Тағдырына бедеулік жазылған әйел

Мұса ғалейһиссәләмға бір әйел келіп: "Мен үшін Аллаға дұға етіңізші, маған ұрпақ нәсіп етсін" - деп өтініш білдіріпті. Мұса пайғамбар әйелдің өтініші бойынша Аллаға жалбарынып, әйелге перзент сыйлауын Алладан сұрайды. Алла Тағала болса сүйікті пайғамбарына: "Уа, Мұса! Мен ол әйелге бедеулікті жазып қойғанмын" - деп жауап береді.

 

Әйел жауабын білейін деп келгенде, Мұса а.с оған:

 

"Мен Алладан сұрадым. Жаратушы Иеміз маған: «Уа, Мұса! Мен ол әйелге бедеулікті жазып қойғанмын» деді" - дейді.

 

Бір жыл өткеннен кейін әлгі әйел тағы келеді. Тағы да Мұса пайғамбардан Алладан ол үшін перзент сұрауын өтінеді. Мұса пайғамбар қайта Аллаға қол қусырып әлгі әйелге ұрпақ сыйлауын сұрап, жалбарынады.

 

Алайда, Алла Тағаладан тағы да сондай жауап келеді: "Ей, Мұса! Мен ол әйелге бедеулікті жазып қойғанмын".

 

Содан біраз уақыт өткеннен кейін баяғы бедеу әйел қайта келеді. Бірақ, бұл жолы қолында құндақталған бала бар екен. Мұса а.с қолындағы сәбиді көріп:

 

- Мына бала сенде қайдан жүр деп сұрайды.

 

- Ол – Алланың маған сыйлаған перзенті, - деп жауап береді.

 

Мұса а.с таңданып Алла Тағаладан:

 

"Уа, Раббым, Сен ол әйелге бедеулікті жазып қойған едің. Неге перзент сыйладың?" деп сұрапты, себебін білгісі келіп.

 

Сонда Алла Тағала сүйікті пайғамбарына оның себебін былай деп баяндап беріпті:⠀

 

"Мен оған бедеулікті жазған сайын, ол Йә Рахиму! (уа рахым Алла) деді. Мен оған бедеулікті жазған сайын ол Йә Рахиму!-деді. Осылайша менің рахымым, құдіреттілігімді озып кетіп, мен оны перзентпен ризықтандырдым" - деген екен.

 

Дұға:

 

Йә Рахиму! Урзуқнә әз-Зурриятәс Салиха әл-Муъафа. Уа, Рахым Алла! Бізді сау-саламатты, салиқалы ұрпақпен ризықтандыр (нәсіп ет)!

 

oinet.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста