Туберкулезбен ауырған адам ораза ұстаса бола ма?

Туберкулезбен ауырған адам ораза ұстаса бола ма?

Мен құрт ауруына шалдыққан едім. Аллаға шүкір, жазылғаныма бір айдай болды. Дәрігерім «бір жылдай күтінуің керек, әйтпесе, қайта ауырып қалуың мүмкін. Ораза ұстауға болмайды. Өйткені, ашығуғы болмайды», - деді. Бұл жағдайда не істеуім керек? Дәрігерімнің кеңесін тыңдайын ба, әлде ораза ұстайын ба?
Гүлжан, Алматы облысы
Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкері Абдусамат Қасым жауап береді:

–Жаратушы иеміз Алла тағала ауырған адамға ораза тұтпауына рұқсат берген. Бұл жайында өзінің қасиетті сөзінде: «Рамазан айы туғанын көрсеңдер ауыздарыңды бекітіңдер. Ал кімде-кім, сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуына рұқсат), басқа күндері қазасын өтесін. Алла сендерге ауырлық емес, жеңілдік тілейді..!», - деген. Тағы бір аятта: «Өз-өздеріңді қауіп-қатерге итермелемеңдер!», - дейді. Осы және басқа аяттарды негізге ала отырып ғалымдар: «науқас кісінің ораза тұтпауы кейде уәжіп, кейде мубах/рұқсат болады. Егер науқас кісінің ораза ұстауы өлімге алып келер болса, бұл адамның ораза ұстамауы – уәжіп (міндет). Егер ауыз бекітуі сырқатын арттырар болса немесе жазылуын баяулатар болса бұл жағдайда ораза ұстамауына рұқсат» – деген үкімге келген. Сондықтан, «науқасы артады немесе жазылуын тежейді десе, я болмаса, сау бола тұра сырқаттанып қалу қауіпі болса, бұның бәріне анық көзі жететін болса, ораза айында ораза ұстамауына рұқсат» делінген. Ендеше, сіздің жағдайыңызда ораза ұстамауыңызға болады. Тек түбегейлі жазылғаннан кейін және мұсылман әрі сенімді дәрігермен кеңесе отырып осы жылғы ұстамаған оразаның қазасын өтейсіз. Қаза ораза болғандықтан «арасын үзбей ұстау керек» деген талап жоқ. Бұл 30 күн оразаның қазасын өтеу кезінде арасына күн салып ұстасаңыз да болады деген сөз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста