Сөз таластырмаудың нығметі

Тіл-қатынас құралы. Адам тіл арқылы ойын ашық жеткізіп, басқалармен емін-еркін араласады. Бұл Алла Тағаланың адамға ғана берген үлкен нығметі. Әрі сынағы.

 

Себебі, тілді пайдалану арқылы, адам кейде күнәның тууына да себепші болады. Мәселен, үлкен бір жамандықты жоспарлап, оны басқаларға жеткізу емес. Жәй ғана біреуге ренжіп жаман сөз айтса не біреуді сыртынан ғайбаттаса - мұның өзі күнә.

 

Айтқанымды кім естіп жатыр дейсің деп ойына келгенін сыртқа шығару-мәдениетсіздік әрі мұсылманға жат қылық. Сізді адам баласы естімесе де, мына аятты ұмытпаңыз  Алла Тағала қасиетті Құранда «Қаф» сүресінің 18-аятында: «Ол қандай сөз айтпасын, оның жанында дайын тұрған бақылаушы бар», - дейді. Он күнәнің тоғызы-тілден деген қысқа қайырылған сөз бар. Қысқа айтылса да, ойланып қарасақ біздің көп өкінішіміз орынсыз айтылған, уақытында тыя алмаған сөздерден болып жатады.

 

Кезінде ата-бабаларымыз екі елдің арасын бір ауыз сөзбен ғана татуластырған. Мұның мәнісі неде? Мұның сыры-тілдің, одан шығатын сөздің қадірін білуде. Қазіргідей менің тілім бар деп не болса соны айтпауда. Аузынан жақсы сөз шығатын, айтқан сөзіне жауап бере алатын адамды тыңдай білуде. Сол себепті, тіл бәрінде бар, бірақ сіздің тіліңізден айналаға, қоғамға пайдасынан гөрі зияны көп келсе, үндемеген жөн.

 

Сонымен бірге, сізге айтылған әр сөзге жауап беруге де міндетті емессіз.  Және осы бір жақсы мінезді әдетке айналдырсаңыз, Алланың сізге берер нығметі бар екенін ұмытпаңыз. Ол туралы  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):  «Өзінікі дұрыс бола тұра сөз таластырудан бас тарқан адамға жәннаттың шетінен үй уәде етемін...», - деген.

 

Отты отпен өшіре алмайтыныңыз секілді, сізге ашулы, өзі не айтып тұрғанын білмейтін адамның жаман сөздерін, солай жауап беру арқылы тоқтата алмайсыз. Шынайы мұсылман екеніңізді тек қалыпты жағдайларда ғана емес, осындай нәпсіге ауыр тиетін кездерде де дәлелдейік. Алла Тағала тілімізбен біреуді ренжіткен,көңілін қалдырған кездерімізді кешірсін. Әмин

 

 

 

Саран қалалық мешітінің бас имамы

Саликов Мұхаммедқали қажы Сапарғалиұлы

Ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста