ҰЯЛУ ҚАЙ КЕЗДЕ АЙЫПТЫ?

Қазақ халқы ежелден баланы "ұят" болады деп тәрбиелейді. Ал, ұят деген не? Ұят дегеніміз адамның өз іс әрекетінің орынсыздығын ұғу.Сонымен қатар, намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық. Ұяты бар адамды арлы, намысшыл деп айтады.

 

         Қазіргі таңда шыны керек, қоғамда ар, ұят, иман деген құндылықтар азайып бара жатыр. Ол рухани, адами тұрғыдан болсын немесе жүріс-тұрыс, киім-киіс тұрғысынан болсын. Ар, ұят, үлкенге құрмет, кішіге ізет, әдептілік, имандылық, биязылық сияқты қасиеттер көбіне кітапта ғана қалғандай. Арлылық, ұяттылық – негізі пайғамбарлардың бойында табылатын ұлы сипаттардың бірі. Қадірлі сахаба Әбу Әйюб (р.а.) жеткізген хадисте: «Төрт нәрсе пайғамбарлардың ерекшеліктерінен: ұят, иіс себіну, мисуак қолдану және неке», – делінген. Тағы бір хадисте: «Адамзаттың алғашқы күнінен бастап барлық пайғамбарлардың бір ауыздан айтқаны – «Егер ұялмасаң, білгеніңді істей бер». Ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі: «Әрбір діннің өзіне тән мінезі бар, Исламның мінезі – ұяттылық», – деген.

 

Имран ибн Хусайыннан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі: «Ұят тек жақсылық әкеледі», – деген. Басқа риуаятта: «Ұяттың барлығы да қайырлы», – делінген. Ұят – Алла тағала құлдарына нығмет етіп берген тамаша көркем  мінездердің  бірегейі.  Ол  күнә  мен  қылмыс  жасаудан, опасыздық пен нашар қылықтардан, қысқасы, аяқты шалыс басудан сақтайды. Ұяттың кемуі Құдайдан қорқуды да азайтады. Ұят пен иман үнемі қатар жүреді. Иманнан тек жақсылық қана келетіні  белгілі. Алланың елшісі Мұхаммед (с.а.с.): «Ұят пен иман тығыз байланыста. Егер ұят кетсе, екіншісі де  бірге  кетеді» деп, ұяттан ажыраған кісінің иманнан да қол үзетінін  білдірген. Олай болса, ұялудың астарында Алладан қорқу, Алланы жақсы көру сынды ізгі қасиеттер жатыр. Ұнамсыз, нашар істермен бетпе-бет келгенде, «ұят болады» деп оны жасаудан тартынуымыз Алла тағаладан  қорқудың белгісі. Мұсылман  баласы  ұялуды  Жаратушы  иемізден  үйренеді. Хадистердің бірінде мейірім жаршысы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) Алла тағаланың ұлы ұяты туралы былай деген: «Сендердің  Раббыларың  –  ұлы  ұят  иесі  әрі  жомарт. Сондықтан  қолдарын  дұға  үшін  жайған  уақытта  оны  бос (рақымы мен шарапатынсыз) қайтаруға құлынан ұялады». Иманның әртүрлі тармақтарының болатындығын айтқан Пайғамбарымыз (с.а.с.) ұят иманның бір тармағы екенін ескерткен. Сондықтан адам баласының имандылығының көрсеткіші ретінде әрқашан ұяңдығына, ар-намысты болуына қарап баға береді. Ұят – хақ дінді алып келген барша пайғамбарларға тән ортақ қасиет. Ұят – адам баласының иманының қадірін арттырып, жүріс-тұрысына көркемдік сыйлайтын жақсы сипаттардың бірі һәм бірегейі. Ұят – жақсылықтың негізі. Жамандықты түп тамырымен жоқ ететін де осы ұят.

 

          Абдулла ибн Масғұд былай деген: «Алла елшісі саллаллаһу әлейһи уәсәлләм: «Алла тағаладан шынайы түрде ұялыңдар» деді.  «Ұялу» сезімі – Ұлы Жаратушы Иеміздің пенделеріне нығмет етіп берген мінездердің ең көркемі. Ұялу сезімін үлкен үш топқа бөліп қараған: ең алғашқысы ол Алладан ұялу, екіншісі: адамдардан ұялу болса, үшіншісі өзінен ұялу.Алладан ұялу дегеніміз – оның бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан бас тарту арқылы болады. Өзін мұсылманмын, мүминмін деген кісі, ең алдымен, ұяттың осы түріне көп көңіл бөлуі керек. Алладан ұялуды қалай түсіну керектігін Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадистерінің бірінде айқын түсіндіріп берген. Бір күні ол сахабаларына: «Алла Тағаладан ұялудың ақысын беріп ұялыңдар», – деді. Сонда олар: «Уа, Расулулла, біз Алладан ұяламыз, Аллаға шүкір», – деді. Алла Елшісі: «Ол емес, кім Алладан ұяттың ақысын беріп ұяламын десе, басын және басындағыларды, ішін және ішіндегілерді сақтасын. Өлім мен бәлені еске алсын. Ақыретті қалаған кісі дүние қызығына қатты мән бермейді. Кім осылай жасаса, Алладан ұяттың ақысын беріп ұялған болады», – деген. Ал, адамдардан ұялу толық адамгершілік пен жомарттықтан туындайды. Адамдардан ұялуды ешкімге зиян тигізбеу, жамандықтарды жасаудан тыйылу деп түсінуге болады. Ұят кемігенде, ащы тілмен, өсекпен, ғайбатпен, іс-тірліктермен өзге кісілерге зиян келтіруін де көбейеді. Адамдарды тілмен түйреп шаншу, кекету, келемеждеу, мазақ қылу, тәлкек ету де осындай өзгеге зиянды істерге жататынын ескерген жөн.

 

          Адамның өзінен ұялуы әркімнің өз ар-намысын сақтауы арқылы болады. Ұяттың бұл түрі адамдар өз бөлмесінде жеке қалғанда, жалпы көпшіліктің назарынан тыс жерлерде көбірек байқалады. Ғалымдар адамның өзгеден ұялуына қарағанда, өзінен ұялуы көбірек болуы керектігін айтқан. Жұрттың көзінше жасауға ұялатын нәрселерді, жеке қалғанда жасаудан да ұялуымыз керек.

 

           Құрметті мұсылман бауырлар ұят – адам қасиетін бағалайтын сезім екенін ескере отырып, адам баласының нағыз адамшылығы оның ұятының өлшемінен көрінетінін ұмытпайық. Егіннің көктеуі үшін су  қандай маңызды болса, адам өмірінен ұяттың алатын орны да сондай болмақ.   Алла Тағала бәрімізге шынайы  ұяттың ақиқатын біліп, Алладан, періштелерден, адамдардан ұялуды нәсіп етсін. Әмин!

 

 

 

Омаров Нұрперзент Еламанұлы,

Жезқазған қаласы, «Ахмет Ишан Оразайұлы»

мешітінің бас имамы

 

ihsan.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста