Шәууәл айындағы 6 күндік оразаны қай күннен бастап ұстау керек?

Ораза айттың бірінші күні ешқандай ораза ұсталмайды. Айттың екінші күнінен бастап нәпіл немесе қаза оразаларды ұстай беруге болады.

Ораза ұстауға тыйым салынатын күндерді атап өтер болсақ:

1. Шәууәл айының бірінші күні, яғни ораза айттың бірінші күні ораза ұстауға тыйым салынады. Екінші күнінен бастап қандай да бір оразаға рұқсат.

2. Зүл Хижжә айының 10, 11, 12 және 13 күндері ораза ұсталмайды. Дәлірек айтқанда Құрбан айттың бірінші күні және одан кейінгі үш күн, яғни тәшриқ күндері.

Әбу Дәуідтің хадистер жинағында келтірілгендей Әзірет Омар (р.а.) айт намазын құтпадан бұрын бастап, одан кейін былай деген екен: «Шынында Алла елшісі мына екі күні ораза ұстаудан тыйды: (Құрбан шалатын күн және Ораза айтының бірінші күні) Өйткені Құрбан айт күні құрбанға шалған малдарыңның етін жейсіңдер. Ал, Ораза айт күні (бірінші күні) – ауыз ашасыңдар».

Тәшриқ күндері ораза ұсталмайды дегенге келер болсақ, сахаба Ұқбә ибн Ъамирдің айтуынша Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Арапа күні, құрбан шалар күні және тәшриқ күндері мұсылман жұртшылығының мейрам күндері боп саналады. Ол күндер – ішіп-жейтін күндер»[1].

ЕСКЕРТУ: «Арапа күні» ораза ұстауға рұқсат берген өзге хадисті де назарға ала отырып, хадисші ғалымдар: «Жоғарыдағы хадистегі «арапа күнгі» тыйым ол қажылық парызын өтеп жатқан кісіге қатысты. Өзгелерге арапа күні ораза ұстау - сауапты», - дейді[2].

islam.kz 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста