Тырнақты қай уақытта алған дұрыс

Ел арасында тырнақ алуға болмайтын белгілі күндер бар деп жатады. Мысалы, сейсенбі, сәрсенбі күндері және түнде тырнақ алмаған дұрыс деген сөздер де бар.

Шариғат бойынша тырнақты аптаның қай күні алам десеңіз де, өз еркіңіз. Бірақ жұма күні намазға дейінгі уақыт ішінде тырнақ алуды әдетке айналдыру – мұстахаб (ұнамды амал).

Олай болған себебі, хадисші Бәйһақи кітабында Пайғамбарымыздың (ﷺ) жұма күні намаздан бұрын тырнағын алып, мұртын қысқартатындығы айтылады. Тырнақ астына қаншама микробтар мен кір жиналатындықтан, қажеттілік туындаған жағдайда қандай күн екеніне қарамастан алып отырған дұрыс. Мейлі сейсенбі, сәрсенбі болсын, тіпті түнде де тырнақ қиюға болады.

Түнде тырнақ алмау деген, жарықтың жоқ кездері денеңді жарақаттап алмау үшін айтылса керек.

Тағы бір ұнамды әрекет – алынған тырнақты көму. Өйткені, Пайғамбарымыздың (ﷺ) алынған тырнақ пен шашты көмуді кеңес еткендігі риуаят етіледі.

Тырнақты, абзалы аптасына бір рет алып тұру керек. Ал, қырық күннен асса – харамға жақын мәкрүһ болып есептелінеді. Олай болған себебі, Сахаба Әнәс: «Мұртты қысқартуды,тырнақ алуды, қолтық түгін жұлып,әурет түгін қыруды қырық күннен асырмауды бұйырды», – деген.

Тырнақ алу әдебі бойынша, әуелі оң қолдың сұқ саусағынан бастап, ретімен ортаңғы, аты жоқ және шынашақ, ең соңында басбармағының тырнағы алынады. Сол қолы шынашағынан бастап, ретімен басмармағының тырнағымен алумен аяқталады. Аяқ тырнақтарын оң аяғының кішкентай башпайынан бастап, ретімен алады. Ал, сол аяғының тырнағын, керісінше, үлкен башпайынан бастап, кішкентай башпайынан аяқтайды.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста