ТҮНГІ НАМАЗДЫҢ КЕДЕРГІЛЕРІ

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Парыз намаздардан кейін намаздың ең абзалы – түнгі (намаз, яғни таһажжүд намазы)». («Сахих Мүслім»)

 Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Түнгі намазды ұдайы оқуларыңды өсиет етемін. Өйткені сендерден бұрыңғы ізгілердің әдеті. Және түнгі намаз әлбетте Алла Тағалаға жақындатады, күнәлардан ұзақтатады, күнәларға кәффарат болады, денедегі дертке шипа болады».

Түнде тұрып құлшылық жасаудың нәпсіге ауыр келуі түнгі намазды ұдайы оқығандардың бақытқа жететіндігінің айқын дәлелі. Сондықтан Сәләфтің ізгілері (Сахабалар, табиғиндер, мәзһаб имамдары, әһли сүннет мүжтәһидтері мен ғалымдары) бұл құрметке ие болу үшін материалдық және рухани кейбір нәрселерге мән беру керектігін ескерткен. Бұл мәселелердің бірі түнгі намазға тұра алу үшін күндіз күнәлардан сақтану керек. Өйткені, күнәлар жүректің қатаюына және Алланың рақымы мен жүректің арасына перделеніп, ұйқы мен рухани шөгуге себеп болады.

Түнін құлшылықпен өткізе алмаған адам Табиғиннің ұлысы Хасан Басриге (рах.) келіп: «Денім сау болса да, түнгі құлшылыққа құлшынысым болса да тұра алмай жүрмін, себебі не екен?» - деп сұрады. Хасан Басри (рах.) «Жасаған күнәларың түнде тұруыңа кедергі» - деп жауап берді.

Бір күні Хасан Басри (рах.) түс мезгілінде базарға шығып халықтың бос әңгіме айтқанын көргенде: «Бұлардың түні қандай жаман! Бұлар (түнгі құлшылықты жеңілдету үшін) «қайлулә» (түскі ұйқы) жасамайды деп ойлаймын» деген сөзімен дініне, дүниесіне пайдасыз әңгіме айтып күнәға кіргеннен ол уақытта ұйықтаудың пайдалы екенін меңзеген.

Адам кигеніне қалай мән берсе жегеніне де солай мән беру керек. Өйткені жүрек асқазанға кірген (харам) азықтың кесірінен Алланың дәргейінен надандық ұйқысына түседі. Бұрыңғы ояу халіне қайтуы қиынға соғады. Өйткені күнәлар, Алланың әмірлеріне қайшы әрекеттің барлығы жүрекке қиындық тудырып, түнгі құлшылыққа кедергі болады. Ал адал ас жүректі тазартып, ғибадатқа құлшынысты арттырады. Сондықтан әулиелер: «Кейбіреулердің бір түйір наны түнгі ғибадатына, кейбіреулердің бір қарауы Құран Кәрім оқуына кедергі болады» - деген.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста