшін тәубе ету мүмкiн бе?» – дедi. Сонда Мұхаммед (ғ.с.): «Ата-анаң бар ма?» – дедi. Ол адам: «Иә, анам бар» – дедi. «Тездеп анаңа бар да соған қызмет ет» – дедi.
12. Анаңа, анаңа және анаңа жақсылық қыл, содан кейiн әкеңе.
13. Атаң мен анаң бiрдей шақырса, алдымен анаңа жауап бер.
14. Бiреу: «Ия, Расул Алла, әке-шешенiң өлiмiнен кейiн оларға iстей алатын қызметiм бар ма?» дегенде, Ол: «Иә, олар үшін жарылқау тiлеп, дұға оқы, өсиеттерiн орында, достарымен сыйлас» – дептi.
15. Күнә ризықты жоғалтады, тағдырды тiлек қана тоқтатады, өмiрдi ата-анаға iстеген жақсылық қана ұзартады.
16. Адамның төрт түрін Алла ғана жәннатқа енгiзбеуге хұқықты: ата-анасына қарсы келген, өлiмқоршы, жетiм-жесiрдiң ақысын жеушi және маскүнемдер.
Қазақтарда: «Ата-анаңа не қылсаң, алдыңа сол келедi», «Ата қарғысы – оқ, шеше қарғысы – боқ» (өйткенi, шеше мейiрбанды), «Атасы бардың батасы бар» – деген мақал-мәтелдер бар. Ата-ана «iштен шыққан шұбар жыланды да» қимайды. Тiлегiн тiлейдi.
Бұрын қазақ қоғамында ата-анасын ренжiткендер қара есекке терiс мiнгiзiлiп, бетiне күйе жағылып, мойнына құрым iлiп, бүкiл ауылды айналдырған. Көргендер бетiне түкiрiп, басқаларға сабақ еткен. Ал, ата-анасына қол жұмсаушылар өлтiрiлген.
Ата-ананың парызынан артық ештеңе де жоқ. Перзент ешуақытта да ата-ана қарызынан құтыла алмайды. Сондықтан да ата-ананы сыйлап, құрметтеп өтуi тиiс.
Хадистерде жас ұрпаққа айтылатын өсиеттер терең ойларға жетелейдi. Ұлт тәрбиесiнiң қайнар көзi, мөлдiр бастауы саналатын Хадистердiң әр жолы қымбат, айрықша маңызға ие.
akikatkaz.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста