Туыстардың үйіне айттап бару міндетті ме?

azh.kz
Қазір жұмыстан шыға алмаймыз. Мереке күндері туыстардың үйіне айттап баруға уақыт жоқ. Осы біздерге жақын адамдардың үйіне айттап бару міндет пе, әлде бармай-ақ қойса бола ма?
Берік, Шымкент қаласы
Айт мейрамында әке-шешелерімізге, ауру-науқастарға, туған-туыстарға, достарымызға айттап барып, хал жағдайын білу – үлкен сауапты іс. Алла Тағала Құранда: «Аллаға сыйыныңдар, Оған ештеңе теңестірмеңдер, ата-аналарыңа, туыстарыңа, көршілеріңе, жора-жолдастарыңа, мүсәпірлерге, қол астыңдағыларға жақсылық жасаңдар»,- деп бұйырған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да: «Ата-ана разы болмай, Алла разы болмайды» деген. Сондықтан айт күндері ең бірінші ата-ананы қуантып, ризалығын алу қажет. Алла Елшісі (с.ғ.с): «Ең алдымен Анаңа, Анаңа, Анаңа, содан кейін әкеңе, әкеңнен кейін жақындық дәрежесіне қарай туысыңа жақсылық жаса», - деген. Ендеше бұл күн ата-ананың разылығын алатын күн. Ал ата-аналары бақилық болғандар, айт күні оларға арнап құран оқып, сауабын бағыштайды. «О, Алла, о дүниеде әке-шешемізді жарылқай гөр, оларды тозақ отынан сақтап, жандарын жәннаттан ете гөр!», - дұға жасау керек. 
Жалпы айт күндері туған-туыстарды, көршілерді, дос-жаранды мерекемен құттықтап, дастархан жайып, ұлық мейрамның сәні мен салтанатын арттыру – Ораза айттың өзіне тән жарасымды һәм сауапты амалдарынан. Сондықтан да Құранда: «Ата-анадан кейін туыстарыңа жақсылық жасаңдар», - делінген. Жалпы туыстармен қатынасты үзбей керісінше нығайту, қарайласу – мұсылманның міндеті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім Аллаға сенгеннен кейін туыстарына қарайласпаса, оларға лағнет жаусын», - деген. Сондай-ақ шариғатымыз ғибадат амалдарымыздың қабыл болуына туыстық қатынастың жақсы болуын шарт етіп қойған. Демек әркім қолынан келгенше туыстарымен араласып, оларға жақсылық жасауы керек. Әйтпесе Алла құзырында амалдарымыздың салмағы болмайды. Айт мерекесінде міндетті түрде олармен жүздесіп, аман-саулық сұрасып, сыйласу туыстықты нығайтады әрі мерекеге шырай қосады. 
Діни мерекелерде көршілерімізді де құттықтау мойнымыздағы міндет. Ислам тағлымдарында: «Көршің ауырып қалса, көңiлiн сұра. Қайтыс болса, жаназасына қатыс. Сенен қарыз сұраса, қарыз бер. Қиналса, көмек бер. Жолы болып ырысқа кенелсе, құттықтап қой. Пәлекетке дұшар болса, жұбат. Үйiңнiң шатырын оныкiнен биiк етпе, оның желiне бөгет боласың. Сенiң не пiсiргенiңдi ол бiлмесiн, немесе пiсiргенiңнен оған да бер», - деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көршi ақысы жайында өсиет етiп кеткен. Тіпті бiр хадисте: «Аллаға және ақырет күнiне иман келтiрген адам көршiсiне жақсылық жасасын», - делiнген. Халқымызда: «Алыстағы туыстан, жақындағы көршi артық», - деген нақыл осыдан шықса керек. 
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста