Ассалаумағалейкум! Ораза ұстаған адам тісін жұлдырса немесе тісін емдетсе оразасы бұзыла ма? Өйткені, тісті емдерде ине салады. Және жалпы рамазан айында ине салып емделу оразаны бұза ма?
Қанат, «Алаш айнасының» сайтына түскен сұрақтан.
Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкері Абдусамат Қасым жауап береді:
–Уағалейкумассалам, Қанат! Егер адам ораза кезінде тіс жұлдыртатын болса, онда оның оразасы бұзылмайды. Тіс жұлғаннан кейінгі аққан қанның ішке кетіп қалмауын байқау керек. Егер тісінен аққан қанды жұтып қойған жағдайда тек сол күнгі оразаның қазасын өтейді. Ал «тіс жұлғанда ине салса, ораза бұзыла ма?» дегенге келер болсақ, Имам Юсуф пен Имам Мұхаммәдтің (р.а.) тұжырымы бойынша «денедегі және бастағы «терең жараны» сұйық дәрімен емдесе де, ораза бұзылмайды. Себебі, дәрі ішке (азық секілді) табиғи жолдармен бармағандықтан, ішке түсуі екіталай» дей отырып, ішке бір заттың табиғи жолдардан (ауыз, құлақ, мұрын, тік ішек) басқа жолдармен баруы оразаны бұзбайды деген. Ендеше тіс емдер кезде салынатын ине де, «табиғи емес» жолдармен ішке баратындықтан оразаны бұзбайды деуге негіз бар.
Тіс жұлдыру оразаны бұза ма?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора