Мен оразада қарынның ашқанынан, қатты шөлдеуден қорықпаймын. Бірақ темекі қаныма сіңіп кеткендіктен, оны тастай алмаймын. Осы ретте темекі шегетін кісіге ораза ұстауға бола ма? Ауыз бекітіп, бірақ темекі тарта берсек ораза бұзыла ма?
Ерлан, Атырау облысы
Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкері Абдусамат Қасым жауап береді:
Темекі шегіп жүрген кісіге «ораза ұстама» деп айта алмаймыз. Алайда, аузы берік бола тұра темекі тартқан кісінің оразасы бұзылады. Ол кісі рамазан айын темекі тастауға тамаша мүмкіндік деп біліп, бұл әдетінен арылтуға тырысуы керек. Осы тұрғыда кей қандастарымыз «темекі қанымызға сініп кетті, оны тастай алмаймыз» дегенді алға тартып жатады. Бірақ шын ниет етіп, шылымға жоламауға бел буған адам оңай тастап кететіні күмәнсіз. Өйткені, Алла тағала Құранда «Шынында бір қауым өзін өзгерпейінше Алла оларды өзгертпейді...» - дейді. Яғни, біз боймыздағы жаман әдеттерден арылуға ұмтылмасақ, оның өз-өзінен кетуі екіталай. Ендеше, темекі тартуды әдетке айналдырған кісілер осы рамазанда тақуалыққа бет бұрып, темекіні тастауға ықылас білдірсе, тастау оп-оңай. Себебі, «Кім Алладан корқып сақтанса, оған шығар бір жол пайда болады», - дейді Алла.
Темекі шегетін кісіге ораза ұстауға бола ма?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора