«Кімде-кім науқастың көңілін сұрауға барса, не бауырымен көрісуге барса және де осының бәрін тек Алланың разылығы үшін істесе, онда оған екі хабаршы періште түсіп: «Сен риза бол, сенің жолың игілікті болсын және де Жәннаттан тұрақ табасың!» – деп айтады. (Тирмизи)
Басқа хадистерде аурудың халін білуге шыққан мұсылман қайта келгенше Жәннат бағындағы жемістерді тереді делінген. (Муслим). Сондай-ақ, ол адамның Алланың мейіріміне бөлінетіндігі де меңзеледі. Науқастың көңілін таңертең сұрасаңыз, кешке дейін жетпіс мың періште, кешке барсаңыз, түні бойы жетпіс мың періште сіз үшін дұға етеді! (Тирмизи)