Сегіз сұраққа Құраннан сегіз жауап

1. НЕГЕ МЕН СЫНАҚ КӨРУ КЕРЕКПІН?

ЖАУАП:

ҚҰРАН 39:2-3 (Зүмәр сүресі, 2-3 аят)

*"Адамдар: «Сендік» деумен сыналмай қойып қойылатындарын ойлай ма?*

*Рас олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі*

ҚҰРАН 2:214 (Бақара сүресі, 214-аят)

*"(Мұсылмандар!) Сендерге бұрыңғы өткендердің басына келген сияқты (жағдай) келмей жәннатқа кірулеріңді ойлайсыңдар ма? Оларға, ашаршылық, ауру-науқас келді. Сондай-ақ пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер: "Бізге Алланың жәрдемі қашан болар екен?"- дегенге дейін қиыншылықта тербетіледі. Естеріңде болсын. Негізінде Алланың жәрдемі жақын.

2."НЕГЕ МЕНІҢ ҚАЛАҒАНЫМ БОЛМАЙДЫ?

ЖАУАП:

ҚҰРАН 2:216 (Бақара сүресі, 216-аят)

*"Бір жек көрген нәрселеріңнің сендер үшін қайыры болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Алла Тағала біледі, сендер білмейсіңдер*

3. "НЕГЕ ДӘЛ МЕНІҢ БАСЫМА ОСЫНДАЙ ЖАҒДАЙ ТҮСТІ?

ЖАУАП:

ҚҰРАН 2:286 (Бақара сүресі, 286-аят)

*"Алла Тағала кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді: істеген жақсылығы өз пайдасына да, жамандығы өз зиянына."*

ҚҰРАН 94:5-6 (Шарх сүресі, 5-6 аят)

*"Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар."*

4."МЕН ШАРШАДЫМ"

ЖАУАП:

ҚҰРАН 3:139 (Әли Ғымран сүресі, 139-аят)

*"(Мұсылмандар!) Босамаңдар да қайғармаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар."*

5."МЕН САБЫР САҚТАЙ АЛАР ЕМЕСПІН"

ЖАУАП

ҚҰРАН 3:200 (Әли-Ғымран сүресі, 200 -аят)

*"Әй мүміндер! Әр нәрсеге сабырлы, жауға шыдамды және қорғанысқа дайын болыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар әрине құтыласыңдар."*

ҚҰРАН 2:45 (Бақара сүресі, 45-аят)

*"Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер*

 

6."БҰНЫҢ БӘРІ ҮШІН МАҒАН ҚАНДАЙ САУАП БАР?"

ЖАУАП:

ҚҰРАН 9:111(Әнфал сүресі, 111-аят)

*"Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннаттен айырбастап алды. Олар, Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде Тауратта, Інжілде және Құранда бар. Алладан артық уәдесін кім орындайды. Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар. Міне осы ірі қол жетушілік"*

7. "МАҒАН ЕНДІ КІМ КӨМЕКТЕСЕДІ, КІМ МЕНІ ҚҰТҚАРАДЫ?"

ЖАУАП:

ҚҰРАН 9:129 (Тәубе сүресі, 129-аят)

*«Айт: Маған Алла жетіп асады, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ Ол ұлы ғаршының Раббы"*

8."МЕНІҢ ҮМІТІМ ҮЗІЛУДЕ"

ЖАУАП:

ҚҰРАН 12:87 (Юсып сүресі, 87-аят)

*"...Алланың мәрхаметінен күдер үзбеңдер. Өйткені Алланың рахметінен, қарсы болған қауым ғана күдер үзеді».*

ҚҰРАН 39:53 (Зүмәр сүресі, 53-аят)

*"Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді."* 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста