Сумен ұшықтау – сүннет амал ма?

Сумен ұшықтау – сүннет амал ма?

Кейде астан, жиркенішті дүниеден, судан, жағымсыз иістен ұшынып қалатынымыз сөзсіз. Мұндайда адамға ұшық үш түрлі жағдайда әсер етеді дейді дана халқымыз. Біріншісі ерінге жара болып шығу, екіншісі асқазанға жара болып түсу және бас ауырып, лоқсып, дене қызуы көтеріліп әлсіреу, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Жалпы ұшықты медицинада Герпес қоздырғышы деп аталатын жұқпалы ауру дейді.

 

Оның құрамында Herpesviridae тұқымдасына жататын Herpes simplex вирусы бар ДНК. Ең көп тарағаны – 1-тип (ерінге ұшық шығады).

 

Терідегі герпестің асқынуына мыналар себеп болады:

 

Стресс, суық тигізу, жіті респираторлы аурулар, иммунитет жүйесін әлсірететін қандай да болмасын жұқпалы аурулар, жағымсыз тамақ жегенде, жаман иістен тітіркенгенде.

 

Ұшынып ауырған адамға қазақ халқы түрлі ырымдар жасаған. Жер ұшық, ай ұшық, күн ұшық және су ұшық берген. Соның ішінде кең тарағаны жер ұшық пен су ұшық. Бұл екеуінің ішінде медицина сумен ем жасауды қолдайды. Яғни, баланың не адамның ыстығы қатты көтеріліп кетіп жатса табанын, арқасын, қолтығын медициналық спиртпен сылауды міндеттейді.

 

Халық емшілері ыстығы көтеріліп, мазасы қашқан адамға салқын душ қабылдауды не бейқам тұрғанда үстіне мұздай су шашып жіберуді ем етеді.

 

Бұрынғы көнекөздер де ұшынған не ыстығы көтеріліп, дел-сал болған балаға не ересек адамға су ұшық ырымын жасаған.

 

Ол үшін күнталас уақытта, яғни күн толық ұясына кіріп кеткен шақта ауруды құбылаға қаратып отырғызады да «ұшық, ұшық, Алла, бәледен сақтай гөр, көзге көрінер-көрінбес пәледен сақтай гөр» деп жерді үш рет сүйгізіп, үстіне мұздай суды ұрттап барып үш рет бүркиді.

 

Әр су бүркігенде биссимилла су ұшық кеселді сумен алып кет деп айтады.

 

Ыстығы көтерілген ересек адамдарға байқатпай барып мұздай суды ыдыспен шашу ырымы да бар. Бұл ырымның түбі сүннет амалда жатқан секілді көрінеді.

 

Себебі де бар. Пайғамбарымыз Мұхаммет (с.ғ.с.) бастаған қол Қайбар қаласын алған еді. Ол қала сондай бір көкөністің бағы жайнап тұрған қала болатын. Сахабалар әбден арып-ашып келіп, әлгі жемістерді тоя жиді. Сөйтіп, олардың ыстығы көтеріліп ауырады. Бұл хабарды естіген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Бұл ыстық көтеріліп ауру деген тозақтың бір отынан» деп әлгі серіктестеріне ақшам мен құптан намазы арасында мұздай суға түсуге кеңес береді. Сөйтіп барлығы мұздай суға түседі. Содан соң жазылады.

 

Кейін бір сахаба келіп болған жайды айтқан уақытта екі дүние сардары «Адам баласы өзінің асқазанынан артық жаман ыдысты толтырмаған» (Табарани) дейді.

 

Қазақтың су ұшық деп жүргені осы бір сүннет амалға өте жақын іспетті.

 

Анығын Алла ғана білуші. 

 

 

Сәкен АЛДАШБАЕВ,

Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы

Қызылорда қаласы

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста