Мен сіздерге бір сұрақ қойғым келеді. Кейде оқушылар, студенттер емтиханға шпаргалкамен кіріп жатады. Бұл қаншалықты дұрыс? Шариғатымыз бойынша емтиханға шпаргалкамен кіру күнә емес пе?
Мадияр.
Емтиханда шпаргалка қолдануға бүгінгі дін мамандары үзілді-кесілді қарсы. Олардың пайымдауынша, ол нәрсе қулық пен айлакерліктің бір түрі. Пайғамбарымыз: «Өтірік алдаған бізден емес», - деген. Шындық қай кезде де мұсылманның негізгі қасиеті болуы тиіс.
Бұнымен қатар, әркім дайындығына сай бағаға ие болуы - әділдік. Уақытысында сабаққа көңіл бөлмей, қызық қуып жүрген студент шпаргалканың арқасында, талапты студентпен тең немесе кейде одан жоғары бағаға қол жеткізуі - оған көрсетілген әділетсіздік болмақ. Алла тағала Құран Кәрімде: «Білгендер мен білмегендер тең бе?», - деп бекер айтпаса керек.
Сондықтан інімізге айтарымыз шпаргалкаға жүгініп, айлакерлікке барғаннан гөрі, барынша емтиханға дайындық жасап, нәтижесін Алладан күткені жөн.